160
Бірінші күннен бастап баланы аштықтың кез келген белгісі немесе мазасыздану пайда
болған сайын, арнайы мерзімді күтпей емізе беру керек.
Аштықтың белгісі болып ерінінде сору қимылдарының, басын жан-жағына қозғау,
әртүрлі дыбыс шығару (жылағанға дейін) есептелінеді.
-
Баланы, бекітілген күн тәртібісіз, жиі емізу керек. Баланы емізу 24 сағат ішінде 8-12
реттен кем болмауы керек.
-
Жиі сору және жиі сүт безін босату лактацияның жақсы және тез қалыптасуына, сүттің
жеткілікті, баланың мұқтаждығын қанағаттандыратын мөлшерде түзілуіне ықпал етеді.
-
Ему мерзіміде шектелмеу керек.
Тіптен іштеңе сормай, анасының емшегінде қалғып
жатса да, ему мерзімін баланың өзі шешуі керек.
-
Емізу аралығында басқа сусындар беріп, нәрестенің тағамдық мазасыздануын баспау,
өте маңызды болып келеді.
-
Уыз бен сүттің мөлшерінің ұлғаю және сәбидің емуге үйрену барысында
емізу жиілігі бір балаларда көбірек, кейбіреуінде азырақ сирей түседі.
-
Түнде емізудің сүт мөлшерін көбейтуде маңызы үлкен (пролактин түнде
көбірек
түзіледі).
-
Бала ұзақ жақсы еміп, сүт безін толық босататын болса, екінші емшекті беру дұрыс.
Келесі емізгенде сол екіншісінен бастап емізу керек.
-
Лактация қалыпты болса, сауудың қажеті жоқ.
-
Екі
емшекті де емізгенде, сүттің қиын сорылатын, бірақ, қажетті бірінші емшектегі
«артқы» сүтті толық іше алмай қалады, сондықтан екі емшекті жиі ауыстырмаған жөн.
Емшекті бергенде
сәби емшекті бірден алмаса, емшектің ұшын баланың ерніне
тигізіп, 1-2 тамшы сүтті аузына сауу керек. Емізу арасында емшектің ұшын стерильді
сулықпен (салфетка) жауып қойған дұрыс.
Еркін тамақтандырғанда баланы жиі, белгілеген күн тәртібісіз, түнгі үзіліссіз (түнде
пролактин күндізгіден артық түзіледі), ұзақтығын өзінің қалауы бойынша емізілуі керек.
Туылғаннан кейінгі алғашқы аптада 24 сағат бойы сәбиді 8-12 рет емізу керек. Жиі емізіп,
емшекті толық босату, сүттің тез және көп сәбидің қанағаттандыра
алатын мөлшерде
түзілуіне ықпал етеді.
Егер сәби емшектен әртүрлі себептермен сүтті аз емсе, онда тағы да артынан сүтті
сауып беру керек (дұрысы қасықпен берген). Емген сүттің мөлшері әртүрлі болады.
Алғашқы күндері нәресте 1-12 мл-дей сүт емсе, 3-4 күндері – 40-50 мл, ол аптаның
аяғында 70-80 мл-ге жетеді.
92 сурет.
Босанғаннан кейінгі алғашқы күндері
баланы бір қырынан жатып емізу.
161
10-шы күндерден бастап тиісті сүт барлық нәрестелік кезенде
сондай мөлшерде қалады. Мөлшері дене салмағының 1/5
бөлігін құрайды да, барлық нәрестелік кезенде сондай
мөлшерде қалады.
ҚОСЫМША ТАМАҚ БЕРУ
Қою қосымша тамақ беру көрсеткіші болып баланың емген сүтіне қанағаттанбай, тек
қана қою тамақ беру арқылы қанағаттануы саналады.
Қосымша тамақ енгізу шарттары:
Жасы 5-6 айдан кем болмау керек;
1.
Ауызға түскен тамақты «шығарып тастау» рефлексінің төмендеуі;
2.
Ауызға түскен тамақты
шайнауға бейімділігі;
3.
Тістерінің кейбір бөлігінің шығып болуы немесе шығып келе жатуы;
4.
Сенімді отырып, тамаққа үмтылуы және тойғандығын сезінуі;
5.
Ас қорыту жүйесінің жетілуі, берілген тамақтан нәжісінің бұзылмауы,
аллергиялық реакциялардың болмауы.
Баланың қосымша тамақ енгізу уақыты жеткен соң жоғарыда
көрсетілген белгілер
болса балаға алғашқы «үйретуші» қосымша тағам, 5-20 гр ұнтақталған алма немесе жеміс
ұнтағы беріледі. Бұл тағамды шамалы емшек емгеннен кейін беру керек. Жақсы жұтқан
жағдайда, аллергиялық реакция болмаса үздіксіз бере отырып, емізер алдына ауыстыру
керек. Бұл қосымша тамақты өмірінің 17-20
аптасынан бастап беріп, 2-3 апта бойына
енгізу қажет. Кейіннен 5-6 айлық жасынан бастап, бірінші қосымша тамақ (картоп, сәбіз,
көкөніс пюресі, капуста) беріледі. Егер баланың нәжісі тұрақсыз болып, салмақ қоспаса,
қосымша тамақты сүт ботқасынан бастаған дұрыс.
7 айлығында дәнді дақылдар (негізгі-ІІ) қосымша тамақ енгізіледі. Олар: күріш,
қарақұмық, жүгері жармаларынан жасалған ботқалар. Сүзбе 6 айдан соң тағайындалады.
Жұмыртқа сарысы – 7 айда
Достарыңызбен бөлісу: