Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет395/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Проксимальды өзекшелер
Генле тұзағы және дистальды өзекшелер мен жинаушы
түтікшелер болады.
Бүйрек үздіксіз несеп (зәр) түзеді. 
Шумақтардың әрекеттері – несепті сүзу. Сүзу арқылы алғашқы (провизорлы,
капсулярлы, шумақтық) несеп пайда болады. Шумақтың сүзуші мембранасы 3 қабаттан
258


тұрады: эндотелий, базальды мембрана (БМ) және подацит. Шумақтағы сүзу арқылы су
молекулалары, көптеген иондар, амин қышқылдары, қант және төмен молекулярлы
қосындылар, шамамен метгемоглобиннің 75%, гемоглобиннің 3%, альбумин, соңғы
суының 1% өтеді.
Сүзу процесі шумақ тамырларындағы қанның гидростатикалық қысымы мен қан
ағуының бәсендеуінің айырмашылығына байланысты. Қанның баяу ағуы капиллярлар-
дың диаметрінің әртүрлігіне байланысты қан әкелуші капиллярдің диаметрі неғұрлым енді
де, шығатын капилляр енсіз болады. Плазма белогының коллоидты-осматикалық
қысымның шамасы сынап бағанасы бойынша 25 мм. Гидростатикалық қысымы – 55 мм,
ал проксимальды ирек өзекшелердін ультра-фильтратының қысымы 20 мм-ге жуык, яғни
тиімді сүзілу қысымы – 10 мм. Ол гидростатикалық қысымның көрсеткішінің белоктік-
коллоидты осматикалық (РО) және капсула қабатының арасындағы гидростатикалық
қысымдардың (Рr) қосындысының айырмасына тең. 
Қысымның осы айырмашылығына байланысты қан сүзіледі де, Шумлянский-Баумен
капсуласындағы кеңістікке түседі. Бұл алғашқы несеп. Алғашқы несептің санды және
сапалы құрамы болады, ол қанның құрамына ұқсас келеді. (қант, тұз, су және т. б.), тек қан
түйіршіктері мен белоктар (ірі дисперслі) болмайды.
Жаңа туған сәби мен алғашқы 2 жастағы баланың шумақ фильтрациясы (сүзуі) төмен
болады, ол шумақты аппараттың анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты. Балаларда
шумақтар куб тәріздес эпителиймен қапталған және тек бала 5 жасқа жеткенде ғана,
жалпақ эпителийлер пайда болады. Шумақ фильтрациясының (сүзуінің) және бүйрек қан
ағысының шамасын клиренс - тест арқылы есептейді (тазарылу сынамасы). Ол
клиникаларда кең қолданылады. Эндогенді креатинин клиренсі жаңа туған балада көп
төмен болады, ол 10 мл/мл 1 айда – 28; 3 айда – 37; 6 айда – 55; жастан асқан балаларда
100±20

Оның ең төменгі көрсеткіштері ертеңгісін, ал ең жоғарғы – кешкісін байқалады.
Әртүрлі заттардың клиренсін салыстыру арқылы реабсорбцияланған судың және
басқа заттардың мөлшерін және пайызын, яғни бүйректің өзектік реабсорбциялық
қабылетін, анықтауға болады.
Қалыпты жағдайда судың реабсорбциялану коэффициенті 97-99 % болып келеді.
Қандағы қалдық азоттың мөлшері 20-40 мг % немесе 14,28-18,56 ммоль/л.
Бүйрек қан ағысының шамасы – үлкен кісілерде – 600 мл/мин. Жаңа туылған
балаларда – 120-130 мл/мин; жасқа дейінгі балада – 250-260 мл/мин.
Физиологиялық жағдайда фильтрациядан молекулярлы салмағы 65000–70000-ден
төмен белоктар өтеді. Шумақтық ультрафильтраттың 100 мл-де 10–20 мг белок болады,
оның көп бөлігі проксимальды ирек өзекшелерде қайтадан сорылады (реабсорбциялана-
ды). Баланың тәуліктік несебінде 6-30 мг белок болады (үлкендерде 100-ге дейін жетеді).
Негізінен белоктардың түрі – альбумин, бэта-микроглобулин, трансферин, ірі молекуляр-
лы белоктар (альфа және бета-глобулинге жататын) сау адамның несебінде болмайды.
Реабсорбция және секреция процесстері нефронның дистальды бөліктерінде жүреді,
ол 3 бөлімнен тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет