Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»


Заттың қасиетінің өзгеруi



бет30/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері
Спецификация суммативного оценивания за 2, Кәсіптің құпия сырлары 10Ә
Заттың қасиетінің өзгеруi. Темпе ратураның әсе рінен зат қасиетінөзгертеді. Мысалға, балмұздақ күн сәулес інің жылуынан еріп, сұйыққа айналады. Беткі керіліс. Сұйықтың молек улалары бiр-бiрiне тартылып, жабысып тұрады. Бір қарағанда сұйықтың қабығы (терісі) бар тәрiздi болып көріне ді. Мұндай байланысты беткі керiлiс деп атайды. Осының нәтижес інде сушаяндары судың бе тінде жүре береді.
Кез ке лген физикалық денен iң құрамында бе лгiлi бiр мөлшердегiзаттар және олардың өзiндiк масс асы болады. Массаны негiзiнен таразымен өлшейдi. Масса бiрлiгiне килограмм (кг) пайдаланылады.
5.2 Заттардың қасиеттері және оларды жіктеу тақырыбында тәжірибелер жүргізуді ұйымдастыру
Химия осыған дейін өздерің оқып үйренген география, биология, физика сияқты жаратылыстану ғылымдарының бірі. Мұнан баска химия ғылымы геология, экология, т. б. ғылымдармен терең астасып жатады. Ғылым салаларының бұлай байланысып жатуы дүниенің біртұтастығынан, оны оқып білуге әр жағынан келуге болатындығын көрсетеді.
Химия ғылымының энергетикалық, экономиялық, экологиялық, ауыл шаруашылык, медициналық және тағам өндірісіндегі мәселелерді шешудегі маңызы да орасан зор.
Химия - заттар және олардың өзгерістері туралы ғылым. Заттар дегеніміз денелердің құраушылары, мысалы, күнделікті өмірде шыныдан, пластмассадан және металдан жасалған құйғыштар пайдаланылады (су, сүт, бензин құйғанда). Бір дене әр түрлі заттан жасалған. Физикалық денелер - бізді коршаған бұйымдар. Денелердің массасы мен көлемдері болады.
Ағаштан орындық үстел, төсек, т.б. үй жиһаздары жасалады. Бұл мысалда бір заттан әр түрлі денелер дайындалатынын көреміз. Заттардың өзара ұқсастығы мен айырмашылықтарын көрсететін белгілері олардың қасиеттері деп аталады. Оларға заттың агрегаттық күйі, түрі, түсі, тығыздығы, балқу және қайнау температуралары, жылу және электрөткізгіштктері, ерігіштіктері жатады. Мысалы, шыныдан, пластмассадан жасалған шөлмектер алып, оларды ұрып көрсек, шыны шөлмек оңай сынатынын, ал қыздырғанда пластмасса шөлмек оңай балқып, олардың пішіндерінің өзгеретінін байқаймыз. Мұндай өзгерістер физикалық құбылыстар деп аталады.
Ал енді осы шөлмектерді жағып көрсек, ең оңай өзгеретіні - пластмасса шөлмек, ол алдымен балқып, сосын қара күйеленіп жанады, ал шыны мен металдан жасалғандары Мұндай езгеріске түсу үшін оларды өте жоғары температураға дейін қыздыру керек. Бір заттың екінші бір затқа айналуы химиялық құбылысқа жатады, мысалы, сүт тасып кеткенде ол күйіп, көмірленеді. Пластмасса жанғанда басқа заттар тұзіледі.
Физикалық құбылыс кезінде заттардың табиғаты өзгермейді, тек олардың агрегаттык күйі мен пішіні өзгереді, жаңа зат пайда болмайды. Химиялық құбылыс кезінде бір зат басқа жаңа бір затқа айналады.
Заттардың химиялық қасиеттерін химия ғылымы зерттейді.
Осы кезде сан алуан заттар белгілі, олардың саны күн өткен сайын артып отыр, себебі тұрмыстық және өндірістік кажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қасиеттері әр түрлі заттар жасанды жолмен алынуда.
Заттардың қасиеттерін жете білу оларды саналы түрде колдана алуға мүмкіндік береді. «Білмеген у ішеді» деген мақалда халықтың көп жылғы бақылауынан түйген даналық ой айтылған. Шынында да қасиетін білмей тұрып кез келген затты иіскеп, колға алып уқалап немесе дәмін татып көруге болмайды: себебі күйіп, тіпті уланып қалу қаупі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет