Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет143/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Клиникалык көрiнiсi
. «Гиповитаминоз» диагнозын қою кейде өте қиын, себебi, әр 
гиповитаминоздың өзiне ғана тән сипаттары жоқ. Мәселен, глоссит РР, В
6
, В
2
, В
12
гиповитаминоздарында, ал фолликулярлық гиперкератоз А, С және т.б. витаминдер 
кемiстiгiнде байқалады. Бұл жағдайларда негiзгi синдромды бөлiп алу керек, анамнез 
талданып, аурудын клиникалық көрiнiсi биохимиялық тексерулер қортындысымен салыс-
тырыған жөн. Мәселен, ангулярлық стоматиттiң көздiң мөлдiр қабатының қанталауымен 
қабаттасуы, ауыз, ерiн кілегей қабатының құрғақтығымен қатар бiлiнуi рибофлавин 
тапшылығында, ал анулярлық стоматиттiң тiл бүршiктерiнiң гипертрофиясымен 
қосарлануы никотин қышқылының кемiстiгiнде байқалады. Ангулярлық стоматиттiң 
гипохромдық анемиямен және қол тырнактарының қасық тәрiздi деформациясымен 
қабаттасуы тағам арқылы темiрдiң жеткiлiксiз түсуiнде байқалады.
Гиповитаминоз А. А витамині жетіспеушілігінің ауыр және ұзақ байқалатын 
түрлерінде тауық көз (гемералогия), яғни, баланың кешкі қара көлеңке кезде көрмеуі 
байқалады. Соқырлық, терінің іріңдеуге бейімділігі, безеулер, шаштың құрғақтығы, 
түссізденуі, тырнақта сызықтары, гипероксалурия, зәрдің қоюлануы, бүйректің 


245 
интерстициальдық реакциясы, нефролитиаз, кератомаляция анықталады. Жиі тұмау, 
пневмония, қайталамалы іріңді отит байқалады. Салмақ қосу мен психимоторлық даму 
іркілісі, апатия, сүйек эпифиздері мен тіс эмалінің түзілу кемістігі байқалады. Қандағы А 
витамин мөлшері 0,7 мкмоль/ л-ден кем.
Емдеу 
үшін баланы дұрыс тамақтандыру керек. Құрамында А витамині жеткілікті 
тағамдық өнімдер: бауыр, жұмыртқа, май, сиыр сүті. Салат, сәбіз, бұршақ, қырыққабақ, 
қызанақ, шырғанақ, көк пияздың құрамында А провитамині көп. А витамині 500 ХБ 
күніне 2 рет ішеді. Ауыр түрлерінде мөлшерін тәуелігіне 2500 ХБ-ке деңгейін көтереді. 
С витамині (аскорбин қышқылы) гиповитаминозы. Сутексіздендіру процессін 
күшейте отырып, организмде тотығу процессін стимулдейді, көптеген ферменттерді 
активтейді. Көмірсулардың алмасуының қалыпты жүруін бауырда және басқа мүшелерде, 
гликогеннің бекуіне көмектесу арқылы, қамтамасыз ететін тирозиннің тотығу С 
витаминінің қатысуымен жүреді. Ішектен глюкозаның сорылуын стимулдейді. Аскорбин 
қышқылы 
бауырдың 
антитоксикалық 
функциясын 
жоғарылатады, 
бауырда 
полипептидтердің бекуін арттырады. С витамині барлық мезенхимальды тканьдерде 
(капиллярлардың эндотериясы, фиброзды ткань, сүйек тканы, шеміршек және т.б.) 
калогеннің қалыпты пайда болуын қамтамасыз етеді деп есептеледі. Кортикостероидтар 
мен катехоламиндердің пайда болуын стимулдейтін болғандықтан, бүйрек үсті безі 
қалыпты қызмет істеу үшін С витамині өте қажет. Аскорбин қышқылы қан жасауға 
қатысады, ол жетіспегенде гипохромды анемия байқалады. С витамині иммундық денелер 
пайда болу үшін де қажет деп есептелінеді. 
Цинга. Тістің қызыл етінің босауы мен қанталауы, шаш түбінің петехийлері, 
эхкимоздар байқалады. Фолликулярлық гиперкератоз (ІІ типі), анемия, бозғылттық, ерін, 
мұрын, құлақ, тырнақ цианозы, табан ісіңкілігі , тістің түсуі, аяқ, әсіресе, табанның ауруы 
байқалады. Гиповитаминоздың жеңіл түрлерінде суыққа сезімталдықтық, ұйқышылдық, 
ашушаңдық, тез шаршау, аяқтардың талуы, жүректің соғуы білінеді. 
Скорбут
.
Ызақорлық, ентігу, тәбеті төмендеу, апатия, анорексия, субфибрилетет, 
субпериостальдық гематомалар, эпифиздің өсуі, рахитке қарағанда, үшкірлеу қабырға 
«таспихтары» байқалады. Аяқтарының алшақтап, қозғалуының шектелуі (жалған сал), 
«құрбақа» кейпіне ұқсау көрініс береді. Гиперстезия пайда болып, қозғалғанда, қол 
тигізгенде ауырсынады. Диафиздер ауырсынады және ісінеді. Темір мен фолаттар 
тапшылығынан анемия дамиды. Үлкен балалардың аяғы құрысады, жаралар ұзақ 
жазылмайды. Егер балада тіс болмаса, қызыл иек қанталамайды, бірақ гингивит болады. 
Аяқта, арқада петехийлер, гематурия, мелена болады. Субфибрилитет, балтырдың ісінуі 
байқалады. Гипотрофия көрініс береді. 
С витаминінің қандағы мөлшері 0,006 г/л-ден аз. А.И. Нестеров бойынша, 
капилярлар резистентігі 15 петехийден көп. Түтікше сүйектердің R-граммасында (тізе 
буынында жақсы білінеді) күнгірттік пайда болады, сүйектің арқауы жұқарып, әйнек 
тәрізденеді, деструкция аумағы, периостальдық кальцификаттар, метафизде көптеген 
сынықтар анықталады. 
С витаминіне бай тағамдар: жаңа көкөністер, жемістер, цитрустар (қара мойыл, 
мүкжидек).
Емі.
Күніне аскорбин қышқылы 200-300 мг беріледі. Алғашқы күндері 100- 150 мг-
нан парентеральды жолмен беруге болады. 
Д витамині
.
Д витаминінің бірнеше түрлері (Д
2
, Д
3
, Д
4
, Д
5
) бар. Практикалық 
жағдайда Д
2
, (эргокальциферол) және Д
3
(холекальциферол) ғана қолданылады. Бала 
организмінің өзінің Д витаминін түзу қабілеті болғанмен, ол негізінен тамақпен 
қабылданады. Провитамин (эргостерол) және Д витамині тамақпен ішекке түсіп, 12-елі 
немесе ащы ішектің жоғарғы бөлігінде сорылады. Өт тұздарының араласуымен, олар 
эстерификацияланып, Д витамині майлы қышқылдармен бірге хиломикрон түрінде соры-
лады. Д витаминінің сорылуы ішек-қарынның жолдарының перистальтикасы арытатын 
ауруларда және өт қышқылдары жетіспегенде бұзылып, Д гиповитаминозы дамиды. 


246 
Д
3
витамині сорылғаннан кейін, бауырдың қақпа венасының жүйесіне түсіп, гепа-
тоциттің микросомында оттектің және пиримидиндік нуклеотидтердің қатысуымен, 
гидроксилазының әсерінен гидроксихолекальциферолға (25-ОН-Д
3
) айналады. Бұл мета-
болиттің активтілігі Д витаминіне қарағанда сүйекке кальцификациялану әсері бойынша 
1,5 есе, ішекте кальцийдің сорылуына әсері бойынша 500 есе артық болып келеді. Мета-
болизмнің бұл сатысы клиницистер үшін өте маңызды болып келеді, өйткені ол бауырдың 
созылмалы ауруларында пайда болатын остеопорозды, рахиттың жедел дамуын, рахит-
тың, бауыры толық жетілмеген шала туылған балалардағы емге беріктігін түсіндіре алады. 
Одан әрі Д
3
витамині бүйрек клеткаларының митохондрияларында НАДФ, цитхром 
оттегісі Р-450 және флазопротеминдердің қатысуымен альфа-гидроксилазының әсерімен 
25-ОН-Д
3
-тен 1,25 гидроксихолекальциферолға (24,25-ОН-Д
3
) ауысады. Бұл құрылымдар 
гормон тәрізді әсер етеді. 1,25-гидроксихолекальциферолдың ішектен кальцийдің 
сорылуына әсерінің активтілігі Д витаминінен 10000 есе артық. Оның пайда болуының 
бұзылуы созылмалы бүйрек ауруларында байқалатын қанқа сүйегінің бұзылыстарына 
әкеліп соқтырады. Д
3
витамині және оның активті метаболиттері 12-елі ішектің дистальды 
бөлігінде тамақтық ботқадан кальцийдің сорылуын қамтамасыз етеді. Кальцийдің 
сорылуы энергия жоюмен жүреді. Д
3
витамині және оның активті метаболиттері 
кальцийді тасылмалдайтын альфа-глобулин тобына жататын белоктың түзілуін 
стимуляциялайды. Кальций байланыстырушы белоктың пайда болуы кальцийдің қанға 
түсуін қамтамасыз етеді. Кальций байланыстырушы белоктың түзілуі қандағы кальцийдің 
мөлшеріне байланысты деп есептелінеді. Д витамині жетіспегенде, рахит дамиды. 
Д витамині аздап жұмыртқаның сарысында, уылдырықта, сары майда болады. 
Бауырда, балық, әсіресе треска майында, ит балықтың бауырында көп мөлшерде болады. 
Д витаминінің активтілігі халықаралық бірлікпен (ХБ) есептелінеді. I ХБ 0,000025 мг 
(0,02 мкг) химиялық таза Д витаминін құрайды. Өсімдік тағамдарында Д витамині 
болмайды. Д витаминінің негізгі бөлігі теріде ультракүлгін сәуленің әсерімен 
холестериннен пайда болады. Адам организмі үшін Д

витамині активтілі болып келеді. 
Д витаминін көп бергенде гипервитаминоз дамиды. Ол тәбетінің төмендеуі, кейде 
анорексия, терісінің сарғыш тартуы, дене салмағын қосуының төмендеуі, еңбегінің ерте 
жабылуы сияқты белгілермен анықталады. Қанда 2,7 ммоль/литрден артық 
гиперкальцемия байқалады. Жүрек тамыр және зәр шығару жүйелері зақымдалуы мүмкін. 
Сонымен қатар, кальцийдің сүйекте ғана емес, жүректің бұлшық еттерінде, бүйректе және 
т.б. мүшелерде тұнып, тастар пайда болғаны анықталады. 
К витамині. К витаминінің 3 тобы белгілі: өсімдіктен алынған К витамині (2-метил-3-
фитил-1,4-нафтохинон), шіріген балықтан алынатын және ішек микрофлорасы шығара-
тын К
2
витамині (2-метил-3-дифарнезил-1,4-нафтохинон), синтезделіп шығарылған К
3
витамині (2-метил-1,4-нафтохинонның бисульфитті шығындысы). К және К
2
витаминдері 
майда ериді, ал К
3
витамині суда еритіндерге жатады. 
К витамині антигеморрагиялық витамин деп аталады, өйткені ол қан ұйыту, 
жүйесінің кейбір факторларының (протромбин және конвертин) бауырда пайда болуын 
стимулдейді. 
К витаминіне организмнің мұқтаждығы, ол ішек микрофлорасының жұмысының 
нәтижесінде де пайда болатын болғандықтан, толық анықталмаған. 
К витамині жетіспеушілігінде кілегей қабықтарынан қан кетіп, теріге қан құйылып 
геморрагиялық диатездің клиникалық белгілері пайда болады. Жаңа туылған балаларда К 
витаминінің физиологиялық жетіспеушілігі байқалады, үйткені ішек микробтарының 
әрекеттері бірінші аптада қалыптасып, К витаминін синтездей бастайды. Бұндай жағдайда 
жаңа туылған нәрестелердің геморрагиялық ауруы дамиды. 
Е витамині (токоферол). Альфа токоферолдың активтілігі артығырақ болады. Е 
витаминінің антиоксиданттық әсері күшті болып келеді. Осыған байланысты Е витамині, 
әртүрлі ауруларда, күйзеліс жағдайларда, клеткалық мембраналарды қорғап, бұзылуына 
жол бермейді. Е витаминінің қорын ұрық жүктіліктің соңғы 2 айында жинайды, 


247 
сондықтан шала туылған балаларда токоферолдың қоры өте аз болады. Көк өсімдіктер Е 
витаминіне бай болып келеді. Сонымен қатар, Е витамині етте, бауырда, жұмыртқаның 
сарысында, майда, сүтте болады. Е витамині ішекте толық сіңірілуі үшін өт қышқылдары 
жеткілікті болу керек. Бұл витаминің тапшы болуы қазіргі кезде жаңа туған нәрестелердің 
тыныс бұзылу синдромдарында байқалады деп есептеліп, оларға осы витаминнің 
препараттарын тағайындау ұсынылады. 
В
1
витамині (тиамин). Тамақпен организмге түскеннен кейін фосфор қышқылымен 
қосылып, пирожүзім және кетоглутар қышқылдарының тотығып декарбоксилденуіне 
қатысатын, кокарбоксилоза коферментіне айналады. Кокарбоксилазаның организмде 
жетіспеуі, пирожүзім қышқылының ыдырауын (СО
2
және Н
2
О) тоқтатады да, әртүрлі 
бұзылыстардың, әсіресе нерв жүйесінің, себебі болады. В
1
витаминінің келесі кофермент-
тік түрі (тиамидиндифосфат), соңғы құрамы нуклеин қышқылының синтезделуіне қажет 
рибоза болып келетін, көмірсулардың ыдырауының пентозофосфатты жолына қатысатын 
фермент транскетолазаның құрамына кіреді. 
В
1
, витамині қоздырғыш импульсті нервтен орындаушы мүшеге жеткізуге қатысады: 
холинэстеразаны зорлау арқылы ацетилхолиннің әсерін күшейтеді. Сонымен қатар, 
симпатиндердің, яғни нерв жүйесінің симпатикалық бөлімінің қоздыру импульсін 
берушілердің, әрекетін арттырады. В
1
витамині қышқылды ортада бұзылмайды, бірақ 
нейтральды ортада қайнатқанда активтігін тез жояды. Бұл қасиеттерін тамақты пісіргенде 
ескеру керек. Дәнді дақылдардың қабығының астында және ұрығында орналасады, 
сондықтан, дәнді тазалағанда оның көбі кебегіне кетіп қалады. В
1
, витамині ішек 
микрофлораларымен де синтезделеді. 
Емшек жасыдағы балаларда тиаминнің қоры өте аз болады, сондықтан оның көбін 
тамақпен қабылдауы керек. Егер анасының организмінде В
1
витамині жетіспейтін болса, 
баласында тез арада В
1
витаминінің жетіспеушілігі пайда болады. Себебі, ана сүтінде 
сиыр сүтіне қарағанда, В
1
, витамині аз болады. 
В
1
гиповитаминозы тамақ құрамында аз болғанда, асқазан сөлінісі төмендейтін 
ауруларда, ұзаққа созылатын іші өтуде, ішек микрофлорасына әсер етіп, В
1
витаминінің 
синтезін тежейтін сульфаниламидтер мен антибиотиктерді (эндогенді гиповитаминоз) 
қолданғанда байқалады. В

гиповитаминозының клиникалық белгілері жан-жақты болады: 
енжарлық, тәбеттің төмендеуі, құсу, диспепсия, гипотрофия, терісі мрамор тәрізденеді. 
Сонымен қатар, В
1
гиповитаминозында рефлекстер жойылып (тізе, табан бейнелістері), 
афония пайда болуы мүмкін. Жүректің мөлшері үлкейіп, тахикардия байқалады. 
Ертеректе суреттелгендей В

витамині жетіспеушілігінің ауыр клиникалық көріністері 
(Бери-Бери ауруы) қазір байқалмайды.
В
1
витаминіне дәндер, сүт, бүйрек, жұмыртқа сарысы, жаңғақ, бұршақ тұқымдастар, 
шошқа және бұзау еттері, қара нан және т.б. бай келеді.
Емі.
Емдәммен қатар, В
1
витамині 5-10 мг-нан күніне 2 рет тағайындалады. 
В
2
витамині (рибофлавин). Организмде аденинмен нуклеотидпен қосылып, нуклеин 
қышқылының алмасуында маңызды орын алатын флавинадениндинуклеотидке айналады. 
Рибофлавин аралық зат алмасуда субстраттан акцепторларға сутек тасымалдаушы ролін 
атқарады. Сонымен қатар, рибофлавин амин қышқылдарының тотығып дезаминдеуіне 
қатысады деп есептелінеді. 
Рибофлавиннің алмасуы тамақ құрамындағы белоктың мөлшеріне байланысты. 
Белок аз болғанда рибофлавин тіндерде ұсталмай организмнен шығып кетеді. В
2
витамині 
қышқыл ортада берік болады, бірақ сілтілі ортада және жарықтың әсерінен тез бұзылады. 
Бұл витаминге қызыл немесе сары түсті өсімдік тағамдары және ашытқылар өте бай 
болады. Сонымен қатар, ішек микрофлорасымен де синтезделеді. 
Рибофлавин жетіспегенде біртіндеп глоссит пайда болады. Тіс фуксин-қызыл 
түстенеді. Еріннің кілегей қабығы көбейіп, жарылады (кейлоз), түлейді. Ауыз бұрыштары 
жарылып, оның айналасындағы терісінің кішкене аймағы суланады. Ауыз бұрышында 
жара (стоматит) пайда болады. Еріннің, ауыз-мұрын қатпарында, мұрын ұшында, 


248 
қабығының үстінде, құлақтың қалқанында себорейлі дерматит пайда болады. Сонымен 
қатар, конъюктивит (мүйізді қабықтың айналасының қызаруы) байқалады. Жедел пайда 
болған арибофлавинозда талып, бала есінен айырылуы мүмкін. 
В
2
витаминге ащытқы, бауыр, жұмыртқа сарысы, арахис, ірімшік, сүзбе, айран, 
скумбрия, нәлім, ет, бұршақ, жапырақты көкөністер бай болып келеді. 
В
2
витамині 0,005 -0,01 г-нан 2 рет, ауыр түрлерінде 20 мг-нан күніне 3 рет береді. 
В
3
витамині (нацин, никотин қышқылы, РР витамині). Организмде аденил 
қышқылымен қосылып НАД, одан кейін фосфор қышқылының қалдығын қосып алса, 
НАДФ-ға айналады. НАД (никотинамидтің аденил қышқылының қалдығымен 
қосындысы) тотығушы қосындыларын электрондар мен сутекті бөліп, оларды, негізгі 
функциясы организмді энергиямен қамтамасыз ету болып келетін, биологиялық тотығу 
тізбегіне береді. Коферменттің келесі түрі – НАДФ тотығушы құрылымдардан 
электрондар мен сутекті бөліп, көптеген тотықсыздандыратын биосинтездік реакцияларға, 
атап айтқанда, май қышқылдарын, стероидтық гормондарды синтездеуге, тотықсыздану 
жолымен қайта аминдеу арқылы амин қышқылдарының пайда болуына, арналған сутек 
пен электрондардың көзі болып табылады. 
Ниацин өсімдік және мал тағамдарының құрамында көп мөлшерде кездеседі. 
Никотин қышқылы ең көп мөлшерде саңырау кұлақта, ашытқыларда, бауырда, етте, сүтте, 
балықта және басқа тағамдарда байқалады. Жүгеріде және басқа дәнді дақылдарда РР 
витамині байланысқан түрі ниацитин күйінде болады. Ол асқазан сөлінің әсерінен 
ыдырамайды, сорылмайды. Ал, сілтілерде ниацитин ыдырап, қорытылады. Никотин 
қышқылы жетіспегенде, пеллагра пайда болады, сондықтан, бұл РР витамині (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет