Бастауыш әскери дайындық



бет6/10
Дата25.08.2017
өлшемі2,59 Mb.
#27282
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Мінез акцентуациясы


Жоғары жүйке қызметі типтерінің классикалық түсінігіне қарағанда, қазіргі кезде психологияда адам мінезінің жан-жақты классификациясы қолданылады. Өзінің байқалу дәрежесіне байланысты кейбір қасиеттерінің, қылығының басым болуы ол мінез акцентуациясы деп аталады. Зерттеуші өкілдері К.Юнга, Э. Кречмер, П.Б. Ганнушкин, К. Леонгард, Е.А. Личко, т.б.

Мінез акцентуациясы түрлері:

Гипертимді, циклоидты, психоастениялылық, гизоидты, эпилептоидты, истероидты, тұрақсыз, лобильді, комформды, секситивті, параноидты, дистимді типтер.

Қабілет.

Қабілет туралы түсінік. Қабілет іс-әрекетінің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттердің дамып, қалыптасуы әртүрлі деңгейде жүріп отырады. Мысалы: оның алғашқы деңгейін (адамның бәріне ортақ оқи, жаза, есептей алу) репродуктивтік (жалпы қабілет) екінші деңгейін шығармашылық (арнаулы қабілет) қабілеті дейді. Қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін адамда тиісті білім жүйесі, икемділік пен дағды болуы қажет.

Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс - әрекетті қажетті дәрежеде жүзеге асыруда икемсіздік көрсетсе, екінші деңгейде, жаңа бейне жасай алу мүмкіндігін айтады. Қабілеттердің дамуында нышандар белгілі орын алады. Нышан қабілетінің бастапқы табиғи негізі ретінде берілетін жүйке саласының ерекшелігі.

Қабілеттің қандай түрі болмасын еңбектен туындайды. Қабілет адамның жан қуаттарының түрлі жақтарымен (ойлау, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, қажыр – қайрат, алғыр қиял т.б) тығыз байланысты. Қабілеттілікке жақын тұрған ұғым – бейімділік. Ол қабілеттің алғашқы белгісі.

Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық қасиеттері жатады.

Дарындылық – адамның белгілі бір іске айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір саласында өзін ерекше көрсетуі.

Қабілеттің жоғары деңгейінде дамуы талант деп аталады. Талант адамның нақты ісіне нәтижелі орындауындағы қабілетінің біршама қасиеттерінің өзара байланысы. Адам қабілетіндегі дарындылық тек талант одан әрі дамып, данышпандық қасиет тудырады. Бұл адамның ақыл ойымен іс әрекетінің ең жоғарғы дәрежеге көтерілуі.



Интеллект.

Адамның ақыл-ой қабілеті, ерекшеліктері негізгі құрылымы ойлаудың (анализіне) анализдік қызметі.



Интеллект дегеніміз адамның барлық мәселелерді шешу барысындағы ақыл-ой қабілеті.

Интеллектуальді белсенділік күнделікті өмір жағдайына адамның бейімделу тәсілі.

Интеллект желілерінің бірнеше комбинациялық бірлігі бар, шамамен 120 вариант, олардың ішінде көп кездесетінін мысалға келтірсек:


  • Нақты практикалық интеллект (күнделікті өмірде)

  • Абстрактылы интеллект (сөздер, символдар, терминдер, т.б. сүйену арқылы)

  • Потенцияльды интеллект (туғаннан адамның ойлау әрекетіне қабілеттілігі)

  • Жүре пайда болған интеллект (приобретенн. интеллект) күнделікті өмірде білім, дағды, іскерлік негізінде қалыптасады.

Интеллект дамуы.

Интелект дамуы басқада психикалық процесстер сияқты негізгі екі формаға байланысты дамиды.



  1. тұқым қуалаушылық;

  2. айнала қоршаған ортаның әсері.

Интеллектіні бағалау. Адамның интеллектуалдық даму деңгейін сандық, сапалық жағынан зерттеу барысында көбіне интеллектуалдық коэффицент бойынша көрсетіледі. Оның таңбасы I.Q. Идивидтің интеллектуальдық мүмкіндігінің орташа көрсеткіші оның жас ерекшелігі мен кәсіптік іс-әрекетіне байланысты. Орташа көрсеткіш 100 балл, ең төменгі 0 балл, ең жоғарғы 200-ге таман.

Барлық адамға тән стандартты көрсеткіш 84-100 балл және 100-116 балл болуы мүмкін. 34%-68%.

Қалыпты деңгейдегі интеллект дамумен қатар ақыл-есі нашар кеміс адамдар болады. Туғаннан ми кемістігі бар, ақыл-ойы жетіспейтін адамдарды олигрофендер деп атайды. Олардың психикалық даму деңгейі төмен, ойлауы, сөйлеуі, есте сақтауы, т.б. психикалық дамуы төменгі деңгейде.

Олардың интеллектуальдық көрсеткіші халықаралық стандартқа байланысты былай қаралады. IQ<50-70 аз ғана ақыл – ой кемістігі. IQ<50 орташа деңгейде . IQ<35 – анық байқалуы.



Ең қиын формасы ақыл – ой кемістігінің идиотикалық жағдай. IQ=20, сөйлеу, ойлау мүлдем дамымаған тек қана эмоциональдық реакция байқалады. Оның орташа түрі (IQ=20-50). Ақыл-ой кемістігінің жеңіл түрі (легкая форма) дебильдік жағдай IQ< 75%.

VIII. Жеке адамның өзіндік сана-сезімінің психологиялық мәні.

8.1. Сана – психика дамуының жоғарғы сатысы.

Сана – адамның материял дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті. Ол – жоғарғы деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген бейнесі.

Бейнелеу теориясы негізінде адам дүниетанымының – пайымдау мен сезіп білуден абстракталы ойлауға,одан тәжірибеге көшіп отыруы – ақиқатты, объективті шындықты танып білудің үнемі дамып, күрделеніп отыратын диалетикалық жолы.

Адам өз әлемін, өзіне тиісті, қажетті нәрсеге өзінің қатысып, іс - әрекетін барлығын байланысты дамытып, басқарып, саналы түрде игеріп отырады.

Көптеген зерттеушілер адам санасын психологияның бірде – бір зертеу әдісімен зерттелмейтіндігін ескертеді. Дегенмен адам санасына мынандай сипаттамалар береді.

1. Сананың рефлексиялық қабілеті, өзін - өзі бақылау.

Рефлексия - өзінің ішкі психикалық жағдайларын тану процесі, немесе өзіндік сана – сезімін тану

2. Сананың тұтас – мотивтік сипаты.

Сана өмірде бағалауда ішкі қажеттіліктер мен байланыстыра белгілі мотивтеге бағынады.

3.Индивид санасы әр уақытта түрлі деңгейде түсініктер динамикасында болады.

4.Сана әлеуметтік құрылысы элементтері сана тәжірибесі тұрмыстық сана рефлексиясына немесе рефлесифтік санаға айналады.

Рефлексивтік сананың бірінші этапы өзіндік сана сезім (самосознание) немесе өзіндік сана.

Өзіндік сана сезім - өзін тану, өзінің мақсат – міндеттерін білу. Олардың түрлері:


  1. Өзін - өзі тану (самопознания)

  2. Өзін - өзі бағалау (самооцения)

  3. Өзін - өзі бақылау (самоконтроль)

  4. Өзін - өзі қабылдау (самопринятие)

Өзіндік сана тұлғаның өзін сыйлау деңгейін сақтауда да қатысады.

  1. Өзін - өзі тану – адам рухани жаны мен тәні қасиеттері мен мүмкіндіктерін танып білу, адамдар арасында өз орнын білу. Бұның үш түрлі аспектісі бар:

    1. Өз іс - әрекетіне, мінез – құлқына, қарым – қатынасына, өзге адамдармен қарым – қатынас нормаларына талдау жасай білу керек.

    2. Адамдардың өзіне қатынасын білу.

    3. Өз жағдайын, көңіл – күйін, ойларын бақылау және істеген істерінің мотивтеріне талдау жасай білу.

  2. Өзін - өзі бағалау бағалау шкаласы арқылы анықталады. Олар:

    1. Адекватты – реалды, объективті.

    2. Адекватты емес – жоғары немесе төмен бағалау (неадекватный)

  3. Өзін - өзі бақылау адамның психикалық жағдайы мен регульяциясы, өзіндік іс - әрекеттерін бақылау.

8.2. Сананың түрлі қалыптары.

Адамның санасы екі түрлі жағдайда болады (два состояние сознание).



1. Ұйқылы жағдайы – демалу кезеңі.

2. Сергектік кезеңі.

Адам организмі қызметі 16 сағат сергектігімен 8 сағат ұйқымен (ауысып) кезектесіп отырады.



Бұл 24 сағаттың цикл ішкі бақылау механизмін басқару немесе биологиялық сағат деп аталады.

  1. Сергектік жағдай – сананың белсенді жағдайы, организмнің белсенділігі. Яғни сыртқы ортадан келген сигналдарды талдап бейнелеп отырады немесе организмнің сыртқы ортаға бейімделуі.

  2. Ұйқы – организмнің толық демалысы, және күш жинау.

8.3. Адамның психологиялық қорғаныс механизмдері.

Психологиялық қорғаныс, адамның табиғи қалыпты болмысына тән құбылыс.

Психологиялық қорғаныс қызметі мән – мағынасы бойынша қарама – қарсы екі тарапты құбылыс: бір жағынан, адамды өзінің шын мәніндегі ішкі жан дүниелік болмысына сәйкес болса, екінші жағынан, адамның қоршаған сыртқы әлеуметтік ортаға деген икемділігін кемітеді.

Қорғаныс механизмдері белгілі бір іс - әрекеттің қалыпты шарттары мүмкін болмаған кезде немесе адам істің толық бітпейтінін сезген кезде әрекетке келеді. Психологиялық қорғаныс түрлері: ауыстыру, оқшаулау, жоққа шығару, ығыстыру, көшіру, сәйкестендіру, жаңалау.

IX. Қарым – қатынас психологиясы.

Қарым – қатынас туралы түсінік.



Жеке адамның өзі де- қоғам мүшесі, әрі әлеуметтік тұлға. Сондықтан оның өмір тіршілігіндегі әрбір қимыл-әрекеті, ісі қоғамдық өмір көрінісі. Психология ғылымының кез-келген мәселесі адамның жан дүниесі сырымен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан салаларымен тығыз байланыста. Психологтар мен социологтар зерттеулеріндегі маңызды мәселенің бірі адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесі.

Қатынас орнату нәтижесінде өзара ықпал етіп, адамдар өмір тәжірибесі, іс-әрекеті, ақыл-ойы дамиды, әр-алуан іс-әрекеттерін жүзеге асырып, хабар алысады. Содан олардың арасында тұрақты қарым-қатынас орнайды, өзара бірігеді, әрбір іс-әрекетті орындау нәтижесінде кәсіби іскерлігі артады. Ұжымдық іскерлігі дамып, басқару ісінің мәнін түсінеді. Адамдар өзара қарым-қатынас жасасу арқылы бірін-бірі түсініп, мінез-құлқындағы ұнамды қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді, әлеуметтік жағдайды түсінеді.

Қоғамдық сипатта атқарылатын істердің нәтижелі болуы, ең алдымен адамдардың ақыл-ойы мен дене күшін біріктіре отырып, олардың саналы түрде жүзеге асырылуына тәуелді.

Қарым-қатынас түрлері.

Топтағы, ұжымдағы адамдар арасындағы қарым-қатынастың негізгі екі түрі болады. Іскерлік және жеке қарым-қатынас. Бұл екі түрі де жеке адамдардың бір-бірімен қатынас жүйесін құрайды.

Қарым-қатынастың негізгі психологиялық сипаты.

а) дара адамдар арасындағы қатынас және оның әлеуметтік бағыт-бағдары.

ә) оның психологиялық дамуы мен тірегі.

б) қарым-қатынас жасауының белгі-таңбалары және оның қимыл-қозғалысы бет құбылысының, ым-ишаралары мен көзқарастарынан айқын байқалуы.

в) әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесінен көрінеді.

Қарым-қатынас психологиясы көп жақты және күрделі процесс. Сондықтан негізгі ерекшеліктеріне қарай бір-біріне байланысты үш жақты құрылымы бар.


  1. коммуникативті

  2. интерактивті

  3. перцептивті

Бұл құрылым адамдардың тіршілік әрекетінде қарым-қатынастың негізгі қызметі болып табылады.

Қарым-қатынастың коммуникативті жағы немесе коммуникация жеке адамдар арасында информация алмасу (общение как обмен информации).

Интерактивті жағы адамдар арасында пікір, идеалар алмасу мен қатар іс-әрекет барысындағы қарым-қатынасы.

Перцептивті жағы араласушы адамдардың бір-бірін түсіне білуі, ықпал жасауы, қабылдауы,өзара қатысы, байланысы, информация алмасуы.

Іскерлік қарым – қатынас

Іскерлік қарым-қатынас жеке адамдардың іс-әрекет барысындағы қатынас жүйесі, оның құрамы:


  1. іскерлік әңгімелесу

  2. телефондық іскерлік әңгімелесу

  3. аудитория алдында сөйлеу

  4. қызметтік кеңес өткізу

  5. іскерлік құжаттармен жұмыс.

Топтың әлеуметтік психологиялық жағдайы.

Жеке адам басқа адамдармен тікелей қарым-қатынаста болып, өзінің әлеуметтік мәнін жүзеге асыруда бір-бірімен тығыз байланысты топтарда болады. Топтың түрлері:

Қалыптаса бастаған өзара қатынастар еркіне қарай шағын және бастапқы топтар болады.

Құрылу принципі мен әдісіне қарай шартты және нақты, формалды және формалды емес топтар болады. Адамдардың уақыт және кеңістік белгілері негізінде топтардың қалыптаса бастауы – ассоциация деп аталады. Мысалы: 1 курс, 1 класс. Ассоциация күрделі қауымдастық корпорацияға айналады. Корпорация адамдардың өзара тұйық бірлестігі

Ұжым ол қоғамда, қызметте ортақ мақсатқа біріккен, психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ұжымдық қарым-қатынас жасаудың негізгі объектісі адамдардың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің көңіл-күйі, сергектігі, болашақ мақсат-мүддесі әлеуметтік психологияда өзекті мәселе ретінде жеке қарастырылады. Бұл мәселе ұжымдық мүдде деп (аталады) саналады.

Адамдардың қоғамдық жұмыс түрлерінде еңбек өкімділігін арттыруы, олардың жасаған жұмыстарына саналы түрде жауапкершілікпен қарауы, ең алдымен, сол ұжымда қалыптасқан әлеуметтік- психологиялық ахуал орнатуы қажет.

Екіншіден, іскер адамдардың әлеуметтік белсенділігі мен қоғамдық санасын өрістету үшін әрбір қызметкер, жұмысшы мен жетекші арасында жағымды қарым-қатынас орнатып, олармен жоспарланған істерді жүзеге асйру үшін әр адамның даралық мінез-құлқын білуді талап етеді. Мұндай талап әлеуметтік психологияда ерекше орын алатын мәселенің бірі адам факторын үнемі ескеріп, ерекшеліктерімен санасып отыру қажет.



Адамдар арасындағы қарым-қатынасты зерттеген кезде психологиялық зерттеу әдісінің бірі таңдау. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған американ психологы Дж. Морено. Бұл әдіс объективті әдіс оны әлеуметтік психологияның басқа әдістерімен бірге адамдардың бір-бірімен өзара қатынасын зерттеген кезде қолданылады. Таңдау әдісі-социометриялық әдіс деп аталады.

X. Басқару психологиясы.


Басқару ісінің жалпы психологиялық мәселелері.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас орнатудың мынандай ерекшеліктерін қарастыруға болады:

1 – ші жетекшінің жеке басына қойылатын талап-тілектер мен оның психологиялық бейнесі.

2 – ші басқару жұмысының жүйесі мен стилі және адамдар мен топ ішіндегі психологиялық ахуал.

Жетекшінің немесе басқарушының өзіндік тәсілі дегеніміз-сол адамның істелетін істер мен атқарылатын қызметтерді қалайда жүзеге асырып отырудағы біліктілігі мен өзіндік әдіс-тәсілдерді қолданып отыруы. Басқару ісіндегі жетекшінің басшылық қызметі өзіндік әдіс-сипатымен ерекшеленеді. Жетекшінің басқару қызметіндегі өзіндік тәсілі оның жеке басына тән психологиялық өзгешеліктері болып саналатын мінезіне, темпераментіне, ықылас ынтасы мен қабілетіне байланысты түрліше болады.

Жетекші қызметкердің жұмысты басқаруы.

Басқарушы адамдардың даралық ерекшеліктеріне сәйкес оларды психологияда мынандай үш типке бөліп қарастырады:


  1. басқару ісінде демократияшыл тәсіл;

  2. авторитарлық (әміршіл) тәсіл;

  3. ымырашыл тәсіл.

Басқару ісіндегі демократияшыл тәсіл бойынша ұжымды басқару ісі көпшілік талқысына салынып, тиісті шешім мен бұйрық сонан кейін ғана қабылданады.

Басқару ісінде ымырашыл жетекшінің іс-әрекетінде бір жағынан алғанда, тұрақсыздық пен бей-берекеттік орын алатын болса, ал екінші жағынан қарағанда, ондай жетекшінің жұмысты ұйымдастыруға қабілетсіз екнін көрсетіп, әрбір іске немқұрайлы қарайды.

Менеджердің іс әрекетіндегі басқармалық ықпал.

Өз қол астындағыларға мақсаттылы, әрі тиімді түрде ықпал етудің жалпы потенциялды қабілеті үш блок білімдерді меңгерудің нәтижесінде қалыптасады:



  • Басқармалық ықпалдың мазмұны мен спецификасы туралы білімдер.

  • Психологиялық ықпалдың негізгі тәсілдері туралы білімдер.

  • Ықпал етілетін адамдардың индивидуалды ерекшеліктері туралы білімдер.

Ықпал етудің екі деңгейін бөліп көрсетеді: когнитиві және эмоционалды.

Негізгі ықпал етудің тәсілдері:



  1. Иландыру

  2. Еліктеу

  3. Сендіру

Менеджерлердің тұлғасы мен оның іс әрекетінің индивидуалды стилі.

Менеджерлердің жеке адамдық қасиеттерін зерттеудегі психологияда басқару мен жетекшілік ету (лидерлік) мәселелері бөлінеді.

Басқару мен лидердің қасиеттері бір адамның бойынан табылған кезде, идеалды вариант алынады. Басқарушы – лидер: қиыншылықтар мен мәселерді қабылдай алу қабілеті, ұйымдастырушы бола білу, сезгіштік пен көрегендік, өзін -өзі көрсете білу ыңғайы, эмоционалды – психологиялық ықпал ете алу, оптимизм қасиеттерімен сипатталады.

Басқару стилі – бұл басқарушының өзіне тән басқару жүріс – тұрысына әкелетін тәсілдер, әдістер, ықпал ету формаларының тұрақты жүйесі. Басқарудың классикалық 3стилін атап көрсетеді: авторитарлық – күшпен бағындырушы әдістермен басқару. Демократиялық, яғни бірлесе отырып талқылау мен шешім қабылдау. Бос жіберушілік, яғни шын мәніндегі басқару жоқ, формальды түрде ғана бар.

Менеджердің іс әрекетіндегі топтық құбылыстар мен процестерді басқару.

Әлеуметтік ұйым басқаруда құрылым және жүйе ретінде қарастырылады. Ұйым – іс-әрекеті саналы түрде бірлескен іс-әрекетті тәртіптеу үшін және ортақ мақсаттарға жету үшін басқару субъектісімен координацияланатын индивидтердің бірігуінің спецификалық формасы. Мұның барлығы топтық динамика. Топтық динамика – бұл ұйымның тіршілігінің бүкіл циклін сипаттайтын топтың ішіндегі әлеуметтік – психологиялық процестер мен құбылыстардың жиынтығы мен ондағы жүріп жатқан психологиялық өзгерістер; бұл жекеленген, сонымен бірге топтық мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында өзара тәуелділік пен өзара ықпал ету негізіндегі ұйым мүшелерінің өзара әрекеттесу процесі. Топтық динамика келесі құбылыстар мен процестерде көрінеді: басқару мен лидерлік, топтық шешімдерді қабылдау, топтық нормалар мен құндылықтарды жасау, жұмылу, топтық қысым, қақтығыстар және т.б. кез келген топ өзінің даму барысында бірнеше сатыдан өтті: 1)танысу, 2)қақтығыс, 3)жетілген топ, ыдырау немесе жаңа сапаға өту.

Өндірістік қақтығыстар, олардың түрлері.

Қақтығыс түсінігі және анықтамасы, қақтығыстың талдауы және сипаттаудағы негізгі категориялар.Қақтығысты сипаттайтын категориялардың проблемалық алаңы оның құрылымы және динамикалық сипаттамалардан тұрады.

Қақтығыстың құрылымдық сипаттамасын келесі жүйелік компоненттер жатады: қақтығысқа қатысушылар (жақтар), оның жағдайы (пайда болуы және өтуі), қақтығыс пәні, қатысушылар әрекеті, қақтығыстың аяқталуы.

Қақтығыстың динамикалық сипаттамасы қақтығыстың дамуын көрсетеді және қақтығыста не болады (процестер) және қалай пайда болады (осы процестердің регуляторлары) деген сұрақтарға жауап іздейді.

Қақтығыс түрлері және оның оларды түсіндіретін психологиялық концепциялар.



  1. Жеке адамдар арасындағы қақтығыс.

  2. Интерперсоналды қақтығыстар.

  3. Топаралық қақтығыстар.

Конфликтология өзінің пайда болуынан бері практикалық – бағдарлық сипатта болды, қақтығысты шешу міндеттерін қарастырды.

Әдебиеттер тізімі.

  1. Алдамуратов Ә. Жалпы психология / А «Білім»- 1996

  1. Алдамуратов Ә. Қызықты психология / А- Қазақ университеті -1982

  1. Алдамуратов Ә., М. Мұқанов Психология пәнінен лабораториялық,

практикалық сабақтар. 1 бөлім / А-1978; 2 бөлім /А -1979

  1. Богословский В.В.т.б. редакциямен Жалпы психология / А-1980



6. Семинар сабақтарының жоспарлары.




Сағат

саны

Апта саны

Сабақ тақырыбы

Сабақ мазмұны

Әдебиеттер




1

1

1

Психология ғылымының зерттеу әдістері.



1Зерттеу әдістері туралы түсінік.

2.Зерттеу әдістері түрлері.

Ұйымдастыру әдістері.

3. Эмпирикалық зерттеу әдіс-

тері.

4. Мәліметтерді өңдеу және кор-



рекциялық зерттеу әдістері.


1.Алдамуратов Ә. Жалпы психология.- Алматы,1996 13- 16 беттер.

2.Жарықбаев Қ.Б. Психо-логия.- Алматы.,1993,2000, т.б.

3.Гамезо М.В., Домашенко М.А. Атлас по психологии.- М – 1986 24-42 беттер.

4. НамазбаевЖ.И. Психология Алматы.-2005, 29-40 б.

5.Лурия А.Р. Лекции по общей

психологии.-Питер.,2005






2

1

2

Психология ғылымының даму тарихы.




1.Психология ғыл. философия және жаратылыстану ғыл. бірге

дамуы.

2. Ежелгі психология және



Орта ғасырдағы жан туралы ілім.

3.ХVIII және ХІХ ғасырдағы психология ғылымының дамуы.

4.XX ғасырдағы психология.

5. Қазақстандағы психология ғылымының даму барысы.

6. Психологиядағы бағыт-бағдарлар мен мектептер.


  1. Алдамұратов А. Жалпы психология. Алматы, 1996, 18-28 беттер.

2.Жарақбаев Қ. Б. Психология, Алматы, 1993.

3.Ждан А. Н. История психологии. От античности до наших дней. – М., 1990.

4.Ярошевский М. Г. История психологии – М., 1985.

5.Психология. Словарь – М., 1990.

6. Психология:Адамзат ақыл-ой қазынасы.1,2,3,4 том.-Алма-

ты.,2005


7. Жарықбаев Қ.,Қалиев С.

Қазақ тәлім-тәрбиесі.-Алматы.,

1995






3

1

3

Психология ғылымының

Жаратылыстық-

Ғылыми негізі.



1. Психика туралы түсінік.


2 Жоғары жүйке жүйесінің құ-

рылымы және қызметі.

.

3 Психикалық құбылыстар құ-



рылымы.

1.Алдамұратов Ә Жалпы психология. Алматы. 1996. 18-33 беттер.

2. ГамезоМ.В.,Домашенко И.А.

Атлас по психологии.-М.,1986

3. СтоляренкоЛ.Д.Психология.- Ростов н/Д.,2002

4.Леонтьев А.Н. Проблемы раз-

вития психики.-М.,1981,

410-435 стр.

.





4

1

4

Жеке адам психолгиясы


1.Жеке адамның

психологиялық құрылымы.

2.Жеке адамның дамып

қалыптасуына әсер етуші

факторлар

3 Жеке адамның бағыт-бағдары,

қажеттілігі,дүниетанымы,

қызығуы.

4 .Мотивтер сферасы.

.

.


1.Алдамұратов Ә жалпы психология. Алматы. 1996.

2 Психология: Адамзат ақыл-ой қазынасы.10 том.шығарма.

3,5 том.- Алматы.2005

3 Леонтьев А.Н..Лекции по

общей психологии.-М.,2002.

4. Ананьев Б. О проблемах современного человеко-знания. М., Наука., 1977. стр. 187-274.

5.Дубровина И.В.Психология

М.,2003


6. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-Ростов н/Дону,2003

7. Романов К.М.Практикум по

общей психологии.-М.,2002,

259-268 стр.







5

1

5

Іс-әрекет

психологиясы.


1.Іс-әрекет туралы түсінік

2. Әрекет.Әрекет құрылымы

мен түрлері.

3.Іс-әрекеттің негізгі түрлері.

4. Іс-әрекеттің адам өміріндегі

маңызы.


1.Алдамұратов Ә Жалпы психология. Алматы. 1996.

2. Дубровина И.В. Психология.

М., 2003

3.Введение в психологию.-

СПб.,2003

4. Гамезо М.В., Домашенко И.А. Атлас по психологии.- М.,1986. 83- 97 беттер, 13 схема.

5. Богословский В.В. Жал-пы психология.- Алматы-1979.

6. Столяренко Л.Д., Столя-ренко В.Е. Психология и педагогика - Р-н/Д, 2001 стр.49, 51-52.






6

1

6

Түйсіну және

қабылдау


процестері.

  1. Түйсіну туралы түсінік

Түйсінудің физиологиялық негіздері

  1. Түйсіну процесінің түрлері.

мен заңдылықтары..

3. Қабылдау түрлері мен ерек-

шеліктері.

4. Қабылдау қасиеттері мен

заңдылықтары.


1. Алдамуратов Ә. Жалпы психология.- А.,1996

2.Богословский В.В. Жалпы психология.- А,1979

3.Немов Р.С. Психология (3 кітап) / 1 кітап – М. –1995 стр 25-43.

4.Гамезо М.В., Домашенко И.А. Атлас по психологии.- М.,1986

5.Лурия А.Р. Ощущение и восприятие .- М.,1987

6.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Том1 / М –1989

7.Психологический словарь / М-1990.





7

1

7

Ес процесі


1. Ес процесі туралы теориялар мен анықтамасы.

2. Ес түрлері және процестері.

3. Есте сақтау ерекшеліктері мен заңдылықтары.

4. Ес процесінің зақымдануы.


1.Алдамуратов Ә. Жалпы психология.- А,1996

2.Богословский В.В. Жалпы психология.- А..,1979

3.Немов Р.С. Практическая психология.-М. ,998.

4.Лапп Д. Улучшаем память в любом возраст.-СПб.,2003

5.Лурия А.Р. Маленькая книжка о большой памяти.- М.,1994

6.Хрестоматия по общей психологии / М –1978.






8

1

8

Ойлау және

қиял процесі.

1. Ойлау.Ойлау ерекшеліктері мен маңызы.

2. Ойлау түрлері,формалары,ой операциялары.

3. Қиял түрлері мен қиял бейнелерінің жасалу тәсілдері.

4. Қиял және шығармашылық.



1.Богословский В.В. Жалпы психология.-Алматы, 1982

2.Немов Р.С. Практическая психология.-М.,1998 42-56 б.

3.СтоляренкоЛ.Д. Основы психологии.-Ростов н/Дону, 2003

4.Лурия А.Р. лекции по общей психологии.-СПб.:Питер ,2003

5. Ревская Н.С.Психология и педагогика.-М.,2001 99-101





9

1

9

Сөйлеу процесі



1. Сөйлеу түрлері..

2. Сөйлеудің дамуы.

3. Сөйлеуді мәдениеті.




1.Богословский В.В. Жалпы психология.-Алматы, 1982

2.Немов Р.С. Практическая психология.-М.,1998 42-56 б.

3.СтоляренкоЛ.Д.Основы психологии.-Ростон/Дону, 2003

4.Лурия А.Р.Лекции по общей психологии.-СПб.:Питер ,2003

5. Ревская Н.С.Психология и

педагогика.-М.,2001 99-101

6.Рысбекеов Т.З.Психология и

этика делового общения.-Уральск.,2005










1

10

Сезім және эмоция.

Ерік.


1. Сезім және эмоция туралы түсінік.

2. Сезім түрлері

3.Эмоционалдық көңіл-күй түрлері..

4. Еріктің сапалық қасиеттері.




  1. Алдамуратов Ә Жалпы психология / А-1996 2. 2. 2.Богословский В.В. Жалпы психология.-М.,1982. 3.Рубинштейн С.Основы общей психологии.Т.2.,-М.,1989

4.. Реан А.Психология и педагогика.-СПбб-2003 108-120 б.

5.. Романов К.М. Практикум по общей психологии.-М.,2002, 121-133 б.

6.Немов Р.С. Практическая психология.-М.,1998 235-239, 245-249 б.



11

1

11

Темперамент


1. Темперамент туралы түсінік

2. Темпераменттің табиғи

негізі.


3. Темперамент типтерінің

психологиялық сипаттамасы.

а) холерик

б) сангвиник

в) флегматик

г) меланхолик




1.Алдамуратов Ә Жалпы психология.- А.,1996.

2. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. 2-х т. Т.2. М. 1980 стр. 52-103

3. Введение психологию – Спб.,2003

4. Бодалев А.А Психо-логия личности М., 988

5. Немов Р.С. Психоло-

гия в 3-х кн. 1. М. 2003

6. Реан А.А. Психология личности. Социализация поведения, общение – СПБ., 2004

7. Столяренко Л.Д.Психология.-Ростов н/Д.,

2003

.





12

1

12

Мінез құрылымы.



1. Мінездің табиғи және әлеу-

меттік жағы.

2. Мінез адам қасиеттерінің

тұтас жүйесі.

2.1 мінез құрылымындағы

сенім

2.2 мінез құрыл. қажеттілік



2.3 мінез құрыл. интеллект.

2.4 мінез құрыл. сезім

2.5 мінез құрылым. ерік

2.6 мінез құрыл. темперамент



1.Намазбаева Ж.И. Психология.-Алматы.,2005

2. Введение в психологию.- СПб.,, 2003

3. Реан А.А. Психология личности.-СПб.,2004.

4. Кон И.С. «В поисках себя» / М -1984

5. Немов Р.С.Общая психология.-М.,1996, 332-341

6. Столяренко Л.Д.Основы пси

хологии.-Ростов н/Д.,2003





13

1

13

Қабілет.

1. Қабілеттің физиологиялық

негізі.


2. Қабілет түрлері.

3. Қабілеттің даму деңгейіне

қарай түрлері.

4. Интеллект туралы түсінік.



1. Психология и педа-гогика/- под ред А.А.Бодалева и др.- М -2002

2. Столяренко Л.Д., Столяренко В.Е. Психология и педагогика.- Ростов-н/Дону – 2001

3. Намазбаева Ж.И.Психоло-гия .-Алматы.,2005

4. Романов К.М.Практикум по

общей психологии.-М.,2002

5.Психологическиетесты.

Под.ред.,А.А.Карелина.-М.,1999





14

1

14

Қарым-қатынас психологиясы

1.Қарым-қатынастың психоло-

гиялық құрылымы.

2. Қарым-қатынас түрлері.

3..Іскерлік қарым-қатынас.



  1. Алдамуратов Ә. Жалпы психология.- Алматы.,1996

2. Реан А.А. «Писхология личности, социализация, поведение общения».- СПб.,2004

3. Столяренко И.С. Психология управления и делового общения.- СПб.,2001 4. Морозов А.В.Социальная психология.-М.,2003

5.Титова Л.Г.Деловое общение.

М.,2005





15

1

15

Топтағы қарым-

қатынас

1.Ұжымдағы тұлғааралық қатынастар

2. Топтық даму деңгейлерінің

принциптері.

3. Топтағы психологиялық

ахуалды зерттеу.

4. Басқару стильдері.


1.Намазбаева Ж.И. Психология.-Алматы.,2005 2.Кашапов Р.Р.Курс практической психо-

Логии.-М.,1996

3. Морозов А.В.Социальная психология.-М.,2003

4. Андреева Г.М.Социальная

психология.-М.,2002






Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет