Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет279/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)


Жедел панкреатит (ЖП)
-
бездің өз ішінде панкреатикалық ферменттердің 
активтелінуімен және ферменттік токсемиямен жүретін ұйқы безінің жедел 
қабынулық-деструкциялық зақымдалуы. 
ЖП балаларда ересектерге қарағанда сирек 
байқалады.
Этиологиясы.
Балаларда оның ең жиі себептері келесілер: 
1. инфекциялар (эпидемиялық паротит, вирусты гепатит, энтеровирус Коксаки В, жел 
шешек, герпес, грипп, псевдотуберкулез, дизентерия, сальмонелез, сепсис); 
2. ішке қатты соққы тигендегі ұйқы безінің доғал жарақаты;
3. панкреатикалық өзектер обструкциясы және қысымның жоғарлауы байқалатын ауру-
лар (папиллит, холедохолитиаз, киста немесе холедоха стриктурасы, дуоденопанкреа-
тикалық рефлюкспен дуоденостаз, дуоденальды емізікшенің аскаридамен жабылуы, 
описторхоз, фасциолоз, клонорхоз); 
4.
гепатобилиарлық патологиялар (өт тасы ауруы, созылмалы холецистит); 
5.
гиперкальцемия (гиперпаратиреоз немесе гипервитаминоз Д); 
6. токсикалық (қорғасынмен, сынаппен, күшаламен, фосфорқосындыларымен улану) 
және дәрілік зақымдалулар (азатиоприн, гипотиазид, фуросемид, метронидазол, 
тетрациклиндер, сульфаниламидтер, глюкокортикоидтардың жоғары дозалары). 
Майлы, қуырылған тамақты шектен тыс қолдану, жоғары берілген себептердің 
фонында, аурудың айқындалуына ықпал етеді. ОП байқалатын балалардың 25% себебі 
анықталмайды. 
Патогенезі.
Ұйқы безі зақымдалғанда қабыну реакциясы дамып, лизосомальдық 
ферменттер 
түзіледі, 
олар 
безді 
зақымдайтын, 
ферменттерді 
(трипсиноген) 
интрапанкреатикалы активтейді. 


449 
Қанда биологиялық активті заттардың көбеюіне байланысты волемиялық және 
микроциркуляторлық бұзылыстар дамиды, коллапс болуы мүмкін. 
Жіктелісі.
Бөлінеді: 
1.
интерстициальды (ісікті-серозды) ЖП; 
2.
деструктивті (панкреонекроз) ЖП; 
Клиникалық көрініс.
Балаларда негізінен интерстициальды ЖП кездеседі. Онда 
негізгі шағымдары – іштің ауруы: 
- қарқынды, қадалған, ауырсыну сезімімен, іш кебуімен, кекірумен қосарланады; 
- эпигастрияда немесе кіндік аймағында орналасады; 
- көбіне сол қабырға астына, сол жақ белге тарайды; 
- қайталанатын сипатты құсу байқалуы мүмкін. Дене қызуы қалыпты немесе субфиб-
рильді. 
Қарағанда анықталады: 
-
бетінің бозғылтығы немесе гиперемиясы; 
-
тахикардия, артериялық гипотензияға бейімділік; 
-
іші аздап кебеді, кейде эпигастрияда бұлшық еттердің ризистенттілігі анықталады.
-
Мейо-Робсон, Френкель, Бергман және Кальк белгілері анықталады, Шоффар айма-
ғында, Мейо-Робсон және Кача нүктелерінде тұрақты ауырсыну анықталады. 
Пальпациядан кейін іштің ауруының арыта түсуі тән болып келеді. 
Қан анализдерінде шамалы лейкоцитоз, нейтрофилез, кейде АЛТ аздап арытуы, 
гипогликемия болуы мүмкін. Интерстициальды панкреатитте гиперферментемия (амилаза, 
липаза, трипсин) орташа болады, ұзаққа созылмайды. 
Деструктивті ЖП балаларда сирек кездеседі. Оған тән: 
- өте қарқынды , қайтпайтын, тұрақты ауырсыну; 
- тоқтамайтын құсу; 
- гемодинамикалық бұзылыстар : шок, коллапс ; 
- ішінде, сиректеу бетінде және аяқ-қолында тері асты шел майының майлық 
некрозы болуы мүмкін;
- дене қызуы субфибрильді немесе фибрильді. 
Қарағанда анықталады

-
пульс жиілігі, әлсіз, артериялық гипотензия; 
-
іші кепкен, керілген, іштің алдыңғы қабырғасының керілуіне байланысты 
пальпациялау қиындайды; 
Қан анализінде – айқын нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ ұлғайған, тромбоцитопе-
ния. Гиперферментемия, әдетте айқын, тұрақты. 
Панкренекроз асқынуы мүмкін: 
- ерте – шок, бауыр жетіспеушілігі, бүйрек жетіспеушілігі, ТІШҰ, қан кету, қант диабеті; 
- кеш – ұйқы безінің псевдокистілері, ұйқы безінің іріңдігі және флегмонасы, жылан көз, 
перитонит. 
ЖП ауыр түрлерінде өлім себебі – шок, қан кету, іріңді перитонит. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет