Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет278/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Антибактериальды заттар
. Нр -ның ульцерогенезде алатын орнын ескере 
отырып, маңызды емдік және рецидивке қарсы мақсатта Нр эррадикациясы ерекше орын 
алады. 
Маастрихт келісімі ІІІ бойынша Нр алғашқы анықталғанда үшкомпоненті ем 
(«алғашқы сызық») пайдаланылады: ППИ немесе Фамотидин+ амоксициллин немесе 
кларитромицин + фуразолидин немесе метронидазол – 10-14 күн бойына тәулігіне 2 рет 
беріледі. Ем курсы біткеннен соң 1 айдан кейін, әдетте тыныстық хелик-тестті 
пайдаланып, Нр эррадикациясы тексеріледі.
Егер эррадикация тиімсіз болса немесе Нр реинфекциясында «алғашқы сызықтан» 4 
айдан кейін «екінші сызық» емін – төрткомпонентті эррадикция жобасы: ППИ+денол+ 
макмирор немесе метронидазол+ тетрациклин (12 жастан үлкен балалар үшін) немесе 
левофлоксацин немесе кларитромицин – 10-14 күн бойына қолданады.
Ем басынан 2-3 апта өткеннен кейін жүргізілетін бақылау ЭГДС-та жараның 
тыртықтануы байқалмаса әсер етудің эндоскопиялық әдістері (лазеротерапия, 
медициналық желіммен желімдеу, солкосерилмен сулау).


447 
ОЖА нейроциркуляторлы дисфункциямен қосарланатын болса транквилизаторлар, 
тыныштандыратын шөптер тағайындалады, 2 рет 0,005мг/кг есебінен берілетін сульпирид 
(эглонил) тиімді әсер етеді. ОЖА 
оталау емі
жүргізіледі:
1.
перфорация; 
2.
консервативтік емге көнбейтін жараның пенетрациясы; 
3. тоқтамайтын көлемді қан кету; 
4. пилодуоденальды тарылуда субкомпенсацияланған тыртық. 
ОЖА-да рецидивке қарсы емнің негізінде, жараны алғашқы анықталғаннан 
басталатын, Нр эррадикациясы жатады.
Алдын алу
ОЖА-да оның қалыптасуына ықпал ететін сыртқы факторларды жоюмен 
қатар, жара алдынғы жағдайларды анықтау және емдеу жатады. А.В. Новиков пен В.М. 
Успенскийдің ұсынысы бойынша, балада, кейбір жағдайларда жара ауруына айналуы 
мүмкін тұқым қуалау нәтижесінде қалыптасатын асқазан және он екі сақиналы ішек 
морфофункциялық ерекшеліктері жара алдынғы жағдайлар ретінде қарастырылуы керек.
Жинағының әсерінен ОЖА қалыптасуы әбден мүмкін критериялар анықталған:
1. ОЖА бойынша тұқымқуалауының ауыр дәрежеде болуы, әсіресе ОЖА
туыстарының бірінші ұрпағында байқалатын болса; 
2. асқазанның қышқылдық-пептикалық агрессиясының, әсіресе базальдық, артуы; 
3. пепиноген -1 деңгейінің қандағы және зәрдегі мөлшерінің артуы; 
4. фентотипте пепсиногеннің Pg3 фракциясының басымдылығы; 
5. дуоденальды сөлде муцин мен бикарбонаттардың төмендеуі. 
Баланың 1(АВО) қан тобының және ваготония белгілерініңде маңызы бар. Тұқым 
қуалайтын бейімділіктің ОЖА ретінде іске асуы Нр-ассоцияланған гастродуоденит 
арқылы іске асатын болғандықтан, олда жара алдындағы жағдайдың маңызды 
критерияларына жатады.
Диспансерлік бақылау өмірбойына, бірінші жылы өршуден кейін жылына 4 рет, 
екінші жылы – жылына 2 рет жүргізіледі. Динамикалық бақылаудың, сұрастыру, қараумен 
қатар маңызды әдістеріне эндоскопиялық зерттеу жатады. Динамикада Нр-мен 
инфекциялануын бағалап, эррадикацияға қол жеткізуге тырысу керек. 
10.1.6. СТОМАТИТТЕР 
 
Стоматиттер – 
ауыз-қуысы кілегей қабатының қабынуы

Этиологиясы.
Негізгі себептері: Candida туыстас саңырауқұлақтар, бактериялар. 
Стоматиттер дәрілік заттар әсерінен және әр түрлі аурулар фонында пайда болуы мүмкін. 
Клиникалық көрінісі.
Кілегей қабаттарының зақымдалу дәрежесіне байланысты 
катаральды, жаралы, афтозды (герпестік) және саңырауқұлақты (кандидозды) стоматиттер 
болып бөлінеді.
Катаральды стоматит көріністері ауыз қуысы кілегей қабаттарының гиперемиясы 
және ісінуі, сілекей ағуы.
Жаралы стоматит көріністері ауыз-қуысы кілегей қабатының гиперемиясы және 
сілекей ағуы. Кілегей қабатта жаралар пайда болады. Ауыр жағдайда жаралар асқынып, 
тканьдар ыдырауы дамиды. Тамақ жегенде ауырсыну болады. Жалпы жағдайы нашарлап, 
дене қызуы көтерілуі, интоксикация симптомдары пайда болады перифериялық лимфа 
түйіндері үлкейеді. 
Герпестік (афтозды) стоматит герпестік инфекцияның бір симптомы болып табыла-
ды. Ауыз қуысы кілегей қабатының гиперемиясы және сілекей ағуы. Жалпы жағдайы 
жаралы колиттегідей. Содан кейін кілегей қабатта дақ, көпіршік (везикула), афта пайда 
болады. Афталар сары-ақ түсті, көбеюге және қосылуға бейім болып келеді. Ауру 
ұзақтығы 7-10 күн. 
Саңырауқұлақты стоматит (молочница). Бұл емшек жасындағы балаларда жиі 
кездеседі. Молочница басқа стоматит түрлері сияқты пайда болады. Кілегей қабатының 


448 
гиперемиясы және ісінуі, сілекей ағуы. Еріннің кілегей қабығында, тілде, жақта ұйыған 
сүт тәрізді ақ дақ пайда болады. Балалар емшектен бас тартып, мазасызданады. 
Емі.
Рациональды тамақтану және көп витаминді сұйық ішу. Тағамдар механикалық, 
химиялық, термикалық аяушылық болу керек. Оны сұйық немесе жартылай сұйықты 
жылы күйінде беру керек. Тағам рационынан ащы, өткір, тұздалған тамақтар шектеледі.
Стоматит формаларына байланысты жалпы және жергілікті ем тағайындалады.
Катаральды стоматитте жергілікті ем жүргізіледі, ауыз қуысын антисептикалық 
(фурациллин ертіндісі 1:5000, қайың қабығының қайнатпасы, түймедақ, календула 
тұнбасы) заттармен өңдеу жасалады. 
Жаралы стоматитте, тек қана жергілікті ем жүргізіледі, этиотропты терапияда 
антибактериальды дәрілік заттарды (ауырлық дәрежесіне байланысты) жергілікті, ішке 
немесе парентеральды тағайындайды. Ауырсыну кезінде тамақ ішердің алдында ауыз 
қуысын анестезин, новокаин немесе алоэ қосылған белокпен өңдеу керек.
Герпесті стоматиттің емінде вирусқа қарсы препараттарды (ацикловир, оксолин 
майы, завиракс, интерферон) жергілікті немесе ішке тағайындайды.
Этиологиясына байланысты, ауызы уылғанда саңырауқұлаққа қарсы препараттарды 
(нистатин, леворин) тағайындайды. Жергілікті емінде 2% ас содасы ертіндісін, метилен 
көгін, тетраборат натрийді кеңінен қолданады.
Стоматиттің барлық түрінде аурудың 5 күнінен бастап, ауыз қуысы кілегей 
қабатының эпителизациясын жеделдету үшін ретинол ацетат, итмұрын, облепиха 
майлары, каланхоэ, каротолин шырындарын қолданады.
Ауыз қуысын өңдеу үшін келесі ережелерді сақтау керек: Ылғалдау әдісімен ауыз 
қуысын өңдеу. Өңдеу тәулігіне 5-6 рет жүргізіледі. Ертіндінің температурасы 37-36ºС 
болу керек. 
Ауыз қуысын өңдеуге арналған ерітінді концентрациясы пайда болу кезеңіне 
қарағанда жедел кезеңінде төмен болу керек. 
10.1.7. ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет