46
оқыту рәсімдерін орындауға
бағдарланған қарым-
қатынастар белгіленеді. Яғни мінез-құлық терапиясы кеңес
алушының жағымсыз немесе ақылға қонымсыз ерсі мінез-
құлықтарын, әлеуметтік талаптарға жат қылықтарын реттеп,
түзету
мақсатында
психологиялық
кеңес
беруді
ұйымдастыруға бағытталады.
Рационалды-
эмоционалдық терапия
(А.Ellis)
А.Элистің (А.Ellis) рационалды-эмоционалдық терапия
бағытын ұстанатын кеңес беруші психолог маман –
мұғалімнің, ал кеңес алушы оқушының рөлін атқарады.
Писхологтің кеңес алушымен жеке қарым-қатынасына аса
мән берілмейді. Кеңес алушы өз проблемаларын түсінуге
және осы түсініктің негізінде – ұтымды алғышарттарға
негізделе отырып, өз мінез-құлқын өзгертуге талпынады.
Бұл бағыт кеңес алушының
бойындағы өзін-өзі жоюға
бағытталған мінез-құлық нормаларын өзгертіп, оның
бойында өмірге толерантты көзқарасы мен ұтымды
шешімдер қабылдап, оңтайлы әрекет ете білу қабілеттерін
дамытуды көздейді. Кеңес беруші психолог маманның
міндеті кеңес алушының мінез-құлқындағы және
эмоционалдық проблемаларын
шешуде оған тиімділігі
ғылыми тұрғыдан дәлелденген әдістерді қолдана білуді
меңгерту болып табылады..
Клиентке бағдарланған
терапия (C.Rogers)
Клиентке бағдарланған терапия (C.Rogers) Карл Роджерстің
теориясына негізделген. Клиентке бағдарланған терапия
бағытын ұстанатын психолог маман шынайылық, ізгілік,
эмпатия, құрмет, қолдау көрсету сияқты ұстанымдарға
басымдық бере отырып, клиентке осы ұстанымдар аясында
қамқорлық көрсетеді. Консультациялық
қарым-қатынас
барысында меңгерген дағдыларды клиент басқа қарым-
қатынастарға да қолдануды үйренеді. Психологиялық кеңес
беру процесінде клиенттің өсуіне кедергі келтіретін
факторларды саналы түрде түсінуі үшін қолайлы кеңес беру
ахуалын қалыптастыру; клиенттің психологиялық кеңес
барысында барынша ашық болуға, өзіне сенімділігін
арттырып, өзін-өзі толыққанды
танып-білуіне ынталандыру
маңызды.
Экзистенциалды терапия Экзистенциалды терапия бағытын ұстанатын кеңес беруші
психологтің негізгі міндеті – клиенттердің экзистенциясына
қол жеткізу, онымен дәлме-дәл байланысты орнату. Кеңес
беруші психологпен қарым-қатынас жасай отырып, клиент
өзінің тұлға ретінде бірегейлігін түсінеді. Кеңесші мен
клиент арасындағы қарым-қатынас «адам-адам» байланысы
ретінде қарастырылады, тең бағалы адамдардың «қазір және
осында» кездесуіне ұқсас. Кеңес берудегі байланыс кезінде
кеңесші де, кеңес алушы да өзгереді. Жалпы экзистенциалды
бағыт бойынша психолог маманның
басты міндеті тұлғаға
өзінің еркіндігі мен шексіз мүмкіндіктері бар екендігін
түсінуіне көмектесу және өзінің өмірінде болып жатқан
жағдайлар үшін жауапкершілікті өзіне алуға ынталандыру,
өз еркіндігін шектейтін факторларды анықтауына жағдай
жасау.
47
Коуч форматта кеңес
беру
Кездесу серияларында кәсіби немесе жеке мәселелер
бойынша жеке немесе
ұжымдық кеңес беру тәсілі, оның
барысында адамның тиімділігін барынша арттыру
мақсатында оның әлеуетін ашу жүргізіледі.
(
Фролова С.В., 2015.).
Достарыңызбен бөлісу: