60
«БАСТАУ БИЗНЕС»
ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
пен Blend-a-med сіздің түсінігіңізде қалып қойған.
Сондықтан да бәсекелестерден ерекшелену маңызды.
Бұдан да маңыздысы
– осы ерекшеліктерді клиенттеріңіздің түсінгені. Ал түсінді делік, енді бұл ерек-
шеліктер оларға қандай пайда әкелмек? Осы позициялаудың негізгі міндеті болып
табылады.
Жоғарыда айтылғандарға қарап, позициялау аудиторияның қажеттіліктері мен
мұқтаждығынан жасалады, компанияның бәсекелестік
артықшылықтарын ескере
отырып, тауарларды осы қажеттілікті қанағаттандырудың ең жақсы (және тиісті)
тәсілі ретінде көрсетуге бағытталғанын түсінуге болады. Егер аудитория дұрыс
таңдалмаса, қателіктер тізбектеле береді, бұл сатылымға теріс әсер етеді.
Тұтынушылар сұранысын сапалы талдау, нарықтық қажеттіліктерді анықтау, та-
уарлар өндірісін ұйымдастыру және бәсекелі баға қалыптастыру өнімнің табысты
ілгерілетуіне жеткіліксіз. Өз нарық тауашасында (орысша рыночная ниша) тұрақты
орынға ие болу үшін кәсіпорын өз өнімдерінің өткізу (сату) нарығын қалыптасты-
руы керек. Компания табысты бола ма, ол нарықта мықты позицияға ие бола ма,
қажеттілікті қанағаттандыра ала ма – бұның барлығын тұтынушылармен шешеді.
Сату нарығын ұйымдастыру сапасынан компанияның дамуы, оның пайдасы мен
тұтынушылар алдында өз тауашасындағы орны тікелей байланысты. Мұнда кәсіп-
орындардың назарын аудару қажет өте маңызды мәселелер бар. Мысалы, түпкі
сатып алушымен «кері байланыс». Осындай ақпаратты алу үшін каналдарды ұй-
ымдастырмай, өз кемшіліктеріңізге, сондай-ақ тұтынушылар қалауының өзгеруіне
дер кезінде назар аудара алмайсыз.
Байқағанымыздай, «бизнес-идея» – арманымыз, түсіміз ғана емес, бизнес-идея
– бизнестің пайда болуы, оның бірегейлігі жетістік пен табыстың ұзақ мерзімді
болуына кепілдік береді.
Енді біздің бизнес-идея табысты екенін білу үшін, жобаның маркетингілік зерт-
теуін жүргізуіміз қажет.
61
4-МОДУЛЬ. МАРКЕТИНГ НЕГІЗДЕРІ
4.1. Маркетинг анықтамасы мен стратегиясы. 4Р маркетинг кешені
4.2. Нарықты
сегменттеу
4.3. Нарықта өз тауашасын табу
4.4. Маркетингілік ілгерілету тәсілдері мен
әлеуметтік желілер арқылы
жарнамалау (SMM)
4.5. Тәжірибелік маркетингілік зерттеу (үй-үйді аралау)
4.1. МАРКЕТИНГ АНЫҚТАМАСЫ МЕН СТРАТЕГИЯСЫ.
4Р МАРКЕТИНГ КЕШЕНІ
«Маркетинг – сіздің компанияңыздың сыртқы
ортамен қандай да болмасын кез келген қарым-
қатынасы».
«Маркетинг – клиентті тарту және оны ұстап
қалу»
Джей Конрад Левинсон
партизандық маркетинг саласындағы
әлемнің үздік маркетологі
Тұтынушылар түрі бойынша маркетинг:
1)
Достарыңызбен бөлісу: