Бастауыш мектеп мұғалімінің қабілеттері


Қазақстанда педагогикалық идеяның дамуы



бет4/12
Дата21.12.2022
өлшемі66,96 Kb.
#163795
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
педсессия

6. Қазақстанда педагогикалық идеяның дамуы.


Қазақ халқының ағартушы қайраткерлерінің әлеуметтік-саяси, философиялық және этикалық көзқарастары ағартушылық бағытта қалыптасты. Халқымыздың атақты ұлдары қоғам қайраткері Жәңгір хан, Шоқан Уалиханұлы, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин және кемеңгер ақын , ойшыл Абай Құнанбайұлы өз елінде білім, ғылым, тәрбие жолымен алға қарай бастады. Олар қазақ халқының өркениетті қоғамға қол жеткізудің бірден-бір жолы өнер-білім, дін, ұлттық тәрбие мен мәдениетті жетілдіру деп білді.
Одан кейінгі толқын халқымыздың біртуар ұлдары Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мағжан Жұмабайұлы және Жүсіпбек Аймауытұлының педагогика саласындағы еңбектері өзінің құндылығымен сипатталады. Ахмет Байтұрсынұлы «Оқу ана тілінде жүргізілсін» деген талапты бастаушы болды. Солай 1912 жылы «Әліппені» жазды. Ағартушы- ғалым оқушыларға ереже жаттатудың тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, ой қорыту, салыстыру әдістерін қолдануды ұсынған еді. Соның дәлелі ретінде 1928 жылы «Қай әдіс жақсы» деген мақаласында дәлелдеп берді.
Ахмет Байтұрсынұлының өткен ғасыр басында – “Мектептің жаны мұғалiм. Мұғалiм қандай болса, мектебi һәм сондай болмақшы. ... Әуелi бiз елдi түзетудi, бала оқыту iсiн түзетуден бастауы- мыз керек. Неге десек, болыстық та, билiк те, халықтық та оқумен түзеледi. Қазақ iшiндегi неше түрлі кемшiлiктің көбi түзелгенде, оқумен түзеледi”- деген ұлағатты ескертпесi бүгiнгi қазақ мектебiнің ұлттық бiлiм стратегиясының тұғыры ретiнде қабылдануда
7.Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы.
Жеке адамның қалыптасуы-күрделі ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты әрі ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты үдеріс болып табылады. Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді. Жеке тұлғаның дамуы оның рухани өсуінің, жетілуінің үдерісі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық салаларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық үдерістерінде болатын сапалық өзгерістер болып табылады. Әр адам өзінше жеке тұлға. Мінез-құлықтары бірдей болуы мүмкін емес. Ерекшеліктері болды. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз-оның өзіне тән мінез-құлқындағы іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Тұлға- жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің жүзеге асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны орындауының нәтижесі. Атақты грек философтары Платон мен Аристотель адамның дамуын алдын ала тағдыр белгілеген тұқымқуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді.
8.Баланың дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлар
Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады жеткіншек және жасөспірім ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді. Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуына белгілеп бере алмайды. Жеке адамның әсіресе балалық және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпал арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп тәрбие мен дамудың арасында екі жақты байланысы болады. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттық, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл – парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл – ой, ерік – жігер, мінез - құлық ерекшелігі мен көрінуге тырысады.
Даму – жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта,тәрбие, т.б. жатады.
Тұқым қуалаушылық – ұрпақтың ата – ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішінініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нәрсе емес. Өйткені баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұқсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялдық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай.
Орта – адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.
Табиғи орта – бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез – құлықтарды да ерекшеліктер байқалады.
Әлеуметтік орта – жеке адамның мінез – құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас олардың көп қырлы іс – әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады.
9. Бастауыш мектептегі педагогиканың зерттеу әдістері
Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық және әдіснамалық. Аталған әдістерге келетін болсақ:
Бақылау әдісі. Бұл – педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылатын әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады.Педагогикалық бақылау – бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің танымдық әдісі. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін зерттеуші түрлі формулаларды, кестелерді, фотосуреттерді, сызбаларды, әсіресе техникалық құралдарды, бейнетаспаға түсіру және т.б. үшін кеңінен пайдаланады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке жазылады. Бақылау әдісіне сүйеніп, оқушылардың сырттай мінез-құлқын, іс-әрекеттерін, сұрақтарға берген жауаптарын зерттеп жазып алуға болады.
Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жанама сұрақтардың және әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдері нақты көрсетілгені жөн.Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғаліммен, сынып жетекшілерімен, мектеп басшыларымен, ата-аналар және басқа да тұлғалармен жүргізіледі. Әңгіме барысында зерттеуші тұлғалардың дербес ерекшеліктерін еске алады. Кейде әңгімеге қатысушылар зерттеушінің сұрақтарына ойдағыдай жауап бере бермейді, керек десе, олар сақтанып, ӛздерінің ойын шын мағынада айтып беруден де бас тартады. Сондықтан әңгіме зерттеушіден үлкен дайындықты, зор шеберлікті, зейінділікті және әдептілікті талап етеді.
Эксперимент. Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық үдерісті әдейі зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Педагогикалық эксперименттерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Экспериментті зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады
Оқушылардың жұмысын зерттеу.Оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасаған заттары т.б, педагогикалық зерттеуде кейбір қажетті мәліметтерді алу үшін қолданылады. Осы құжаттар арқылы оқушылардың дербес қабілетін, оқуға және еңбекке көзқарасымен қатынасы, олардың теориялық және практикалық дайындықтарын, осыған орай, мұғалімдердің де іс-әрекетін зерттеп анықтауға болады.
Анкета – арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауап нұсқалардың қатаң логикалық құрылысы. Анкета мүмкін деген бірнеше жауаптары бар жабық сұрақтардан да тұрады. Анкета әдісі кӛбінесе тұлғалардың бір-біріне, оқиғаларға, іс-әрекет, пікірлерді зерттеуге деген қатынасын анықтау үшін қолданылады.
Педагогикалық құжаттарды зерттеу – білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Мектеп іс-әрекетінің нәтижесіне баға беру үшін тестердің, емтихандардың, бақылау жұмыстарының, шығармалардың, эсселердің, жобалардың, суреттердің ерекшелігін зерттеудің маңызы зор. Бұл зерттеушіге мектептің оқу-тәрбие үдерісіндегі іс-әрекетінің шынайылығын анықтауға,себеп-салдарының байланыстары, оқушының жеке тұлғасының дамуына әсер ететін факторларды айқындауға мүмкіндік береді.
Теориялық деңгей әдістері. Ғылыми танымның екінші деңгейі теориялық деңгей әдістері деп аталады. Мұндай зерттеу әдістері ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдардың тәуелділігін айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қорытындыларға ӛту барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға кӛметеседі. Теориялық деңгей әдістерінің бірнеше түрлері бар.
Әдебиет көздерін зерттеу – зерттеудің бастапқы құрылымдық бӛлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс- әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеушінің осы саласы оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрынғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы.
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс.Мұндай әдіске: ғылыми тақырыпқа байланысты кітаптардан деректер жазу (библиография) – зерттелетін мәселеге байланысты іріктеліп алынған деректік әдебиеттер тізімі; реферат жазу – жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны; конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан- жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар; аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмұнынан қысқаша ақпарат жазу; сілтеме (цитата) беру – әдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мәтінге ендіре жазу.
Талдау мен синтез. Талдау – эмпирикалық материалды механикалық бӛлу немесе тұтастың құрамындағы элементтердің ӛзара қатынас формаларын анықтау. Талдау элементарлы сипатта болуы мүмкін, мұндай талдауда элементтердің бір- біріне және тұтастай бастапқы жүйеге қатынасы айқындалмайды. Сондай-ақ ол қатысы бар болуы мүмкін, мұндай талдауда элементтердің бір-біріне қатынасы кӛрініс табады. Талдау барысында зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде жинақтауға болады.
Конъюнкция (лат. «сonjuction» – одақ, байланыс) ережесін де қолдануға болады, бұл ереже бойынша екі немесе одан да көп пікірлерді бір күрделі сөйлемге біріктіруге болады. Талдау мен синтез диалектикалық түрде бір-бірімен тығыз байланысты, «талдау» термині көбінесе зерттеу үдерісін тұтастай анықтау кезінде қолданылады. Cондай-ақ белгілі бір нәтижелері бар деректерге жүйеге келтіруде және оны талдау жасап, салыстыруға болады.
Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бӛлу. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөлу үдерісі болып табылады. Дәріптеушілік – дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады.Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері. Бұл әдістер кӛмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.
Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. Модельдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерртеу әдісі. Модельдеу – ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік болады. Модельдің түрін таңдау таным зерттеу объектісінің күрделілігіне байланысты.
Болжау әдісі – педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады.Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, түсініктер мен заңдарға айналдыру үшін зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет.
Педагогикадағы математикалық және статистикалық әдістер. Сауалнама, эксперимент жолымен алынған деректерді өңдеу үшін, сондай-ақ зерттеліп жатқан құбылыстар арасындағы сандық тәуелділіктерді анықтау мақсатында қолданылып, эксперимент нәтижесін бағалауға, қортындылардың нақтылығын арттыруға, теориялық тұжырымдарды негіздеуге жәрдемдеседі. Математикалық әдістер арасында педагогикада ең көп қолданылатыны тіркеу, өлшемге түсіру т.б. әдістер.
10. Оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестің тиімділігі мен нәтижелігін көрсетеді. Сондықтан жалпы оқыту процесіндегі оқушылардың білім, білі- гін және дағдыларын тексеру мен бағалаудың қандай орын алаты- нын, онда оқыту және тәрбие үшін қандай потенциалды мүмкін- діктер барын, бұл мүмкіндіктерді оқу іс-әрекетімен белсендіру үшін қалай дамытып, пайдалану керектігін, оқыту жемісті болу үшін нәтижесіне не ықпал ететінін қарастыру қажет.
Оқыту нәтижесін тексерудің мәні – оқытушылардың белгілі бір бағдарлама, пән бойынша білім беру стандартына сай білімді меңгеру деңгейін анықтау. Алайда қазіргі педагогикада тұтас пе- дагогикалық процесті тексеру мен бақылау ұғымдарының ауқы- мы айтарлықтай кең.
Оқытуды бақылау дегеніміз, бір жағынан, мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің әкімшілік-ресми тәртібі, нәтижелерін басқару шешімдерін қабылдау үшін қызмет ету. Ал, екінші жағынан, мұғалімнің оқушылар білімін тексеру мен баға- лауы. Отандық ғылымда «педагогикалық диагностика» атауының қолдану аясы тар және, көбінесе, тәрбие саласында көбірек қол- данылады, онда ол тәрбиелік деңгейдің өлшемі мен талдауын біл- діріп, психодиагностикаға жақындай түседі.
Оқыту процесіне қатысты «педагогика диагностикасы» атауын жоғарыда келтірілген мағынада қолданылған орынды. «Бақы- лау», «педагогикалық процесс нәтижелерін тексеру мен есепке алу» сияқты дәстүрлі атаулармен де қолдануға болады.
156 Педагогика
Бақылаудың үш түрi бар.
Алдын ала бақылау: сабақ өткiзу үшiн әзiрленген жоспарлар, материалдармен танысу; түсiндiру, бекiту әдiстерi мен формала- ры туралы, оқушылардың өзіндiк жұмысының тәсiлдерi туралы әңгiме жүргiзу.
Күнделiктi бақылау: сабақты немесе сабақтардың өтуiн бақы- лау, оқушылардың бiлiмдерi мен дағдыларын тексеру, оқушылар жұмысын тексеру.
Қорытынды бақылау: белгiлi бiр уақыт аралығындағы мұ- ғалiмнiң оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысының нәтиже- лерiн зерттеу. Журналдар, мәлiмет тiзiмдердi тексерiп, бақылау жұмыстары, сұрақ-жауап өткiзу.
Бақылау мазмұнының мәні ерекше. Тексеріске ұшырайтын оқу- шылардың білім, білігі және дағдылары болып есептелінеді. Бі- лімдерден басқа шәкірттердің әлеуметтік және жалпы психоло- гиялық дамуы мектеп жетістіктерін тексерудің мазмұны болып табылады. Мектеп тек білімдерді қалыптастырып қана қоймай, тәрбиелеп, дамытатын болғандықтан, мектеп жетістіктерін тек- серу бағыттарында да жүргізілуі керек.
Осылайша, тұтас педагогикалық процесте оқу-тәрбие жұ- мысы нәтижелерін есептеу мен бағалау мұғалімдер мен оқу- шылар қызмет-әрекетіндегі құбылыстардың барлық жағын қамтуы керек.
Мектептерде педагогикалық қызмет-әрекеттің нәтижелерін есепке алу мен бағалау мектеп ішіндегі бақылау жүйесіне енгізіл- ген. Мектеп ішіндегі бақылау қойылған міндеттерге сәйкес тұтас педагогикалық процеске түзетулер енгізу мақсатында оқу-тәрбие процесін жан-жақты зерттеу мен талдау.
11)
Оқушылардың білімді ұғыну сатылары:

1. Білім – ақпараттағы нақты элементтердің орнын анықтау. 2. Түсіну – баяндалған материалды түсіну. 3. Қолдану – ережелерді, тұжырымдамаларды, қағидаларды, теорияларды


идеяларды жаңа жағдайларда қолдану. 4. Талдау – ақпаратты құрамдас бөліктерге бөлу. 5. Синтез (жаңаны жасау) – әр түрлі идеялардан жаңа өнім немесе жоспар жасау. 6. Бағалау – белгілі бір өлшемдер және стандарттар негізінде материалдар мен идеялардың маңызын бағалау

12. Дидактиканың негізгі категориялары –білім беру, оқыту, сабақ жүргізу, оқу, оқыту принциптері және мұның құрамды бөлімдеріне тиесілі міндеттері, мазмұны. Дидактика педагогика ғылымының дербес бір саласы болып табылады. Дидактиканың зерттейтін пәні - білім беру мен оқытудың теориясы мен практикасы. Басқаша айтқанда, дидактика білім беру мен оқыту процесінің заңдылықтары мен ережелерін, мазмұны мен формасын, әдіс-тәсілдерін зерттейді. Оның негізгі мақсаты - нені оқыту керек және қалай оқыту керек деген сұрақтарға жауап беру. Дидактиканың негізгі ұғымдары - білім, іскерлік, дағды. Білім деп адамның табиғат пен қоғам заңдарын тануының нәтижесін, басқаша айтқанда, әрбір ғылым саласында жинақталған фактілер мен ұғымдар, заңдылықтар жүйесін айтамыз. Іскерлік деп білім негізінде оқушының белгілі іс-әрекетті орындай алу бейімділігін айтамыз. Дағды деп әрекеттің саналы түрде автоматтануын айтамыз. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. Іскерлік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екенін көрсетеді.



13. Бастауыш мектептегі оқыту процесі, оның ерекшеліктері
Оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда неғұрлым оңай басқарылатын, жылдам іске асырылатын, нәтижесі жылдам тексерілетін процесс.Сыныптағы оқыту процесіне, мұғалім мен шәкірттердің іс-әрекеттеріне сыртқы факторлар әсер етпейді.Ал тәрбие процесінде ойлаған мақсаттарды, белгіленген тәрбие шараларын жылдам іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау мүмкін емес. Сонымен бірге тәрбие жұмысын өткізуге сыртқы факторлар зиянды әсер етеді.Оқыту мен тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығы мен қарама-қайшылығында ашылады.
Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алу таным жолындағы оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесі – бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі
Сабақ беру процесінде мұғалім оқушыларды білім алу әдістері мен тәсілдеріне үйретеді. Оқушылар сабақта түрлі іс-әрекеттерінің барысында дамиды, олардың ғылыми көзқарастары қалыптасады. Бұл оқу процесі. Оқу – бұл оқушылардың іс-әрекеттерінінң, яғни объективтік әлемді танудың ерекше формасы.Оқу – оқыту процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті.Оқыту процесінің компоненттері: оқытудың мақсаты, мазмұны, формалары, әдістері, нәтижесі. Оқыту процесінің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты.
14.Оқытудың заңдылықтары, принциптері, әдістері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет