Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы»


Мемлекеттік органдарды бөлу



бет7/32
Дата08.02.2022
өлшемі301,16 Kb.
#119190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
Байланысты:
Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет ж не Ы теориясы»

Мемлекеттік органдарды бөлу




Белгілер

Мемлекеттік органдардың түрлері

1.

Қалыптасу жолы

Өкілеттілік жолымен тағайындалатын


Әрекеттердің аумақтық шекарасы

Жоғарғы (орталық) жергілікті


Билікті бөлу принципі

Заң шығару, атқару, сот


Қызмет бабының сипаты

Жалпы қызмет органдары (үкімет)
Арнайы қызмет органдары (министірліктер)


Әрекеттің құқықтық нысаны

Құқықтық шығармашылық
Құқықты қолдану, құқықты қорғау.


Өкілеттіліктің уақыты

Тұрақты
Уақытша

Қалыптасу жолына байланысты өкілеттік және тағайындалатын органдарға бөледі.


Ара – қашықтық шекараларындағы қызметтеріне байланысты жоғарғы (орталық) және жергілікті органдарға бөлінеді.
Биліктің бөліну принципіне байланысты заң шығарушы, атқарушы және сот органдарына бөлінеді.
Қызметінің сипатына қарай жалпы қызмет (үкімет) органдары және арнайы қызмет органдарына бөлінеді (министрлік).
Құқықтың қызмет нысандарына байланысты мемлекеттік органдар құқықтық шығармашылық, құқықты қолдану және құқықты қорғау органдарына бөлінеді.
Өкілеттілік уақытша байланысты – тұрақты және уақытша болып бөлінеді.
Өкілетті органдарға заң шығару органдары және жергілікті билік және басқару органдары жатады.
Заң шығару органдары заңдар қабылдайды, ол заңдарды орындау атқарушы билікке міндетті және сот билігінің қызыметінің негізін құрайды.
Демократиялық мемлекеттерде жоғарғы өкілетті органдарға парламент жатады, ол әр елде әртүрлі аталады (Ресейде – Федеральді жиналыс, АҚШ-та –Конгресс, Польшада - Сейм). Федеративті мемлекеттерде парламенттер әдеттегідей екі палатадан тұрады – жоғарғы және төменгі. Төменгі палата тікелей тұрғындармен сайланады, ал жоғарғы федерация субъектілерінің өкілдерінен тұрады. Парламенттің жанында құрылады және қызмет ететін тұрақты және уақытша комиссиялар болады, олар әртүрлі бағыттарда, парламенттің қызыметіне сай жұмыстарды жүргізеді.
Заң шығарушы мен қатар парламент бюджетті қарайды және бекітеді, үкімет қызметтеріне бақылау жүргізеді, халықаралық келісімдерді қабылдайды (ратифицирует) және бұзады, импичментті іс жүзіне асыруға мүмкіндігі бар.
Атқарушы - өкім етуші биліктің орталық органдарына мемлекет басшысы, үкімет, министрліктер, ведомствалар, комитеттер жатады.
Мемлекеттік органдар жүйесіндегі ерекше орынды сот алады. Бұл биліктің тәуелсіз органы, ол тек заңға сүйеніп және заңға ғана бағынып азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша әділ сот процессін жүргізеді.
Мемлекеттік органдарға құқықорғау органдары, яғни мемлекеттік-билік өкілеттігі бар органдар жатады. Оларға проқуратура, ішкі істер, қауіпсіздік сақтау, сыртқы барлау, салық полициясы, кеден органдары жатады.
Мемлекеттік органдар, оларды қалыптастырудың және қызмет жасауының амалын белгілейтін принциптерге сай әрекет етеді. Ондай принциптерге мыналар жатады:

  1. адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының артықшылық принципі, соған сай мемлекеттік органдар мойындап, сақтап, оларды қорғауы міндетті;

  2. заңдылық принципі, бойынша барлық мемлекеттік органдар Конституцияны, заңдарды және қосымша заңдарды бұлжытпай сақтауға міндетті;

  3. билікті бөлу принципі, үш тәуелсіз биліктің – заң шығару, атқару және сот билігінің бір-бірінен бөлек тәуелсіз, қызмет істеуін бағдарлау;

  4. ашықтық принципі, мемлекеттік органдардың әрекеттерін қамтамасыз ететін ақпараттылық;

  5. профессиональдық принцип, мемлекеттік органдарда кәсіби мамандардың жұмыс істеуіне жағдайлар жасау және соның негізінде олардың жұмыстарындағы жоғарғы деңгейдің сапасына кепілдік беру.

Мемлекет тетігінің құрамдық бөлігіне жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік өндіріс орындары және мемлекеттік қызметкерлер жатады.
Мемлекеттік мекемелер – іс жүзінде әртүрлі ортада – экономикада, білім беруде, денсаулық сақтауда, мәдениетте, ғылымда т.с. қызымет ететін мемлекеттік-билік өкілеттігі жоқ мекемелер.
Мемлекеттік өндірістер - әртүрлі өнім шығаратын, қызмет көрсету не табыс табу мақсатымен басқа жұмыстарды орындайтын шаурашылық құрылымдары.
Мемлекеттік қызметкерлер – мемлекеттік басқару функциясын орындайтын ерекше деңгейдегі адамдар.
Саяси биліктің жүйесіне – мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамда үстемдік ететін қоғамдық бірлестіктердің жүйесі кіреді, соның күшімен берілген саяси билеушілікті іс жүзіне асырады.


Мемлекеттің тетігі



Өкілеттік органдар

Атқару органдары

Сот жүргізу (әділдік) органдары

Прокуратура органдары

Мемлекеттік билікті қамтамасыз ететін материалдық ұйымдастыру құралдары

Мемлекеттік аппараттың ара-қатынасы (1), мемлекеттің тетігі (1+2), саяси биліктің жүйесі (1+2+3), қоғамның саяси жүйесі (1+2+3+4) және қоғамның ұйымдастырушылық жүйесінің құрылысы (1+2+3+4+5).







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет