Бастауыш мектеп мұғалімінің қабілеттері


Педагогиканың негізгі ұғымдары



бет2/12
Дата21.12.2022
өлшемі66,96 Kb.
#163795
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
педсессия

4. Педагогиканың негізгі ұғымдары


Ғылыми тұжырымдарды аңдататын негiзгi педагогикалық ұғымдарды педагогикалық категориялар деп атау қабылданған. Олардың қатарына тәрбие, оқу, бiлiм категориялары кiредi. Педагогика сонымен бiрге даму және қалыптасу деген жалпы ғылымдық категорияларды да кеңiнен қолданады.
Тәрбие – тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсат бағдарлы және ұйымдастырылған үдеріс. Педагогикада тәрбие ұғымы әлеуметтiк және педагогикалық мәнде қолданылады.
Әлеуметтiк мәнiндегi тәрбие – бұл аға ұрпақ жинақтаған тәжiрибенi кiшi әулетке өткiзу.
Кең педагогикалық мағынадағы тәрбие – бұл оқушыда көзделген мақсатқа орай нақты сапа-қасиеттердi қалыптастыруға бағышталып, отбасы мен оқу-тәрбие меке- месiнде арнайы ұйымдастырылған, мақсат-бағдарлы және басқарымды ықпал-әрекеттер үдерiсi. Тар педагогикалық мәндегi тәрбие – бұл нақты тәрбие мiндеттерiн шешуге бағытталған тәлiмдiк iстер мен олардың нәтижесi.
Оқу – бұл көзделген мақсатқа орай нәтижесi бiлiм, ептiлiк, дағдыларды игеру, дүниетаным қалыптастыру, ақыл-парасат, дарыны мен шығармашылық мүмкіндiктерiнің дамуы болған арнайы ұйымдастырылған, мақсат-бағдарлы және басқарымды мұғалiм мен оқушы арасындағы өзара байланысты ықпал- әрекеттер жүйесi.
Бiлiм – бұл әрбiр адамның шынайы болмысты ғылыми деректер, түсiнiктер және заңдар формасында бейнелеуi. бiлiм жақсы оқыған, тәрбиелi, зиялы адам бейнесiн байқатады. Бiлiм – бұл оқушының тәлiм алу үдерiсiнде игерiп жинақтаған бiлiм, еп- тiлiк, дағды, ойлау тәсiлдерiнің жүйелi тобы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет