«Бекітемін» Экономика және басқару


Тақырып 10. Көлік қызметтер нарығындағы баға белгілеу



бет44/71
Дата05.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#25735
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   71
Тақырып 10. Көлік қызметтер нарығындағы баға белгілеу.
1. Көлік қызметтер жүйесінің дамуы.
2. Көлік қызметтер нарығында баға белгілеу.


1. Көлік қызметтер жүйесінің дамуы.
Көлік жүйесі кез келген өндірістің негізгі буыны ретінде қаралады және барлық шикізат, отын, өнім түрлерін жеткізуде басты роль атқарады. Көлік жүйесі елдер арасындағы экономикалық интеграцияда және халықаралық саудадад маңызды фактор болып саналады. Көлік жүйесі туристтерді тасымалдауда басты роль атқарады және адамдар денсаулығын жақсартуға мүмкіндік беретін жүйе ретінде қаралады. Қазіргі уақытта кез келген көлікке келесі талаптар қойылады:

  • Тасымалдау бойынша тұрғындардың қажеттіліктерін толық және уақытында қанағаттандыру

  • Жұмыстың жоғары үнемделуін қаматамасыз ету және тасымалдаудың өзіндік құнын төмендету

  • Негізгі қорлар мен көлік құралдарының айналымдылығын жеделдету мақсатында жүктерді жеткізудің мерзімдерін қысқарту

  • Қозғалу пункттерінде, жүру пункттерінде және жету пункттерінде жолаушыларға комфорт деңгейін жоғарлату

Қ.Р. көлік қызметін мемлекеттік реттеу және басқару негізі ретінде 1994 ж.21 қыркүйекте Президентпен қол қойылған «Қ.Р-ғы көлік туралы»Заңы қаралады. Аталған Заңға сәйкес көлік қызметін мемлекеттік реттеу құқықтық реттеу, лицензиялау, салық салу, қаржыландыру, баға белгілеу, инвестициялық және әлеуметтік саясат жүргізу Қ.Р. заңдылығын орындалуын бақылау арқылы іске асырылады. Көлікті басқару Қ.Р. Көлік және коммуникация Министірлігімен жүзеге асырылады және Қ.Р.Үкіметімен бекітілген Ережеге сәйкес оның негізгі мақсаттарына келесілер жатады:

  • Көлік саласында Қ.Р. мүдделерін қорғау

  • Көлік саласында мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүргізу

  • Барлық көлік түрлерінің қызмет етуінің құқықтық тәртібін анықтайтын заңдылық актілер, стандарттар, нормалардың жобаларын жасау

  • Көлік қызметтерін тұтынушылардың құқықтарының сақталуын бақылау

  • Барлық көлік түрлерінің дамуының мемлекеттік ұлттық бағдарламаларын және концепцияларын жасау

  • Тасымалдаумен байланысты қызметтердің ел экономикасының және тұрғындардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау

  • Көлік жүйесінің қызметін мемлекеттік реттеу қызметтерін іске асыру және жұмыстарын координациялау

Көлік жүйесі жалпы пайдалану көліктері және жеке пайдалану көліктерін қамтиды. Жалпы пайдалану көліктеріне темір жол, теңіз, әуе, автомобиль, өзен, құбырлар жатады. Жеке пайдалану көліктеріне жеке меншіктегі адамдардың өз қажеттіліктеріне пайдаланатын көліктер жатады.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет