Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Юкстагломерулярлы аппарат (ЮРА)



Pdf көрінісі
бет394/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Юкстагломерулярлы аппарат (ЮРА).
Бүйрек шумақтарының қан тамырлары
полюсі аймағында ерекше структуралы құрам болады, ол тегіс етті клеткалардың
жиынынан және көптеген секреторлы түйіршіктерден (гранулалардан) тұрады. Бұл
клеткалар юкстагломерулярлы немесе эпителиоидты клеткалар деп аталады. Рениннің
пайда болуы олардың бөлу белсенділігіне байланысты. Көптеген ферменттердің әсер
етуімен рениннен ангиотензин пайда болады, ол күшті вазоконстриктор болып
есептелінеді.
Бүйректің функциялық және морфологиялық бірлігі болып нефрон
есептелінеді
.
Жаңа туған баланың бүйрегінің қыртыс қабатында морфологиялық «жетілмеген»
мальпигий жасушалары көп болады. Бүйрек шумақтарында Шумлянский-Баумен
висцеральды жапырақ қабығы куб тәрізді эпителиймен қапталған, бұл жағдайда
фильтрация (сүзу) процессі қиындайды. Несеп өзекшелері және Генле тұзағы қысқа.
Нефрондардың 20% жуығы және олардың Генле тұзағы кортикальды қабатта орналасады.
Баланың бойымен бірге нефрон да көбейеді. Шумақтар саны азайып,
интерстициальды тіндер өсуі байқалады. 3-4 жасқа дейін шумақтардың диаметрі
кішкентай, капиллярлары солынқы болады.
Шумлянский - Баумен капсуласы ішкі және сыртқы 2 қабаттан тұрады.
 
Бұл екеуінің
ортасында кеңістік қалады. Шумлянский-Баумен капсуласының ішкі бетінің эпителиальды
клеткалары олармен бірігіп кеткен шумақ капиллярларының базилярлы мембраналарымен
және эпителиальды клеткалармен бірге жартылай өткізгіш мембрана (жарғақ) құрайды.
Бұл мембрана арқылы тек қана кіші молекулярлы заттар ғана өте алады. Қан түйіршіктері
өтпейді.
Шумлянский-Баумен капсуласының сыртқы беті нефрон өзекшесіне айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет