Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет193/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Этиология.
ДА жиі шақыратын пенициллин, сирек басқа топ пенициллин 
антибиотиктері, цефалоспориндер, тетрациклиндер, сульфаниламид, антигистаминді 
препараттар, тиамин (В

витамин), гормональді препараттар (АКТГ, инсулин және т.б.), 
лизоцим, салицилат, иодид болып келеді. 
Бейімдеуші фактор. Әдебиеттердегі деректер бойынша ДА. 25-30%-да – атопиялық 
диатезбен, тек 0,5%-да онсыз жүреді. 
Патогенезі.
Джелл мен Кумбс бойынша барлық типті аллергиялық реакция ДА 
патогенетикалық негізі болады.
Дәрілер түсуіне жедел аллергиялық реакция І типті әсермен – реагиндермен (IgE) 
көрінеді. 
Дәрі қабылдаған соң, 72 сағат дамитын жеделдеу реакция жиі ІІ типті әсермен 
жүреді; IgG және IgM, комплексті антигендерге (дәрілік гаптен + тін белогі) әсеріне 
негізделген. 
Содан кейін ІІІ типті әсерге негізделген дәрілік аллергияның созылынқы түрі дамиды 
(иммунды комплекстер). Жеделдеу және созылыңқы реакция генезінде иеленуші рөлді 
реагиндер (IgE) атқаруы да мүмкін. 
Диагноз.
Тиянақты жиналған анамнездің маңызы өте зор. Иммундық жауаптың 
әртүрлі болуы, белгілі антигендердің болмауы (дәрінің организмде метаболитикалық 
өзгерістеріне байланысты) диагностикалық тесттер қолдануды тиімсіз етеді. Терілік 
сынама жасау науқас үшін қауіпті. 
Лабораториялық тесттерге жатады: пенициллинге, ко-тримоксазолға, миорелаксант-
қа, инсулинге арнамалы IgE-антиденені (РАСТ) анықтау; арнамалы IgG және IgM 
анықтау; лимфоцит бласттрансформациясы реакциясын; дәрілік заттар әсерінен белсенген 
семіз жасушалардан босанған триптазаны анықтау. 
Тері сынамасы мен лабораториялық зерттеулердің қорытындысы оң болуы 
науқастың қауіп тобына жатуын дәлелдейді, бірақ теріс нәтиже дәріге клиникалық 
реакцияның болуын жоққа шығара алмайды.
Клиникалық көрінісі.
Жиі көрінетін белгілері: 


320 

жалпы аллергиялық реакция (анафилактикалық шок, көп түрлі экссудативті эритема, 
буллезді эпидермолиз, эридермальді некролиз); 

әртүрлі терілік зақымдалулар (есекжем, контактілі дерматит, фиксирленген экзема 
және т.б.); 

ауыз, тіл, көз, ерін кілегей қабаттарының зақымдалуы (стоматит, гингивит, глоссит, 
хейлит); 

асқорыту жолының патологиясы (гастрит, гастроэнтерит). 
Сирек ДА гаптенді грануллоцитопения және тромбоцитопения, геморрагиялық 
анемия, респираторлы аллергоздар (БД ұстамасы, дауыс байламы (дауыс желбезегі) 
астылық ларингит, эозинофильді өкпелік инфильтрат, аллергиялық альвеолит) түрінде 
көрінеді. Кейде ДА миокардит, нефропатия, жүйелі васкулит, түйінді периартерит және 
жүйелі қызыл жегі себебі болуы мүмкін. Көптүрлі экссудативті эритема – әртүрлі 
формадағы эритематозды дақты папуллезді тері бөртпелері. Стивенс-Джонсон синдромы, 
көпформалы экссудативті эритеманың ауыр ағымды, кейде фатальді варианты болып 
табылады. Көпформалы экссудативті эритема жеңіл, қайтымды тері бөртпелермен (сақина 
тәрізді, сұр гепиремияланған жиекті, ортасында везикулезді «кокарда тәрізді» дақ) 
білінеді, кейде кілегей қабаттардың везикулезді және буллезді зақымдануына, 
конъюктива, бауыр, бүйрек, өкпе зақымдануына дейін өршуі мүмкін.
Ауыр ағымында (Стивенс-Джонсон синдромы) жедел басталып, қызбамен жүреді, 
бірнеше күннен екі, үш аптаға созылады. Тамақта ауырсыну, кілегей қабаттарда гипере-
мия мен ауырсыну, конъюктивит, гиперсаливация, буындарында ауырсыну байқалады. 
Алғашқы сағаттардан бастап тері мен кілегей қабаттардың үдемелі зақымдалуы пайда бо-
лады: мойнында, төсінде, бетінде, аяқ-қолында (алақан, табанда да) ауырсынатын қызыл 
қошқыл дақтар, папулалар, везикулалар, көпіршіктер байқалады. Бөртпелер қосылуға 
бейім болады, бірақ серозды қан аралас сұйықтығы бар үлкен көпіршіктер сирек кезде-
седі. Көптеген ауруларда кілегей қабаттың зақымдалуы (стоматит, фарингит, ларингит, 
трахеит, кератитпен конъюктивит, қыз балаларда – вагинит) болады. Жиі екіншілік 
инфекция және пиодермия, пневмония дамиды. Бүйрек пен жүрек сирек зақымдалады. 
Көпформалы эритеманың айқындылығының соңғы дәрежесі – Лайелл синдромы 
(токсикалық эпидермальды некролиз). Бұл аурулардың этиологиясы жиі дәрілік аллергия, 
сирек – вирусты инфекция, инфекциялық процесске (стафилококкты инфекция), қан, 
плазма құюға аллергиялық жауап. Даму механизмі аллергиялық реакцияның Артюс типі 
бойынша жүреді – теріде лизосомальды ферменттердің иммунды және иммунды емес 
жолмен көп мөлшерде босап шығуы. Тұқым қуалаушылық бейімділіктің атқарар ролі 
жоғары. Аллергиялық және аутоаллергиялық реакциялар тромбоваскулит, тромбокапил-
лярит дамуына әкеледі.
Лайелл синдромы кезіде ірі, жалпақ, болбыр көпіршіктер (буллезді сатысы), геморра-
гиялар пайда болады. Киім қажайтын жерлерде көпіршіктер болмаса да, терінің беттері 
сылынып түсіп қалады. Никольский симптомы оң болады. Ал, кілегей қабаттарды 
гиперемия мен ауырсыну, конъюктивит, айқын эпидермолиз нәтижесінде бала қарағанда 
ІІ дәрежелі күйігі бар науқастарға ұқсайды. Сонымен қатар, кілегей қабатта зақымдалуы 
мүмкін. Аурудың ағымы өте ауыр. Стивенс-Джонсон синдромымен салыстырғанда, токси-
коз жедел көрінеді, жиі миокардит, нефрит, гепатит дамиды. Инфекциялық зақымдалу 
(пневмония, терінің екіншілік инфициялануы) тән, гиперергиялық сепсис дамиды. Ағымы 
қолайлы болғанда аурудың екінші-үшінші аптасында жағдайы жақсарады, үш-төрт 
аптадан соң эрозиялар эпителизацияланады, бірақ орындарында пигментация қалады.
Емі.
ДА күдік туындаған бойда баланың қабылдап жүрген дәрілерін беруді 
тоқтатады. Жедел реакция болғанда асқазанды жуады, тұзды әлсіреткіштер, энтеро-
сорбенттер (белсендірілген көмір, полифепан), антигистаминді препараттар қолданады.
Көпформалы экссудативті эритемада науқасты ауруханаға жатқызып, төсек режимін 
сақтайды, сұйықтықты көп ішкізеді.


321 
Стивенс-Джонсон синдромында глюкокортикоидтар (1-2мг/кг/тәулігіне преднизо-
лон), инфузионды ем – 5% глюкоза ерітіндісін изотоникалық натрий хлорид ерітіндісімен 
қосып тағайындайды. Толық парентеральді қоректендіруге ауыстырылып, 1мл құятын 
ерітіндіге 1 ХБ гепарин қосады. Ерте жүргізілген гемосорбция жақсы нәтиже береді. 
Бактериальды инфекция қосылғанда, антибиотик тағайындайды. 
Лайелл синдромында науқасты қарқынды терапиямен реанимация бөліміне 
жатқызады. «Температуралық қорғау» режимін сақтайды. Преднизолонды тәулігіне 5-10 
мг/кг-нан кем емес дозада парентеральді тағайындайды, инфузиялық терапия, көк тамырға 
тамшылатып 1 ХБ гепарин, кең әсерлі антибиотиктер, зәр айдайтын дәрілер, жүрек 
гликозидтерін, симптомдары бойынша басқа да препараттар қолданылады. Гемосорбция 
жасау керек. Міндетті түрде стерильді төсек қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет