Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»



бет27/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері
Спецификация суммативного оценивания за 2, Кәсіптің құпия сырлары 10Ә
4.3. Жер қабықтарының өзара әрекеттесуі
Географиялық қабық компоненттері үнемі бір-бірімен өзара әрекеттеседі (24-сурет). Географиялық қабықтағы барлық үдерістердің пайда болуының негізгі көзі – Күннің энергиясы. Күннің энергиясы ең маңызды деген екі үдерістің – су айналымы және тіршіліктің дамуына әсер етіп – географиялық қабықты түзеді. Күннің белсенді кезеңінде магнитті өрістің әсері жоғарылайды, өсімдіктердің өсу жылдамдығы өзгереді, адамдардың денсаулығы нашарлайды.
Су мен ауа тау жыныстарындағы жарықшалар арқылы еніп, үгілу үдерісіне қатынасады. Өзендер мен жерасты сулары мине ралды заттарды араластырып, жер бедерінің өзгеруіне әсерін тигізеді. Жанартаудың атқылауынан тау жыныстарының ұсақ бөлшектері атмосфераға көтеріледі. Күшті жел тұз, шаңды жоғары көтеріп атмосфераға таратады немесе мұхит пен теңіздерге алып келеді. Тірі ағзалар топырақтың түзілуіне және қалдықтары тау жыныстары қабатын қалыңдатады және түзілуіне қатынасады.
Зат және энергия айналымы. Географиялық қабықтың компо- ненттері – зат және энергия айналымының әсерінен байланысып жатқан тұтас дене. Нәтижесінде қабық аралық зат айналымы жүреді. Зат және энергия айналымының бірнеше түрлері бар: атмосферадағы ауа айналымы, жер қыртысындағы айналым, су айналымы және т.б.
Барлық айналымдардың арасында жетекші рөл тропосферадағы ауа айналымына тиесілі. Тропосферадағы ауаның айналымы өзіне гидросфераны қосып алып, дүниежүзілік су айналымын қалыптастырады. Барлық айналымдар бір-бірімен тығыз байланыс- та. Айналымдағы су басқа компоненттермен өзара әрекеттесіп, Табиғаттағы барлық компоненттер литосферадағы болып жатқан үдерістерді сезінеді. Олардың арасында болып жатқан табиғи апат- тар мен катастрофалар: жанартаудың атқылауы, жер сілкінісі, цу- нами, көшкін және тастардың құлауы.
Географиялық қабықтың дамуында биологиялық айналымның да рөлі жоғары. Жарық жерде жасыл өсімдіктер көмірқышқыл газын және судан жануарлардың азығы болатын органикалық зат- тарды түзеді. Жануарлар мен өсімдіктер өлгеннен кейін бактериялар мен саңырауқұлақтың әсерінен ыдырап, минералды заттарға айналады. Ол минералды заттарды қайтадан өсімдіктер сіңіріп алады. Бір элемент бірнеше рет тірі ағзалардың органикалық затына және бірнеше рет қайтадан минералға айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет