Бастауыш мектеп мұғалімінің қабілеттері


Педагогиканың шығуы және дамуы



бет3/12
Дата21.12.2022
өлшемі66,96 Kb.
#163795
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
педсессия

5. Педагогиканың шығуы және дамуы


Педагогикалық ойлардың дамып-жетілуі ертедегі шығыс елдерінің Яғни Мысыр, вавилон, үндістан, қытай, философиялық жүйесінде қалыптасып, ежелгі грек философиясының өкілдері Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит еңбектерінде саясат, тәрбие, мемлекет, жеке тұлға туралы құнды пікірлермен жалғасын тапты. Қайта өрлеу дәуірінде 14-16 ғасырларда оқу- тәрбие мәселері жайында гуманистік бағыт қалыптасты. Олардың қатарында социал-утопистер француз жазушысы Франсуа Рабле, ағылшын жазушысы Томас Мор, италилялық жазушы Томаззо Кампанелла педагогикалық ойдың көрнекті өкілдері болды. Олар жаңа дәуір үшін жаңа адам қажет деген көзқарасты ұсынды. Келесі педагогиканың дамуына одан әрі үлес қосқан прогресшіл көзқарастың өкілдері ағылшын ойщылы: Джон Локк, француз ойшылдары Клод Адриан, Гельвеций мен Дени Дидро Француз жазушысы ағартушы философы Жан –Жак Руссо , Швейцарияның педагог-демократы Иоганн Генрих Песталоцци,неміс педагогі Адольф Дистервег.
Қазақ халқының ағартушы қайраткерлерінің әлеуметтік-саяси, философиялық және этикалық көзқарастары ағартушылық бағытта қалыптасты. Халқымыздың атақты ұлдары қоғам қайраткері Жәңгір хан, Шоқан Уалиханұлы, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин және кемеңгер ақын , ойшыл Абай Құнанбайұлы өз елінде білім, ғылым, тәрбие жолымен алға қарай бастады. Олар қазақ халқының өркениетті қоғамға қол жеткізудің бірден-бір жолы өнер-білім, дін, ұлттық тәрбие мен мәдениетті жетілдіру деп білді.
Одан кейінгі толқын халқымыздың біртуар ұлдары Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мағжан Жұмабайұлы және Жүсіпбек Аймауытұлының педагогика саласындағы еңбектері өзінің құндылығымен сипатталады. Ахмет Байтұрсынұлы «Оқу ана тілінде жүргізілсін» деген талапты бастаушы болды. Солай 1912 жылы «Әліппені» жазды. Ағартушы- ғалым оқушыларға ереже жаттатудың тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, ой қорыту, салыстыру әдістерін қолдануды ұсынған еді. Соның дәлелі ретінде 1928 жылы «Қай әдіс жақсы» деген мақаласында дәлелдеп берді.
Орыс педагогикасын әлемдiк даңққа бөлеген Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1871). Ол оқу-тәрбие теори- ясын түбегейлi өзгерiске келтiрiп, педагогикалық тәжірибеде төңкеріс жасады. Қазан төңкерісiнен кейiнгi кеңестiк педагогика жаңа қоғамдағы адам тәрбиесi идеяларын өзiндiк түсiнiм жолымен дамыта бастады. Жаңа педагогикаға байланысты шығармашылық iз- денiстер аймағында белсендiлiкпен қатысқан белгiлi педагог ғалымдар: С.Т.Шацкий (1878-1934), П.П.Блонский (1884- 1941), А.П.Пинкевич (1884-1939) болды. Социалистiк дәуiр педагогикасын танымал еткен Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский еңбектерi. 80-жылдардың ақырында бұрынғы Кеңес республикала- рында мектептi жаңалау мен қайта құру қозғалысы өрiс алды. Өкілдері: Ш.А.Амонашвили, Л.С.Соловейчик, В.Ф.Шаталов, Н.П.Гузик, Н.Н.Палтышев, В.А.Караковский және басқалар болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет