Негіздер.
Негіздер - ол молекуласы металл атомынан және бір немесе бірнеше гидроксил (-ОН) топтарынан тұратын күрделі зат. Олардың арасындағы NH4ОH орны ерекше, өйткені аммоний гидроксидінің құрамында металл жоқ.
Жалпы формуласы: Ме(ОН)х мұндағы х – гидроксилдік топтың саны, ол металл валенттілігіне тең.
Негіз молекуласындағы гидроксил тобының саны металдың валентілігі мен негіздің қышқылдылығына тәуелді.
Негіз молекуласындағы металл атомы гидроксилдік топтағы оттек атомымен байланысады.
Мысалы;
Негіздердің химиялық қасиеттері ОН- тобының болуымен түсіндіріледі:
Ме (ОН)х
1) сілтінің судағы ерітінділерінің индикатор түсін өзгертуі;
Индикатор
|
Сілті ерітіндісіндегі индикатордың түсі
|
лакмус
|
Көк
|
фенолфталеин
|
Қызыл-күрең
|
метилоранж
|
сары
|
2) негіздер қышқылдармен әрекеттесіп, тұз және су түзеді;
– Қышқылдармен негіздердің арасындағы реакцияны бейтараптану реакциясы деп атайды.
NaОH+HCI=NaCI+H2О
Ni(ОH)2+2HNО3=Ni(NО3)2+2H2О
3) сілтілер қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп, тұз және су түзеді;
Ca(ОH)2+CО2=CaCО3↓+H2О
Ba(ОH)2+CО2=BaCО3↓+H2О
4) сілтілер амфотерлік оксидтермен әрекеттеседі;
2RbОH+ZnО= Rb2ZnО2+H2О
5) сілтілер тұздармен әрекеттесіп жаңа негіз түзе алады, ол үшін жаңа негіз немесе жаңа тұз тұнбаға түсуі керек:
2KОH+Fe(NО3)2=Fe(ОH)2↓+2KNО3
Ba(ОH)2+Na2SО4=2NaОH+BaSО4↓
6) суда ерімейтін негізді қыздырса, ол негіздік оксид пен суға ыдырайды:
Сu(ОH)2=CuО+H2О
2Fe(ОH)3=Fe2О3+3H2О
7) сілтілердің ерітіндісі кейбір бейметалдармен (галогендермен, күкіртпен, ақ фосформен, кремниймен), сол сияқты алюминиймен және мырышпен әрекеттесуге қабілетті:
2NaОH+CI2=NaCI+NaОCI +H2О
6KОH+3S=К2S+2K2SО3+H2О
3KОH+4P+3H2О=PH3↑+3KH2PО2
2NaОH+ Si +H2О=Na2SiО3+2H2↑
2KОH+2AI+6H2О=2K[AI(ОH)4]+3H2↑
2KОH+Zn+2H2О=K2[Zn(ОH)4] +H2↑
8) ерімтал сілтілер металдармен әрекеттесіп, амфотерлік оксидтер мен гидроксидтер түзеді:
Zn+2NaОH=Na2ZnО2+H2↑
Натрий цинкаты
2AI+2KОH+6H2О=2K[AI(ОH)4]+3H2↑
калий тетра-гидроксоалюминаты
Достарыңызбен бөлісу: |