Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет328/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

ЖҮРЕК ШУЛАРЫ
Дыбыстардан басқа жүректі тыңдағанда қосымша акустикалық феномендер естіледі,
олар шулар деп аталады. Шудың дыбыстан айырмашылығы ұзақ уақыт естіледі. Жүрек
шулары функциялық (қақпақтардың зақымдалуына байланысты емес) және органикалық
(қақпақтардың анатомиялық өзгерістеріне немесе қарыншалардың, жүрекшелердің
арасындағы перделердің мүкістігіне және жүрек етінің зақымдалуына байланысты) болып
2 топқа бөлінеді.
Органикалық шулардың қақпақтардың, миокардтың зақымдалуына байланысты,
жүрек бетінде ең жақсы естілетін нүктелері болады. Олар тұрақты, денеге күш түскенде
күшейеді, бала жатқанда анығырақ естіледі. Тыныс алғанда өзгермейді, дөрекі тембірлі,
үрлеулі, қыру дыбысты, сарқырамалы болады. Олар систолалық және диастолалық болуы
мүмкін.
Жүрек аймағындағы шулар ең бірінші 2 топқа: жүректегі (кардиальды) және
жүректен тыс (экстракардиальды) болып бөлінеді. Жүректегі (кардиальды) шулар өз реті-
мен органикалық және органикалық емес (функциялық) шулар болып келді. Органикалық
шулар жүрек қақпақтарының әртүрлі зақымдалуына және жүрек перделерінің
кемістіктеріне байланысты болады.
Функциялық шу жүрек ішінде және жүректен тыс жерде естіледі. Жүректен тыс
шулар – систола кезіндегі өкпенің шет бөліктеріне ауа кіргенде пайда болатын
кардиопульмонологиялық шулар. Ол сол жүрекше тұсында естіледі, дем алғанда күшейе
түседі. Ірі тамырлар тұсында, трахео-бронхиальды лимфа түйіндерінің өсуінен, зоб безінің
ұлғаюынан (жемсау), деформацияланған кеуде, плевроперикардиальды тұтасуда
байқалатын қысу әсерінен пайда болатын шуларда осы топқа жатады.
Анемиямен ауыратын балаларда 4-ші және 5-ші тындау нүктелерінде систолалық шу
естуге болады. Ал, ірі тамырлар тұсынан – «зырылдауық шуы» естіледі. Функциялық
жүрек ішіндегі шулар анемияда – қанның құрамына және ағу жылдамдығына байланысты
пайда болады. Капилляр етінің тым әлсіз немесе тым күшті жиырылуынан атониялық
және гипертониялық болуы мүмкін. Функциялық шулар қанды аортаға айдағанда пайда
болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет