Фало тетрадасы (ФТ) Фалло тетрадасы –
оң қарыншаның шығар бөлігінің әртүрлі деңгейдегі тарылуынан, жоғары орналасқан қарыншааралық переденің мүкістігі, кеңейген түбірі қарыншааралық мүкістіктің үстінен салбырап тұратын аортаның декстрапозициясы, оң қарынша миокардының гипертрофиясынан тұратын төрткомпонентті туа болған жүрек ақауы . ФТ таралған цианоздық («көк») ақаулардың арасында жиі кездесетін туа
болған жүрек ақауы. Бұл ақаулардың ФТ 50-75% құрайды. ФТ жиі басқа ақаулармен
қосарланады – жүрекшеаралық переденің мүкістігі (Фалло пентадасы), аортаның
солжақты доғасымен, ашық артериальдық өзекпен, толық емес өкпе венасынің
аномалиялық дренажымен және басқалармен қосарланады.