Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы»



бет6/32
Дата08.02.2022
өлшемі301,16 Kb.
#119190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет ж не Ы теориясы»

Пысықтау сауалдары

  1. Қауымдық құрылыстың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін атап-атап көрсетіңіз.

  2. Ф.Энгельс рулық қауымды не себетпі "алғашқы қауымдық коммунизм" деп атақған?

  3. Қауымдық құрылыста адамдар арасындағы қатынастарды қандай нормалар реттеп отырады?


Дәріс 6
1.Мемлекет функциялары.
2. Мемлекет механизмі (аппарат) құрылымы.
Мемлекет теориясы мемлекеттің статистикалық және динамикалық қасиеттерін ашып көрсетеді. Статистикалыққа мемлекеттің нысаны, ал динамикалыққа оның функциясы және оларды іске асыру жатады. Мемлекетті ғылыми тану міндетті түрде, оның функциясын тануды болжайды, себебі онда ең алдымен, қандай болмасын мемлекеттің әлеуметтік табиғаты және маңызды сапалық сипаты көрінетін болады.
Мемлекеттің функциялары оның мәнімен қамтамасыз етілген мемлекеттің әрекеттерінің басты бағыттары.
Мемлекеттің функциясының түсінігін, оның мақсаты мен міндеттерімен, сонымен қатар оның жекелеген органдарының функцияларымен салыстыруға болмайды.
Ол түсініктерді бөліп көрсетуге мемлекет функцияларының мынандай белгілері арқылы жүргізіледі:

  1. функциялар тікелей мемлекеттің мәнін нақтылап көрсетеді;

  2. мемлекеттің функциялары пайда болады және оның тарихи мақсаттарына сай дамиды;

  3. мемлекеттің функциясында әртүрлі тарихи кейіптегі оларға тән ерекшеліктері мен қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани динамикасы көрінеді.

Мемлекет функциясы дегеніміз қоғамдағы мемлекеттің әлеуметтік басқаруын іске асыратын қызметінің басты бағыты. Мемлекеттің функциясы өзгергіш категория болып табылады. Ол мемлекеттің бір түрінен екінші түріне ауысқанда өзгеріп отырады. Мемлекеттің қызмет істеу бағыттары мемлекеттің әлеуметтік міндетін және мәнін білдіретін, қоғамды басқарудағы мемлекеттің мақсаттары мен міндеттерін, оның іске асыру тәсілдерін анықтайтын негізгі қызметінің бағыттары. Мемлекеттің қызмет істеу бағыттарын әртүрлі себептерге байланысты топтастырамыз:

  1. қызмет істеуінің ұзақтылығына байланысты - тұрақты, бұл мемлекеттің барлық даму кезеңіне байланысты іске асырылады, және уақытша, мемлекеттің белгілі міндетті орындағанға дейінгі төтенше қызметі болып бөлінеді.

  2. қызметтің міндетіне қарай:

  • негізгі;

  • негізгі емес болып бөлінеді.

  1. мемлекет қызметінің қоғамдық өмірдің қай саласына байланысты іске асырылуына қатысты топтастырылуы:

а) ішкі, саяси билікті іске асыруға байланысты мемлекет ішінде жүргізіледі;
ә) сыртқы, мемлекеттер арасындағы қатынастарға байланысты іске асырылады.
Ішкі қызметті екіге бөлеміз:

  1. негізгі; 2) қосымша (жалпы әлеуметтік);

Негізгі ішкі қызметке мыналар жатады:

  • адам және азамат құқығы мен бостандығын қорғау;

  • меншік түрлерін қорғау;

  • құқықтық тәртіп және заңдылықты қамтамасыз ету;

  • экономикалық;

  • әлеуметтік;

  • ғылыми-техникалық прогресті дамыту;

  • мәдени;

  • экологиялық;

  • салық салу.

Қосымша ішкі қызметке мыналар жатады:

  • жол құрылыстарын жүргізу;

  • ирригациялық және басқа қоғамдық құрылыстар салу;

  • стихиялық апаттармен күрес;

  • әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру т.б.

Сыртқы қызметке мыналар жатады:

  • әлемдік келелі мәселелерді шешуге қатысу;

  • ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, отанды қорғау;

  • шет елдермен өзара тиімді ынтымақтастықты күшейту;

  • сауда қатынасын дамыту;

  • жаулаушылық соғыстарын жүргізу.

Бұлардан басқа мемлекет функцияларын пайда болу себептеріне қарай да топтастырамыз:
а) таптық қарама-қайшылықтар нәтижесінде пайда болған қызметтер түрі;
ә) қоғамдық қажеттіліктерге байланысты пайда болған қызметтер түрі. Кез келген мемлекетке тән мынадай функцияларды атап көрсетуге болады:

  1. экономикалық;

  2. саяси;

  3. әлеуметтік;

  4. идеологиялық.

Мемлекет өзінің функцияларын іске асыруда әртүрлі тәсілдерді қолданады. Оларды құқықтық және ұйымдастырушылық (құқықтық емес) деп бөлеміз.
Құқықтық тәсілдерге мыналар жатады:

  • құқық шығармашылық (заңдарды және басқа нормативті актілерді жасау және қабылдау);

  • құқық қолданушылық (құқық нормаларын іске асырудағы өкілеттілікке ие болған органдардың мемлекеттік билік қызметі);

  • құқық қорғаушылық (құқықтық бақылауды және заңды жауапкершілікті іске асыруға бағытталған қызмет).

Ұйымдастырушылық тәсілдерге мыналар жатады:

  • ұйымдастырушылық-регламентті - бұл құжаттар жобасын жасауға, сайлаулар өткізуді ұйымдастыруға т.б. байланысты мемлекеттік органдар қызметін қамтамасыз етуге бағытталған белгілі құрылымдардың ағымдағы жұмысы;

  • ұйымдастырушылық-шаруашылық - бұл бухгалтерлік есепке, статистикаға, жабдықтауға т.б. байланысты жедел-техникалық және шаруашылық жұмысы;

  • ұйымдастырушылық-идеологиялық - бұл жаңадан қабылданған нормативті актілерді түсіндіруге байланысты, қоғамдық пікірді қалыптастыруға т.б. қатысты түрлі мемлекеттік қызметтердің орындалуын идеологиялық қамтамасыз ететін күнделікті тәрбие жұмысы. Бұл ұйымдастырушылық тәсілдері құқықтық реттеу арқылы іске асырылады.

Мемлекеттің функциясын құқықсыз реттеу қызметтері: мемлекеттік органдар функцияларды іске асыруда көптеген іс - әрекеттер жасайды. Сол әрекеттерді біріктіріп – құқықсыз реттеу қызметі деп атайды.
Мемлекеттің функцияларын орындау тәсілдері: ерікті, еріксіз, сендіру, нандыру. Экономикалық тәсілдер: болжау, жоспарлау, кредит беру, салықта жеңілдік беру, алушыларды монополистерден қорғау.
Мемлекеттің функциясы көпжақты және әртүрлі негіздерге байланысты бөлінеді. Теорияда функцияны оның әрекет аясына қарай ішкі және сыртқы боп бөлінеді.
Ішкі функцияға – мемлекеттің қоғамға байланысты қызмет бағыты. Өз жағынан, ішкі функциялар қоғам өмірінің аясына байланысты саяси, экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық болып бөлінеді.
Саяси функцияға – билікте тұрған әлеуметтік күштің еркін көрсететін мемлекеттің әрекетшілдік бағыты.
Экономикалық функция дегеніміз, экономиканың негізгі бағыттарын мемлекеттік үйлестіруді жасау. Қоғамның әртүрлі даму кезеңдерінде экономикалық функциялар әртүрлі болуы мүмкін: бір кезде, мемлекет шаруашылық қызыметін әкімшілік-командалық жолмен ұйымдастырады, ал басқа кезде-мемлекеттің экономикаға әсері салық және инвестициялық саясатпен, стратегиялық және әлеуметтік маңызды өндірістерді қолдаумен шектеледі.
Әлеуметтік функцияларқоғамның барлық мүшелерінің жөнді өмір жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің әрекетшілдігі. Әлеуметтік функциялар халықтың қауіпсіздігін, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауды, табиғи стихиялық жағдайдың ауыртпалықтарын жоюға, денсаулықты сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің ықпалы. Бұл функцияларды өз жөнінде орындамау мемлекеттің күшінің азайуына, тіпті мемлекеттің жойылып кетуіне әкеліп соғады.
Идеологиялық функцияға көпшілік ақпаратты пайдалану арқылы, қоғамға бір мақсатқа бағытталған ақпараттық ықпал жасау.
Сыртқы функциялар – мемлекеттің басқа мемлекеттер жөніндегі негізгі бағыттары. Мәдениетті мемлекеттер қорғану доктринасын қабылдап екі сыртқы функцияны іске асырады.
Қорғану функция – мемлекеттің қарулы күштерді бекітуге, қауіпсіздікті сақтауға және әскердің соғысқа дайындығын көтеруге, азаматтық қорғануды ұйымдастыруға, шекараны күзетуге арналған әрекеттерінің бағыты.
Басқа мемлекеттермен қарым-қатнас жасау функциясы – мемлекеттің бейбітшілікті қорғауға және басқа мемлекеттермен достықты нығайтуға арналған әрекеті. Қарым қатнас жасау экономикалық, саяси, ғылыми-техникалық және мәдени аяларда жүргізіледі.
Агрессивтік саясатты жүргізуші мемлекеттер басқа аумақтарды басып алу функциясын іске асыруға тырысады.
Мемлекет функциялары әрекет уақыттарына байланысты тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Тұрақты функциялар мемлекеттің барлық даму кезеңдерінде іс жүзіне асырылады, мысалы әлеуметтік, экономикалық функциялар.
Уақытша функциялар мемлекеттің дамуындағы белгілі кезеңдер пайда болады және эволюция кезінде жойылып кетеді.
Оған бір таптың екінші тапты басып жанышуды жатқызуға болады.
Мемлекеттік ықпал ететін объектілеріне байланысты мынандай функциялар бар:

  • қоғамдық тәртіпті сақтау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • экономикалық;

  • салық салу;

  • әлеуметтік қорғау;

  • экологиялық;

  • мәдени.

Мемлекеттің функциясын іске асыру нысаны дегеніміз өзінің сыртқы белгілеріне сай мемлекет органдарының біржақты әрекеті, сол арқылы оның функциялары іс жүзіне асырылады.
Мемлекеттің түрлі саладағы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру үшін құрылатын, белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі. Заң ғылымында « мемлекеттің механизмі» және «мемлекеттік аппарат» синоним ретінде қолданылады. Мемлекет аппараты және оның барлық бөлімдері қоғамдық өмірдің жан-жақты салаларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін басқару және ұйымдастырушылық жұмыстарын атқарады. Бұл органдарға тән заңдылық, мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады және ешуақытта бір-бірінің қызметін қайталауға тиісті емес. Бұл органдардың қызметінің түрлері заңдарға және құқықтық механизмге байланысты. Міне, сондықтан мемлекет аппаратының мынадай қызмет түрлерін көрсетеміз:

  1. тікелей басқару түрдегі қызметі, ол ғылыми нұсқаулардан, тәжірибе алмасудан т.б. тұрады.

  2. құқықтық түрдегі қызметі, бұл құқықтық мәнге ие болады, барлық субъектілер үшін міндетті және мұнда мемлекеттік-міндеттіліктің салдары болады.

Мемлекеттік аппараты қызметінің негізгі құқықтық түрлеріне мыналар жатады:

  1. құқық шығармашылық қызметі;

  2. құқық орындаушылық қызметі;

  3. құқық қорғаушылық қызметі.

Бұл мемлекеттік аппараты қызметінің өздеріне тән сипаттамасы бар және өте күрделі, қиын жұмыс.

Құқық шығармашылық қызметке нормативті актілер жобасын жасау, оларды қабылдау және шығару қызметі жатады. Құқық қорғаушылық қызметке заңдардың орындалуын қадағалау және бақылау, айыпты тұлғаларды заңды жауапкершілікке тарту т.б. қызметтер жатады.


Мемлекеттің механизмі құрылымын бірнеше топқа бөлеміз:

  1. мемлекеттік органдар, өздеріне тән тікелей билік қызметін атқару үшін бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне бағынышты болады.

  2. мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындар, олар билік өкілеттігіне ие болмағанымен, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және т.б. салаларға тән жалпы әлеуметтік қызметтер атқарады. Бұлардың ішінде тек әкімшілік қана билік өкілеттігіне ие.

  3. арнаулы басқару жұмыстарымен айналысатын мемлекеттік қызметшілер.

  4. мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ететін қажетті ұйымдастырушылық және қаржылық мәжбүрлеу құралдыры.

Мемлекеттік органдар дегеніміз мемлекеттік аппараттың өкімет билігіне өкілеттігі бар, мемлекеттік міндетті орындаушы ұйымдар немесе мекемелер. Әрбір мемлекеттік органдарға тән нәрсе: 1-ден, тікелей өзі басқаратын мемлекеттік, қазыналық мүлкінің болуы; 2-ден, бюджеттен қаржыланатын қаржы көзінің, банкте есебі, қаржы құралдарының болуы; 3-ден, қызмет түріне және қызмет тәртібіне қатысты бағынышты ұйымдастырушылық құрылымының болуы; 4-ден, міндетті заң қимылдарын жүргізу үшін лауазымды тұлғаларға және коллегиялық органдарға берілетін билік өкілеттілігінің болуы.
Мемлекеттік органдарды қызмет істеу саласына қарай топтастырамыз:

  1. Мемлекеттік қызметті іске асыру түрлеріне қарай мемлекеттік органдарды: өкілдік, атқарушы-басқаратын, сот, проқуратуралық және басқа қадағалау-бақылау органдары етіп топтастырылады.

  2. Билікті бөлу принципіне қарай – заң шығарушы, атқарушы және сот;

  3. Қызметтердің құқықтық түрі бойынша :

  • құқық шығармашылық, құқық қолданушылық және құқық қорғаушылық;

  1. Иерархиясы бойынша республикалық және жергілікті;

  2. Өкілеттік мерзіміне қарай – тұрақты және уақытша;

  3. Өкілеттік сипатына қарай – жалпылама құзыретті органдар (үкімет) және арнаулы құзыретті органдар (министрліктер) болып топтастырылады.

Мемлекеттік органдарды пайда болу әдісіне қарай: а) алғашқы
(өкілдік органдар), мысалы: мұрагерлік монархия, парламент, президент. Бұл органдар басқа органдар арқылы еш уақытта құрылмайды; ә) туынды (үкімет, проқуратура және т.б.). Бұл органдар алғашқы органдардың өкілеттік беруіне қатысты пайда болады. Мемлекеттік органдар нормативті-құқықтық актілер шығару мүмкіндігіне және бұл актілерді орындауды қамтамасыз ететін әртүрлі тәсілдерді пайдалануға қатысты билік өкілеттігіне ие.
Мемлекеттік органдардың қызмет істеуіне және ұйымдастырылуына қатысты мемлекеттік және құқық теориясы бірнеше принциптерді анықтап береді:

  • адам және азамат құқығы мен бостандығы принципі. Бұл мемлекет қызметшілерінің тануға, сақтауға және қорғауға қатысты міндеттерін туғызады.

  • демократиялық принцип. Мұнда азаматтардың кең түрде мемлекеттік органдардың қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру жүмыстарына қатысуы анықталады.

  • билікті болу принципі. Билік органдары және лауазымды тұлғалар тарапынан басынушылыққа шек коятын механизмінің болуы.

  • заңдылық принципі, барлық мемлекеттік қызметшілердің Конституцияны, заңдарды және заң негізіндегі актілердің сақталуының міндеттілігін білдіреді.

  • жариялық принципі, нақты мемлекеттік органдардың қызметі туралы құқық субъектілерінің хабарландырылуын қамтамасыз етеді.

  • мамандық принципі, мемлекеттік аппарат қызметінің мамандандырылған жұмысшыларды пайдалануға қажетті жағдай туғызды.

  • коллегиялық және дара басшылық принципі, мемлекеттік аппараттың демократиялық және бюрократиялық бастамаларының саналы түрдегі қарым - қатынасын қамтамасыз етеді.

  • сайлау және тағайындау үйлесімділігі принципі, мұнда мемлекеттік басқарудың орталықтану және жергілікті мекемелерге орталық мекемелердің кейбір басқару міндетін тапсыру жүйесінің сай келуі көрсетіледі.

  • иерархиялық принцип, мемлекеттік органдардың мемлекеттік аппаратта әртүрлі дәрежеде екендігін білдіреді.

Бұл принциптердің барлығы ғасырлар сынағынан өтіп, негізделіп жасалған.
Мемлекет тетігі – арнайы органдардың жүйесі, соның көмегімен мемлекет өзінің функциясын іс жүзіне асырады. Мемлекеттік тетіктің құрамдық элементтеріне (бөліктеріне) жататындар: мемлекеттік аппарат, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіп орындары және мемлекеттік қызметкерлер.
Мемлекеттік орган – мемлекет тетігінің құрылымының бөлігі, мемлекеттік қызыметтердің белгілі саласында билік өкілеттігі бар.
Мемлекеттік органдарды мемлекеттік мекемелерден және мемлекеттік емес органдардан айыратын белгілерге мыналар жатады:
а) оларға мемлекеттік-билік сипатындағы өкілеттілікті беру;
б) мемлекеттің еркімен, мемлекеттік органдарды қалыптастыру;
в) мемлекет атынан өз функцияларын іске асыру;
г) заңмен қатаң белгіленген түрлер мен нысандар әрекеттерін орындау;
д) аумақтар масштабында қызыметтердің болуы.
Мемлекеттік органдар бірнеше негіздерге байланысты бөлінеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет