Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет166/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Дезинтоксикациялық ем.
Жүргізілу мақсаты: а) уларды (токсиндерді) сорып алып, 
организмнен шығару; б) су-электролитті алмасудың және қышқылды-сілтілі жағдайдың 
бұзылыстарын қалыптастыру; в) тиісті су мөлшерімен жоғарлаған энергия алмасуын 
қамтамасыз ету; г) қанның реологиялық қаситетін жақсарту.
Дезинтоксикациялық ем дегеніміз тездетілген (форсирлеген) диурезді қамтитын 
инфузиялық ем. Жедел пневмонияда инфузиялық ем көрсеткіштері: а). Науқастың 
комалық немесе сопроздық жағдайы; б). Антипириталық емге көнбейтін тұрақты 
гипертермия; в). Науқаста сусыздануға және электролиттік бұзылыстарға әкелетін бой 


282 
бермейтін (тоқтамайтын) құсу мен ішек салдануы байқалуы; г). Айқын инфекциялық 
токсикоз байқалатын пневмонияның деструктивті түрлері; д). Тамақ ішуге бола бермейтін 
диспепсиялық белгілердің болуы.
Жедел пневмонияларда сұйықтықтың жалпы мөлшері өмірлік мұқтаждыққа сәйкес 
келеді, қажет болған жағдайда патологиялық жойылу қосылады. Көктамырға енгізілетін 
сұйықтық көлемі науқастың іше алу мүмкіндігіне, диурезге, дене қызуына, ентігудің бар- 
жоқтығына және т.б. байланысты анықталады. Әдетте инфузиялық жолмен енгізілетін 
сұйықтық мөлшері 30-60мл/кг/тәуліктен аспайды, басқасын ішкізу керек. Коллоидтармен 
глюкозаның қатыныасы 1:2, старттық ертінділер Реополиглюкин, Рефартан, 10, 20% 
Альбумин (5-10 мл/кг) болады. Зәр жүргізу үшін салуретиктер (Лазикс) 1-3 мг/кг есебінен 
қолданылады. Жеделдетілген диурез міндетті түрде сағат сайынғы зәр мөлшерін, несеп 
қабына түтікше қойып, анықтауды талап етеді. Жеделдетілген диурез үш бағытта 
(регидратация, нормагидратация, дегидратация) жүргізіледі. 
Соңғы кезде көптеген қаламгерлер пневмонияда инфузиялық емді мүмкіндігінше 
қолданбаған жөн екенін атап көрсетіп отыр. 
Деструктивті пневмонияларда енжар (пассивті) иммунизация ретінде гипериммунды 
антистафилококкты плазма, антистафилококкты гаммаглобулин қолданылады. Нативті 
стафилококкты анатоксинмен активті иммунизация жүргізу тиімді болып есептеледі. 
Физиоем.
Инфекциялық интоксикация, тыныс және жүрек жетіспеушіліктерінің 
белгілері, гипертермия жойылғаннан кейін электрофизиоемді қосуға болады: 
шағынтолқынды ем, индуктоем, УЖЖ. Біреуі қолданылған кейін мерзімінде келесімен 
ауыстырып отыру керек: дәрілік электрофорез (никотин қышқылы, аскорбин қышқылы 
күкірт қышқылды магний).
7. СОЗЫЛМАЛЫ БРОНХ-ӨКПЕ АУРУЛАРЫ 
7.1. СОЗЫЛМАЛЫ БРОНХИТ 
Алғашқы созылмалы бронхит (СБ) – 
ересектерге тән, соларға ұқсас СБ балаларда 
өте сирек кездеседі. Балаларға СБ жеке ауру ретінде тек созылмалы пневмония, 
муковисцидоз, цилиарлы дискинезия және басқа аурулар жоқ екендігіне толық көз 
жеткізгеннен кейін ғана, қойылады. 
Екіншілік созылмалы бронхит 
диагнозы жоғарыда көрсетілген белгілер бронхөкпе 
жүйесінің созылмалы аурулары бар науқаста байқалғанда, қойылады.
Облитерация байқалатын созылмалы бронхиолит – жедел бронхиолиттің жағымсыз 
болжамы. 
Алғашқы СБ диагностикалық шектері келесілер:

қақырықты жөтел; 

3 ай бойына және оданда ұзақ 
тұрақты сырылдар естілуі; 

соңғы екі жылда үш және оданда 
жиі өршудің болуы; 

жоғарыда көрсетілген аруыдың 
жоқ екенін көз жеткізу; 


283 

бронх қабырғасында созылмалы 
процесстің бар екенін морфологиялық тұрғыдан дәлелдеу. 
Облитерация байқалатын созылмалы бронхиолиттің клиникалық көрінісі – оның 
таралу деңгейіне (толық (тотальды) біржақты – Мак-Леод синдромы), біржақты ошақты, 
екіжақты ошақты, бөлікті).
Бронхообструктивті синдром тән. Сыртқы тыныс функциясын (СТФ) тексеру 
кеудеішілік және өкпенің қалдықты көлемінің жастық бөлігін және бронх өткізгіштігінің 
бұзылғанын 
анықтайды. 
Бұл 
функциялық 
бұзылыстар 
зақымдалу 
көлеміне 
пропорциональды болып келеді. Жөтел қайталап білінеді, азөнімді, ылғалды, 
аускульацияда зақымдалған ошақтың үстінде әлсіреген дыбыс фонында ұсақ көпіршікті 
ылғалды сырылдар естіледі. Олар сол жерде тұрақты естіледі немесе ЖРА байқалғанда 
сол бір жерде пайда болады. Бұл жағдай пневмониямен ажыратуды қиындатады.
Тыныс жетіспеушілігі және өкпе-жүрегінің (corpulmonum) белгілері екі жақты 
немесе біржақты тотальды зақымдалуда пайда болады.
Емі. Алғашқы СБ өршу кезіндегі емі жедел бронхиттің емідей болады. Ремиссия 
кезінде қайталама бронхитпен ауырған балалаға ұсынған бірдей шаралар жүргізіледі.
Сатылы ем қажет (аурухана – қалыптастыру (реабилитация) бөлімшесі – емхана – 
шипажай) және диспансерлік бақылау.Облитерация байқалатын созылмалы брохиолиттің 
өршу кезінде метиксантиннің ұзартылған (пролонгирленген) түрлері (теопек – 5-10 мг/кг 
тәуелігіне), адреномиметиктер және холинолитиктер (оң фармокологиялық сынамада), 
муколитикалық ем, кеуде қуысына массаж тағайындалады. Қажет болса, сеуіп анықтаған 
флораның түрлерін, сезімталдығын ескере отырып, антибиотиктер тағайындалады. 
Эхографияда өкпе гипертензиясы белгілері анықталған жағдайда кардиотроптық ем, шеткі 
вазодилататорлармен (фентоламин 2-3 мг/кг, коринфар 5 мг күніне 3 рет 3-4 апта бойына), 
климаттық ем, жиі ауыратын балаларға тиісті жоба бойынша ем тағайындалады. Жасы өсе 
келе біржақты ошақты және сегментарлық зақымдалуларда жағдайлары жақсарады. Ауыр 
түрлерінде тыныс жетіспеушілігідей түсіп, өкпе гипертензиясы дамиды.
7.2. МУКОВИСЦИДОЗ 
Термин латын сөзі «mucus» шырышқа байланысты, «viscidus» – тұтқыр деген 
сөздерінен шыққан.
Муковисцидоз – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет