Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет190/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Клиникалық көрінісі.
А.Д көрінісі әртүрлі: папула, үлкен емес эпидермалды 
везикулалар, эритематозды дақтар, қабыршақтану, жарылулар, эрозия және лихенизация. 
АД тән белгі – қышу. Емшек жасындағы балаларда (3 жасқа дейін – сәбилік форма) 
элементтер бетте, кеудеде, бүгу аймақтарында, бастың шашты бөлігінде орналасады.
3-12 жаста (балалық форма) – аяқ-қолдың жазу аймағында, бетте, шынтақ және тізе 
шұңқырында байқалады. 
Жасөспірім формасы (12-18жас) – мойын, аяқ қолдың бүгу аймақтары, білек, 
кеуденің жоғарғы бөлігі зақымдалады. 
Жас адамдарда – мойын, қолдың сырты жиі зақымдалады. Жиі бет, иықта 
гипопигментация ошақтары (ақ лишай); төменгі қабақ бойында көрнекті қыртыс (Денье - 
Морган); ақ дермографизм байқалады.
АД жиі екіншілік инфекциямен (стафилококк, стрептококк) асқынады. 
Диагностикасы.
Клиникада балаларға АД диагнозын қою үшін келесі белгілерге 
сүйенеді: 

аурудың бала күнінен басталуы; 

аллергиялық аурулардың пробанда ата- аналары мен туыстарында болуы; 

күші әртүрлі дәрежедегі тері қышымасы; 

тері бөртпелерінің типті морфологиясы; 

созылмалы қайталамалы ағымды; 

қанда жалпы IgE және аллерген арнамалы IgE-антигендердің жоғары деңгейі;
Прик-тест немесе скарификациялау сынамалары аурудың ремиссия кезеңінде жүреді. 
Тері сынамаларын қоюға болмайтын болса (аурудың өршуі), диагностиканы in vitro 
жүргізеді. Сонымен қатар тағамдық өнімдермен элиминациялық арандату сынамаларын 
жүргізеді. 
Ажырату диагнозы


себорейлік дерматитпен; 

қатынастық дерматитпен; 

Вискотт- Олдрич синдромы (дерматит, тромбоцитопения, қайталамалы инфекция) 

Е гипериммуноглобулинемия синдромы (қан сарысуында жалпы IgE көлемінің өсуі, 
дерматит, қайталамалы инфекция); 

Лейнер-Мусс десквамативті эритродермиясы; 

микробты экзема; 

триптофан алмасуының тұқым қуалайтын бұзылысы; 

қышыма сияқты аурулармен жүргізеді. 
Емі:
Еміне диетотерапия, сыртқы және жалпы (жүйелі) ем кіреді. 


316 
Диетотерапия тағамдық аллергия еміне арналған тарауда берілген. Кез келген 
жастағы балаларда элиминациялық диетаны АД өршуіне қатысты дәлелденген тамақ 
өніміне жүргізеді. Абсолютті шартына өзіндік аллергологиялық тексеру мен анамнезінде 
бұл тағам рөлі дәлелінің қорытындысы жатады. Иммунопатологиялық және иммундық 
емес дерматит емінде басты мән қант, тұзды (экссудативті көріністерді күшейтеді), сорпа, 
ащы, өткір, қуырылған тамақтарды шектеуге беріледі, олар аллергендердің асқазан ішек 
жолдары өткізгіштігін арттырады. Ас дайындауға сүзгіштен (фильтрден) өткен су 
қолданылады. Тағамға құрамында бояғыштары, консервант, эмульгаторлары бар 
өндірістік консервіленген өнімдерді қолданудан аулақ болу керек. Тұрмыстық 
аллергендерді элиминациялау керек. Жүйелі әсер ететін дәрілік заттарды таңдағанда 
науқастың жасын, ауру кезеңін, қосымша аурулардың болуын негізге алады.
Аурудың өршуі антигистаминді дәрілерді тағайындауға бірден бір көрсеткіш. І, ІІ, 
және ІІІ буын препараттарын қолданады. І буын седативті әсері бар дәрілерді бала 
ұйқысын бұзатын, қышуды азайту үшін тағайындайды. Ұзақ мерзімді ем қажет болғанда 
(рецидивке қарсы) ІІ және ІІІ буын препараттарын қолданады (зиртек, кларитин, телфаст). 
Клетка мембранасы тұрақсыздығы синдромында мембрана тұрақтандыратын таңдау 
препараттары кетотифен, ксидифон, антиоксидант (А, В,С витаминдері, аса қанықпаған 
ұзын тізбекті май қышқылдары), налкром болып келеді. Ем тиімділігіне В
6
витамині (500-
600мг/тәулігіне 2 реттен – 1ай), В
12
(кальций пантоненаты 0.05-0.01г/тәулігіне) қажет. 
Бета- кератинді қолданудың маңызы бар деп есептелінеді: ол А витамині организмге түсу 
көзі, лизосома мен митохондрий мембраналары тұрақтылығын токсикалық заттар, 
метаболиттерге арттырып, иммундық жүйені ынталандырып, липидтердің аса тотығуын 
реттейді. Са препараттарын (глюканат, лактат, глицеринфосфат 0.25-0.5гр ішуге, 2-3 рет 
күніне), фосфор, фитоем (бүйрек үсті безінің функциясын белсендіретін мия түбірі) 
қолданған тиімді. Кейбір балаларда (иммундық емес А.Д бар) асқазан тамшыларын 
элеутерококк сығындысын (экстрактымен) қосып берудің 3 айлық курсы пайдалы.
Дерматиттің туындауындағы асқорыту ферменттерінің жетіспеушілігінің рөлін 
ескеріп, копрограммадан соң асқорыту ферменттері мен (фестал, дигестол, панкреатин 
және т.б) өт айдайтын дәрілерді қолдануды шешеді. Егер лямблиоз, хеликобактериоз, 
гельминтоз болса, арнайы ем қолдану керек. Ішек дисбактериозын емдеу міндетті.
Айқын пиодермия, сыртқы антибактериалды емнің тиімділігі болмағанда флора 
сезімталдыңына қарай антибиотиктерді парентеральды тағайындайды. Антибиотиктерді 
эмперикалық түрде тағайындағанда негізгі орынды макролидтер, І, ІІ буынды 
цефалоспориндер, линкомицин алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет