Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: А. Х. Қазетова п.ғ. к., аға оқытушы



бет10/50
Дата08.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#180503
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50
Байланысты:
Білім берудегі менеджмент Қазетова
123771970757 Дәріс 2, 14 нед, 7 нед
Қосымша әдебиеттер:

  1. Есполов Т.И., Сулейменов Ж.Ж. Менеджмент. -Алматы, 2018.

  2. Рахымбаев А.Б., Сабатаева Б.О., Бельгибаев А.Қ. Менеджмент. - Алматы: «Нұр-пресс», 2020. -164 бет.

  3. Гапонцева М. Г., Гапонцев В. Л., Федоров В. А. Синергетика в педагогике: целесообразность переноса [Электрон, ресурс] // Образование и наука. 2018. № 9 (57). С.100-109. Режим доступа: http://edscience.ru/sites/default/ fife s/2018/2019-9, pdf.

  4. Гришина Н.В. Психология конфликта. -М., 2018

  5. Педагогическая технология формирования коллектива. - Киев, 2021.

  6. Чернышев А.С. Психологическая школа молодежных лидеров. - М., 2020. - С.106.

  7. Мишаткина Т.В. Педагогическая этика: Учеб. пособие. Ростов н/Д.; Минск, 2019. - С.59-60.

  8. Психология и этика делового общения / Под ред. В.Н. Лавриненко. - М., 2020. 351

  9. Дункан Джек У. Основополагающие идеи в менеджменте. Уроки основоположников менеджмента и управленческой практики / Пер. с англ. - М.: Дело, 2021. - 272 с.

  10. Омарова В.К., Рачинская Н.П., Баринова О.Н., Шевченко Л.В. Педагогический менеджмент и управление современной школой (учебнометодическое пособие). -Алматы: ИП «Отан», 2019. -252 с.

  11. Паньшина Т. В. Мониторинг качества образования: Учеб. пособие.- Алматы, 2007. -104 с.

  12. Полонский В. М. Словарь понятий и терминов по законодательству РФ об образовании. -М., 2020.

  13. Портнов М.А. Азбука школьного управления. -М.: Просвещение, 2020. 55. Рахымбаев А. Б., Сабатаева Б.О. Менеджмент. - Алматы, 2019.

6. Дәрістер кешені

1-2 дәрістің тақырыбы: Менеджмент басқару туралы ғылым


1.Менеджмент ұғымы, оның қалыптасу және даму тарихы
2. Қазіргі менеджменттің даму тенденциялары
1.XXI ғасыр, жаhандану процесі, ақпараттану инновациялық экономиканың автоматтандырылуы барысындағы туындаған әлемдік жаңа өркениеттің бастамасы болуда және өмірдің барлық саласында терең өзгерістер енгізуде. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерделесек, ғалымдар білім берудің даму бағытын зерттеу негізіне алатындығына көз жеткіземіз. Менеджменттің тарихы шамамен жүз жыл және ол түрлі мәдениеті бар және даму деңгейі әртүрлі елдерде сыннан өтті, осыған қарамастан өзінің барлық жүйесінде, өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдей алды. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары менеджмент өз маңыздылығын айқын көрсетті. Қазіргі әлемде менеджмент мамандық ретінде, білім саласы ретінде шын мәнінде интернационалдық болды, оның әлемдегі жетекші маңызы қазіргі таңда сөзсіз, ал теория мен тәжірибенің дамуына, тіпті басқаруға үйретуге әсері неғұрлым зор. Индустриалды қоғамнан ақпараттық (постиндустриалдық) қоғамға ауысу білімнің адам тіршілік әрекетіндегі алатын басты рөлін анықтайды. Білім сапасы тек бір адамның ғана емес, бүкіл қоғамның да табыстылығының маңызды факторы болатындай қоғамдық өмірдің аясында қалыптасуда. Квалиметрия саласындағы белгілі маман А.И.Субетто: «XXI ғасырдың адам және қоғамының жаңа онтологиясында адам қасиеттерінің, қоғам парасатының сапасы және қоғамдағы білім беру жүйесі сапасының озық даму заңы тұрақты даму шарты болып табылады» – деп атап көрсеткендей, бүгінгі таңда бүкіл білім беру жүйесінің дамуымен қатар, оның бөлек мекемелерінде де даму стратегиясының бағыттарын анықтау маңыздылығы едәуір өсуде.
Стратегиялық менеджменттің мәні – үш маңызды сұраққа жауап беруінде:
1) Қазіргі таңда кәсіпорын қандай жағдайда?
2) Бірнеше жылдан кейін ол қандай жағдайда болғысы келеді?
3) Күтілетін жағдайға қалай жетуге болады?
Менеджерлер бірінші сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның ағымдағы жағдайын ұғынумен қатар, осы кәсіпорын құрауышының бірі болу керек. Осы себептен кез келген саладағы басқару, сонымен қатар, білім жүйесінің ерекшеліктерін де жақсы түсінуі тиіс. Мұнда стратегиялық көру, әлеуметтік өмірдің тиісті саласының даму келешегін түсіну, қажет білім беру жүйесінде ерекше деңгейдегі басқару болжамдық сипаттағы ақпараты бар негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарға негізделуі тиіс. Осы нормативтік-құқықтық актілерді әрекет ету саласы, оларды шығаратын субъектілері және басқа көптеген белгілері бойынша жіктеуге болады. Заңдық күші бойынша нормативтік-құқықтық құжаттар 2 топқа бөлінуі мүмкін:
1) жоғары заңдық құқыққа ие заңдар – актілер;
2) заңға тәуелді актілер – заңдарға негізделген және оларға қарамақайшы келмейтін актілер.
Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің « Манус » сөзінен шығып
«қол, күш » деген мағынаны білдіреді. Алғашында мал бағыу саласында оны ұстау, меңгеру шеберлігін білдіреді. Ол адам қызмет саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми практикалық мәнін білдіретін болды. Ағылшын тілінде Ocsford сөздігінде бұл ұғымға мынадай тұсініктер беріледі:
А) Адамдармен қарым- қатынас жасау әдісі.
Ә) Билік және басқару өнері.
Б) Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды.
В) Басқару органы әкімшілік бөлігі.
Менеджмент бұл нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. Менеджмент бұл нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі. Американ экономисті Леотивтің анықтамасы бойынша менеджмент бұл - өнім, технология ,өндірісті ұйымдастыру басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инабациялау, жаңалық мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принцптерін тәсілдермен формалардың жиынтығы. Сонымен менеджменттің бастапқы ұғымы бұл басшылық. Іскер кәсіпорындар тек менеджер арқылы әрекет ете алады. Жеке кәсіпорын өзінің құқықтық формаларына қарамастан басшылығы болу тиіс.
Алғашында менеджментті жалпы алғанда адамдар топталып жұмыс істеген жерде адамдардың қоғамдық үш сферасында болған.
А) Саяси сфера – топтар арасында тәртіпті қабылдау үшін болды.
Ә) Экономикалық сфера – өндірісті және ресурстарды топтау және анықтау.
Б) Қорғаныс сферасы – бұл жаулардан және жабайы аңдардан қорғану үшін.
Ерте қоғам кезінде адамның қызметін бағыттап отыру үшін адамдар қажет болды. Мысалы: Египеттік пирамида басқарушы өнердің ескерткіші болып табылады. Өйткені ондай құбылыстарды мұқият жоспарлау, көп адам жұмыс жасағандықтан солардың қызметін қадағалау қажет болды.
Менеджмент даму кезеңдерін теориялау және практикалау қарап отырып мынадай тарихи кезеңге бөлуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет