Байланысты: Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет ж не Ы теориясы»
Пысықтау сауалдары Мемлекет және құқық теориясы пәнінің ерекшелігі неде?
Мемлекет және құқық теориясы қандай қызметтер атқарады?
Мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеуде қаңдай ғылыми әдістер қолданылады? Атап-атап айтыныз.
Заң ғылымдар жүйесі қандай бөліктерден тұрады?
Дәріс 2 1. Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымдары жүйесінде.
2. Мемлекет және құқық теориясының салалалық, салааралық заң ғылымдарымен арақатынасы.
Ғылым-адам қызметінің маңызды бір саласы ретінде өте күрделі құрылымнан тұрады.Қоғам мен табиғаттағы құбылыстар мен процестерді зерттеу нәтижесіне байланысты табиғи және қоғамдық ғылым жүйесі қалыптасты.
Қоғамдық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты ғылымның жаңа кезеңдегі дамуы басталды. Осының нәтижесінде қоғам мен табиғатқа тән құбылыстар мен процестерге әрекет етуші заңдарды мынадай түрлерге бөлеміз:
табиғи заңдар,оның зерттейтін пәні-табиғи ғылымдар саласы.
әлеуметтік заңдар,оның зерттейтін пәні - қоғамдық ғылымдар саласы.Қоғамдық ғылымдарға заң ғылымы да жатады.
«заңдар», бұған нормативті заңдар жатады.
Барлық ғылым салалары сияқты,заң ғылымының да зерттеу объектісі бар. Оған мемлекет және құқық туралы мәселелер кіреді.
Қоғамның пайда болып,дамуына байланысты қоғамдық құбылыс ретінде мемлекет және құқық пайда болды.
Мемлекет және құқық қоғамның саяси-құқықтық өміріне әсер ете отырып,қоғамдық құбылыстармен тікелей қатынаста болады. Міне, осыған байланысты заң ғылымының оқыту пәніне қарай өзіндік құрылым жүйесі қалыптасты.
Жалпытеориялық және жалпы тарихи ғылымдар. Оған мемлекет және құқық тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы жатады.
Салалық заң ғылымдары. Бұл заң ғылымына конституциялық құқық,мемлекеттік құқық, қылмыстық құқық, еңбек құқығы, сауда құқығы, салық құқығы т.б. жатады.
Органдар туралы заң ғылымы. Бұл ғылым саласы мемлекеттік органдардың құрылымын, құқықтық-ұйымдастырылуын, қызмет тәртібін зерттейді. Мысалы, соттың және прокуратураның ұйымдастырылуын, прокуратуралық бақылау т.б.
Салааралық заң ғылымы. Бұған халықаралық құқық, жер құқығы, экологиялық құқық, космостық құқық т.б. кіреді.
Іс жүзінде қолданылатын заң ғылымы. Оған сот статистикасы, сот медицинасы, сот психиатриясы, криминалогия т.б. жатады.
Заң ғылымдары жүйесі қоғамдық қатынастардың дамуына байланысты өзгеріп, дамып, жетіліп отырады. Заң ғылымдарының жалпы теориялық бөліміне жататын мемлекет және құқық теориясының орны ерекше.
Мұны білу мемлекет пен құқықтың жалпытеориялық әлеуметтік жүйедегі жағдайын белгілеуге мүмкіндік береді. (философия, экономикалық теория, социология, политология, тарих, этика т.б.) мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы, қызмет етуінің негізгі заңдылықтары жөніндегі заң ғылымын жеке ғылым ретінде біліп, оларды тану негізінде негізгі юриспруденияның түсініктерінің (категорияларының) жүйесін қалыптастыру. Заңтану дегеніміз кең мағынада мемлекет және мемлекеттік басқару және құқықты қолдану жөніндегі білімдердің жиынтығыретінде түсіндіріледі, олардың болуы заңды қызметпен кәсіби шұғылдануға негіз болатындығы айтылады. Юриспруденция – дегеніміз заң ғылымдарының жүйесі.
Мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың қыйын және көпжақты болғанына байланысты іс жүзінде өркениетті қоғам өмірінің барлық жағына тікелей қатынасы бар, бір ғылымның қалпында зерттеу мүмкін емес. Әртүрлі салалардағы білімдерді, мемлекеттік-құқықтық қоғам өміріндегі проццесстерді арнайыландырудан қашып құтыла алмайсың. Соның негізінде, заң ғылымдарының жүйесін құру мен қызметі оларды бөлу жүріп жатыр. Бұл жүйеде, мемлекет пен құқық сол жүйені ұйымдастырушы ретіндегі ерекше орынды алады. Мемлекет пен құқық теориясы мұнда тұтасымен ғылым жүйесіне қатысы бар философияның ролімен сай келеді.
Заң ғылымдарының жүйесінің пәнді зерттейтін ұйымдастырылған өзіне тән құрамы бар.
Оны жалпы бағдарламамен мынадан көруге болады:
1)Жалпытеориялық және тарихи (негізгі) заң ғылымдары: Мемлекет пен құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, ҚР мемлекеті мен құқығының тарихы, саяси құқықтық ілімдер тарихы (кейбір авторлар бұған Рим құқығын қосып, құқық туралы бірінші тарихи ғылым ретінде санайды).
Мемлекет және құқық теориясы негізінен тарихи, себебі теория жалпылама алынған тарих. Ол нақты тарихи – заңды зерттеулердің ғылыми нәтижелеріне сүйеніп өмір сүреді, дегенмен ол мемлекет және құқықты жалпы теория деңгейінде ашадыжәне мемлекет пен құқық теориясының жалпы пайда болуын дамуы қызмет етуі туралы жалпы заңдылықты қалыптастырады, өте көп сандағы нақтылы тарихи жағдайлар абстракцияланады.
Ұлттық мемлекеттің, және ұлттық құқықтың жүйесі қайталанбайды бұл мәнінде жекеше болып табылады. Мемлекет пен құқықтың жалпы даму заңдылықтары әр елде бірдей болмайды.
2)Салалық заң ғылымдары материальдық құқық, мемлекеттік (конституциялық) құқық, әкімшілік, финанс, жер, азаматтық, еңбек, қылмыстық және басқа құқық салаларына бөлінеді және процессуальдық құқық туралы ғылым (мысалы, азаматтық - процессуальдық, қылмыстық процессуальдық құқық). Толығымен осы мәселелер 4 тарауда қаралады (“құқық жүйесі тақырыбында”).
Атап айтатынымыз, кейде саларалық заң ғылымдары бөлініп шығады, әдеттегідей оған салалық комплексті пәндерден шыққандарды жатқызады: шаруашылық құқығы, коммерциялық құқық, ауылшаруашылық құқығы, табиғат қорғау құқығы т.б.
3)Халықаралық құқықты зерттейтін заң ғылымдары: халықаралық көпшілік құқық не халықаралық құқық (мемлекеттердің арасындағы бейбітшілікті қамтамасыз ету мен халықаралық қауіпсіздікті, мемлекеттің егемендігін, ішкі іске араласпау, қарусыздандыру проблемасын реттейді), халықаралық жекешеленген құқық (азаматтық-құқықтық мәселелерді, шет ел азаматтары және жекелеген адамдардың мүліктік құқықтарын, олардың шаруашылық құқығын, еңбек, отбасы және басқа жағдайларды реттейді; осыған байланысты халықаралық жекешеленген құқықты кейбір авторлар ұлттық құқық жүйесінің ішкі саласы ретінде санайды).
Халықаралық көпшілік құқықтың жүйесіне салаларға қосымшалар кіреді: дипломатикалық және консульдық құқық, теңіз құқығы, халықаралық әуе және космос құқығы, халықаралық келісімдер құқығы т.б.
4)Жекелеген мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызмет тәртібін зерттейтін заң ғылымдары (сотты ұйымдастыру не сот құрылымы, проқуратураның қызметі, нотариат, бас бостандығынан ай ыру орындарын ұйымдастыру және оның қызметі т.б.). Бұған мынандай құқыққорғайтын қоғамдық ұйымдардың қызыметін зерттеу де жатады, мысалы адвокатура сияқты.
5)Арнайы не қолданбалы заң ғылымдары, олар арнайы білімдерді кең қолданады, заңды емес жағдайдағы ғылымдардың ережелері мен қортындылары (физиканың, химияның, статистиканың жалпы теориясы, медицинаның, психиатрияның және т.б.) құқықтық есептерді шешу үшін: криминология, криминалистика, сот статистикасы және бухгалтерия, заң психологиясы, сот медицинасы, сот психиатриясы т.б.
Заң әдебиеттерінде құқықтық ғылым жүйесінің құрылымына басқа да көзқарастар бар, тез ауысып отыратын уақыттың ізін алып жүрушілер және авторлардың субъективтік ойлары. Суреттің толықтығы үшін, атап айтсақ, іс жүзіндегі арнайы заң ғылымдарын болу атқарушы билікпен бекітілген – Ресейлік ВАК ғылыми степень және звания (атақ) беруге мынандай тарауларды алдын ала көрсетеді:
Мемлекет және құқық теориясынын тарихы, саяси құқықтық ілімдер тарихы;
Мемлекеттік құқық және басқару, мемлекеттік құрылым, әкімшілік құқық, финанс құқығы;
Азаматтық құқық, отбасы құқығы, азаматтық процесс, халықаралық жекелеген құқық;
Шаруашылық құқығы, арбитражды процесс;
Еңбек құқығы, әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы;
Ауылшаруашылық құқығы, жер, су, орман және тау құқығы, экологиялық құқық;
Қылмыстық құқық және криминология, еңбекпен түзеу құқығы;
Қылмыстық процесс және криминалистика;
Халықаралық құқық;
Сотты құру, проқурорлық қадағалау, адвокатура.
Бірде-бір заң ғылымы жекеленіп, олардың барлығы бірігіп (мемлекет пен құқық теориясынан басқа) мемлекет пен құқықты зерттеуді қамтамасыз ете алмайды, олардың жалпы пайда болу, даму және қызмет етуін (барлық заң ғылымдарының өзінің жүйесінің даму заңдылықтарын) тану мүмкін емес. Бұл мақсатты тек мемлекет пен құқық теориясы орындайды.
Өзінің пәніне сәйкес мемлекет пен құқық теориясы заң ғылымдарының жүйесінде алдыңғы орынды дүниетанымдық белгілеуші пән ретінде алады. Ол басқа құрылымдағы (салалық, жекешеленген, арнайы) заң ғылымдарына қарағанда кіріспе және ғылымды қорыту ролін атқарады, олардың өмір сүруіне, дамуына, заң ғылымдарының бөлінуіне теориялық негіз болып табылады, оларға заңды тәжірибе үшін жалпы түсініктерді қалыптастырады (құқықтық категорияларды) сайып келгенде, сол ғылымдар үшін белгілі методологиялық рольді әлеуметтік проблемаларды жасағанда орындайды, онда салалық пәндердің заң ғылымындағы құрылымы құрайды.
Мемлекет пен құқық теориясының танымдық және тәжірибелік маңызының ерекшелігі, көбірек оның функциясын бөлгенде ашылады (латын functio – іске асыру, атқару, тағайындау) өзі қаралатын сол жүйеге байланысты: не әлеуметтік тұтасымен, не тек заң ғылымдарымен. Кейінгі жағдайда әдеттегідей теориялық, методологиялық, идеологиялық, тәрбие, іс жүзіндегі-ұйымдастыру функциясы бөлініп шығады. Көрсетілген функциялардың мазмұнын ашатын, талдайтын кездер де жеткілікті.
Екі жарым мың жылдан астам ғылымның қалыптасуы мен дамуы, ешқандай әлеуметтік теорияның толығымен бітпегендігінің куәсі. Мұндай жағдайдың мемлекет пен құқық теориясына да қатысы бар, себебі мемлекеттік-құқықтық теория, қоғамның саяси өмірімен тікелей байланысты, қоғамдағы үстемдік идеологияның қалыптасуына қатынасады. Өз жағынан, идеология көзқарастар мен идеялардың жүйесі ретінде әлеуметтік, ең алдымен экономикалық қатынастардың жиынтығын көрсетеді, тек теорияның дамуына ықпал етпей, саяси және басқа да әлеуметтік қызметтерді, мысалы бұқара халықтың, олардың ұйымдасқан топтарының, сол сияқты әлеуметтік белсенді адамдардың болашағындағы жұмыстарын бағдарлайды.
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы және заңды даму проблемалары әруақытта барлық халықтарда даулар туғызған және бірімен-бірі келіспейтін дауларға ұласқан. Ондай даулардың себептері өте көпшілік. Солардың кейбіреулеріне тоқталайық.
Біріншіден, - бұл экономикалық сипаттағы терең себептер. Қандай болмасын өркениетті қоғамда объективті түрде бөлінбейтін байланыс бар, мемлекет пен құқықтың жағдайы мен жалпы елдің экономикалық жағдайының арасында. Экономикалық қатнастар мемлекеттік-құқықтық жағдайға механикалық жолмен ықпал жасамайды, сол сияқты саясат экономиканың алдында болады. Өзінен-өзі бұл объективті байланыстар тек қарама-қайшылықта емес, одан да көбірек қарама-қайшылықтағы соларды түсінуге ұмтылғандардың көзқарастары.
Екіншіден – бұл әлеуметтік – саяси себептер. Көрсетілген даулар және әртүрлі түсініктер, функциональды және құрылымдық, әлеуметтік-тарихи қыйындықтармен алдын-ала белгіленеді. Оларға мемлекет және құқық қалай болсада, олардың қоғамдағы саяси ұйымдар үшін маңыздылығымен және оның дамуындағы барлық кезеңдердегі тұтастықпен.
Үшінші топтағы себептер – мемлекет пен құқық теориясының көп ережелерін әртүрлі оқу – тікелей таным процессінің қыйындығы мен шексіздігінен туады, оның тәжірибемен, қоғам өмірімен байланыстылығынан. Мысал үшін көпқыйындығы бар “мәңгілік двигательді” ойлап табу. Былай қарасақ, физикамен ашылған энергияның сақталуы туралы заң, толық түрде мәңгілік двигательді жасаудың мүмкін емес екендігін дәлелдеген. Энергия өз табиғатымен ешқандай жақтан шықпайды: ол тек бір түрден екінші түрге көшеді. Тіпті мәңгілік двигательді қаржыландыруға тыйым салатын құқықтық актылар қабылданған. Бірақ осы уақытқа дейін сол идеяның әсері жалғасуда. Ал адам баласына ол көп “өткінші” жаңалықтар мен ғылыми табыстарды әкелгені белгілі. Бір сөзбен, таным процессі шексіз және өмірдің өзі сияқты қарама-қайшы.
Төртіншіден, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың нысаны және негізі туралы даулар, оларға әртүрлі келуіне, дүниетанымдық түсінігіне және автордың философиялық сеніміне байланысты болады. Тарихты материалистік және идеалистік түсіну, сол сияқты, әлеуметтік заңдылықтарды ашудағы метафизикалық және диалектикалықтың әртүрлігіне байланысты, принципальды мойындауға не мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды таным мүмкіндігін жоққа шығару, сәйкес келмейді.
Бесіншіден – бұл әлеуметтік – жеке адамдық сипаттағы себептер, өзінің субъектігімен көбірек қыйын. Мемлекет пен құқық проблемалары (мәселелері) қалай болса да, қоғамдық және жеке адамдар өмірінің әрқайсысына қатынасы бар. Мемлекет жағынан, адамдардың құқығы мен бостандығына, азаматтығына кепілдік беріледі. Әртүрлі авторлар мемлекет пен құқықтың кейбір ережелерін қорғай отырып, белгілі қоғамдық идеологияны және жеке басының өмірдегі ұстанымын, өзінің әлеуметтік қызығушылығын көрсетеді. Осыған байланысты байқалып қалғаны, қоғамның белгілі экономикалық және саяси тұрақтылығына байланысты жалпылама мойындалған басындағы дауларға байланысты пікір туады. Тарихтың өзгеруімен “ойлардың адасуы” күшеюде.
Қазіргі отандық мемлекет және құқық теориясы ғылымы өзінің дамуында өте қыйын жолдардан өтті, яғни дүниедегі жалпы ғылымдардың қатарында алғашқы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға деген философиялық талдаудан бастап, шет елдік құқықтық философия мектебін, саяси құқық, құқық энциклопедиясын, ХІХ-ХХ ғасырлардағы Ресей философтары мен ғалым юристерінің жалпы құқық теориясын және кеңестік заң ғылымдарына маркстік-лениндік мемлекет пен құқық теориясының бөлінбейтін ықпал жасаған кезеңін өтті. Осындай мәселелер көрсетілген әдебиеттерде толығымен есептелгендіктен, соны студенттер оқып білуі қажет.
Маркстік-лениндік көзқарастардан басқа мемлекет пен құқық теориясына көзқарастар әруақытта болған және маркстік емес саяси-құқықтық теориялар бар. Мұндай концепциялардың негізгілері нақтылы мемлекеттік-құқықтық теориялар туралы мәселелер бойынша әрі қарай баяндалады.
Кейінгі он жылдың ішінде, отандық мемлекет пен құқық теориясында белгілі эволюциялық кезең өтіп жатыр, маркстік-лениндік мазмұн мен нысанда, әсіресе мемлекет туралы жазу мен түсіндіруде, яғни мемлекет пен құқық туралы кең көзқарастар мен оны зерттеудегі бағыттарда. Бұл қарама-қайшы процесстер, бірақ субъективтік кездермен және қоғамдағы объективтік өзгерістермен сипатталады. Мемлекет пен құқық теориясы жаңа толықтырулармен байыды, яғни мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы, мемлекет пен құқықтың таптығы мен жалпыадамдығының қабысуы.
Социалистік мемлекттің қызметі және эволюциясы туралы жаңа білімдер пайда болды. Буржуазиялық мемлекеттер туралы жаңа-ойлау басталды. Қазіргі мемлекеттіліктің гуманистік және демократиялық бағалылығы туралы жаңа білімдер пайда болды.
Конституциялық заңдылықтың және заңның үстемдігінің демократиялық бағалылығы түсінікті бола бастады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің дамуындағы болашақ бағытының бірі ретінде Әлеуметтік құқықтық мемлекеті туралы жаңа мәселелер туындады.
Заңдылық, адам құқығы мен бостандығы, жекелеген адамдардың құқығының артықшылығы, ұжымдық құрылымдардың құқығындағы тұлғалар – мемлекет, ұлт, халық проблемалары басқаша көріне бастады.
Әдіс (әдістемелер) зерттеулері өзінің пәні мен (объектімен) бөлінбейтін байланыста. Мысалы сол ғылымның (негізгі көпшілік түсініктері) сол не басқа оның категориялары арқылы көрсетіледі.
Дегенмен, түсініктемені қолдану процессі жаңа білімге жету үшін, белгілі методологияның тәртібіне бағынады, оны сақтау объективті-шындықтағы білімді алу үшін міндетті шарт. Категорияны қате пайдалану (кез-келген теориялық ережелерді) қателікке және адасуға әкеліп соғады, яғни жаңа білімді ашуға кедергі жасайды.
Қорыта келе, атап айтатынымыз, қазіргі философияда әдіс (метод) белгілі бір мақсатқа жету, (жолы ретінде түсіндіріледі) тәжірибедегі операцияларды не болмаса шындықты теориялық игерудегі жолдардың жиынтығы. Олай болса диалектика - материалистік әдістеме (методология) қалай түсіндіреді: біріншіден, таным әдісі жөніндегі философиялық ілім және шындықты қайта қалыптастыру; таным процессіне рухани жалпы шығармашылыққа және тәжірибеге дүниетаным принципін қолдану;
екіншіден, ерекше зерттеу жолдарының жүйелік жиынтығы, принциптердің, жолдардың, әдістердің жеке әдістемелердің қандай болмасын ғылымдағы пайдаланылмайтын олар туралы білім.
Мемлекет пен құқықтың жалпы теориясының ғылыми әдістемесін философиялық дүниетаныммен қамтамасыз етілген қолдану ретінде санауға болады және белгілі теориялық принциптердің, логикалық жолдардың және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың арнайы жолдарының жиынтығы. Сонымен, әдістеме белгілі әдістердің, таным жолдарының жиынтығына келтірілмейді, іштей біртұтас, мемлекеттік-құқықтық және саяси-идеологиялық құбылыстың таным аппараты болып есептеледі.
Жоғарыдағы көрсетілгендей мемлекет пен құқықтың әдістемелік жүйесінде бөлініп шығатыны:
Мемлекеттік-құқықтық дүниенің зерттеу принциптері: жан-жақтылық, тарихылығы, комплекстігі, көппартиялығы және көпшілдігі (“плюрализм”- америкалық вариант) тәжірибе мақсат ретінде және танымның шындық жағдайы.
Мемлекет пен құқық теориясының ғылыми түсініктерді жасаған кездегі пайдаланылатын логикалық жолдар: анализ және синтез, индукция және дедукция, аналогиялар, гипотезалар және басқалар.
Зерттеу әдістері:
жалпыға бірдей диалектика-материалистік әдісі, оның жалпылығы барлық нақтылы ғылымдарда және барлық ғылыми танымда пайдаланылғанда көрінеді;
жалпылама әдіс мемлекет пен құқық теориясы үшін және басқа ғылымдар үшін әдістер (салыстыру, абстрагирования, функциональды, жүйелілік және құрылымдық келу, жалпыдан аздау түсінікті көпшілік түсінікке айналдыру, абстртыдан нақтыға көшу және басқалар); оларды пайдалану ортасы белгілі таным мақсаттарына байланысты тежеледі және ғылыми танымның барлық кезеңін қамти алмайды;
арнайы әдістер (арнайы ғылымның қалпында жасалады, бірақ мемлекеттік – құқықтық құбылыстарды зерттеуге кеңінен қолданылады); олардың ішінде статистикалық, математикалық және компьютерлік жөндеу, кибернетикалық, үлгілеу, психологиялық, нақты-социологиялық (байқау, сұрау салу, анкета тарату, доқументтерді талдау (анализ) және басқа да көп әдістер;
жекеше әдістер (мемлекет пен құқық теориясымен шығарылады, басқа заң ғылымдарымен және сол ғылымның шегінде пайдаланылады); олардың ішінде құқықтық шешімді шығару әдісі бар, құқық нормаларын талқылау, формальды заңдылық, салыстырмалы құқықтану және басқалар.
Мұның барлығын білу мемлекет пен құқық теориясының ерекшелігіне байланысты. Мемлекет пен құқық теориясы екіаралық өзіне тән жағдайда болады философия бір жағынан (кейбір авторлар оны “философия және құқық” деп атауы жәйдан жәй емес) және барлық басқа нақты салалық және арнайы заң ғылымдарымен екінші жағынан. Әдіс (әдістердің жиынтығы) терминологиялық жағынан өзінің нақтылы (жекеше) ғылымға тиістілігімен сипатталады. Әдістемелер (жалпы принциптерінің бірлігімен біріккен әдістің тұтас жүйесі; әдістердің жүйесі туралы ғылым) жекелеген ғылымдарға өздерінің қатыстылығымен философиялық, жалпытеориялық және негізгі ғылымдар сипатталады.