Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет168/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Эндоскопия: 
бронхоскопияда катаральды немесе iрiңдi-катаральды немесе іріңді
эндобронхит анықталады. 
Бронх шайындысының цитоморфологиясы: 
нейтрофильдер басым болып келеді. 
Анықталатын флора ішінде алтынды стафилакокк, гемофильдiк немесе көкiрiң таяқшасы 
себіліп анықталады. 
Диагноз қойылу шарттары
: созылмалы бронх-өкпелік процесс; айқын ішектік 
синдром; терде хлоридтер мөлшерінің артуы (хлоридтердің 60 ммоль/л, натрийдің 70 
ммоль/л-ден артық болуы) – муковисцидоздың абсолюттік дәлелі болып келеді. 
Хлоридтердің концентрациясы 40-60 ммоль/л болса, динамикалық байқау және терілік 
сынақты бірнеше рет қайта жүргізу қажет. Мұндайда ДНҚ-талдауы және жүргізілуі тиіс. 
Муковисцидозға күдік тудыратын белгілер: меконийлік бітеліс, нәжістің ұзаққа 
созылған бұзылыстары (тәбеті қалыпты кезде), тік ішектің «түсуі», созылмалы 
панкреатит; созылыңқы пневмонияның ұстамалы жөтелі, ателектаздың байқалуы; 
созылмалы бронх-өкпе аурулары, бауыр циррозы, жасөспірімдер қант диабеті. 
Емi.
Мақсаты қиын, шығындармен байланысты: моральдық, физикалық және 
материальдык.
Науқасқа 3 ай сайын 1 рет 
бақылау тексерiсi жүргiзiлуi тиiс: 
антропометрия, сыртқы 
тыныс қабылетi; қан және зәр сынағы; копрограмма; қақырықты микробиологиялық 
зерттеу, оның антибиотиктерге сезiмталдығын анықтау; 
Ем мақсаттары: 
-
бронхтар бұтағын тұтқыр iрiңдi қақырықтан тазарту; 
-
тыныс жолдарының бактериальдық инфекциясымен күрес;
-
жақсы нутритивтi статусты қолдау; 
-
психоэмоциональдық бейiмделу; 
Ингаляциялық ем және физиоем: 
ингаляциялық дәрiлер – 0,9 % NаСI ерiтiндiсi; 5% 
ацетилцистеин қышқылы; холинолитиктер; ДНҚ-аза, β-агонистер; Nа хромгликаты 
(гиперреактивтiлiк пен аллергияда); ГКС (аллергия мен созылмалы обструкцияда), 
амилорид.
Алдын алу шаралары. 
Көкжөтелге қарсы егу. Тұрмыс жайына гипоаллергия. Пассивтi 
темекi тартуды шектеу. 


286 
Антибиотиктер. А
уық-ауық немесе тұрақты ішкізіледі. Амбулаторияда немесе 
ауруханалық жағдайда емнiң баспалдақ түрiнде жүргiзiлуiне сай қанға жіберіледі. 
ГКС тағайындау көрсеткіштері:
• айқын бронхообструктивті синдроммен білінетін жедел инфекция; 

аллергиялық көрініспен байқалатын өкпелік аспергиллез; 

созылмалы көкіріңді таяқша инфекциясының прогредиентті ағымы және әдепкі 
емнен әсер болмауы; 

бауыр циррозының бауыр паренхимасындағы активтілігі; 

алғашқы айлық балада тиылмайтын, бронхообструкцияның сақталуымен 
жүретін, бронх-өкпелік ауру

үдемелі гипотрофия (тағамның каллориялық мөлшері жеткілікті болса да, 
ферменттермен реттелмеуі). 
Оттегімен ұзақ емдеу; 
Асқазан-ішек жолдары бұзылыстарын реттеу
: Диета калоражы жасына тиісті 
мөлшерден 130-150% артық болады. Жалпы калораждың 40%-ы майлар есебінен беріледі. 
Орнын толтыру микросфералық қышқылға қарсы ораммен панцитрат, креон, панкреаза, 
пролипаза және т.б. сияқты ферменттермен жүргізіледі. Балмұздақ, кілегей, қаймақ, бал, 
қымыз және т.б. түрінде емдәмдік қоспалар беріледі. Витаминдер (поли-, А, Е, К) 
минералдық қоспалармен қосылып беріледі.
Нутривтік статустың динамикасы оң болмаған жағдайда (гипотрофияда): Н
2
-
рецепторлар антагонистері (фамотидин, ранитидин), простагландин аналогтары 
(мисопростол), арнай тағамдық заттар тағайындалады. Тағамның белоктық құрамы
биологиялық құндылығы жоғары сүт белоктары есебінен толықтырылады. Тағамның 
майлық құрамына баса көңіл аударылады: негізінен ортатізбекті триглицеридтер мен (60-
70%) өсімдік майлары қолданылады. Көмірсулар компонентінде басты орында глюкоза 
полимерлері, глюкоза, фруктоза және сахарозамен қамтамасыз етіледі. 
Теофиллин көрсеткіштерінің болуына сәйкес қолданылады. Диуретиктер: Бауыр 
циррозы 
дамыған 
науқастарға 
қажет 
(спиролактондар, 
гиперальдостеронизм 
болғандықтан), ұзақ және тұрақты қолданылады. 
Аңқаны сауықтыру: полипэктомия және бөлекше этмоидэктомия (мұрындық тынысы 
бұзылғанда). 
Созылмалы гепатопатия: гептрал (адеметионин) қанға жіберіледі немесе ішкізіледі; 
урсодезоксихоль қышқылы тағайындалады. 
Қант диабеті анықталғанда емдәм, инсулин, басқа дәрі-дәрмектер тағайындалады. 
Эфференттік ем.
Ұзақ созылмалы процессте бактериальдық токсиндер жиналады. 
Бұлар өкпе деструкциясына әкеледі. Осы себепті плазмафарез, ибупрофен қолданылады.
Диуретик амилорид (ингаляция арқылы) тыныс эпителийі жасушаларындағы иондық 
тасымалды реттеп, секреттің тұқырлығын азайтады. 
Адам ДНҚ-азасы (ингаляция арқылы) қақырықтың реологиялық қабылетін 
жақсартады.
 
Болжамы 
онша жағымды емес. Ресейде орташа өмір ұзақтығы 16 жылдан аспайды 
(Н.И. Капронов, 1995 ж). 
Алдын алу.
Муковисцидоз диагнозын мерзімінде қою үшін пробандтар отбасын 
мұқият тексеріп, осы кеселмен ауру балаларды бақылау, пренатальдық кезеңнен бастап 
диагноз қою мәселесіне көңіл аудару керек 
(103 сурет).
Меконийде альбумин деңгейін анықтау.
Нәресте қанының құрғақ дағында иммунореактивті
трипсин концентрациясын тексеру
Жауап теріс (–)
Жауап оң (+)


287 
103 сурет. 
Нәрестелер мен сәбилерде Муковисцидоз диагнозын ерте қою алгоритмі 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет