Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01 Білім Пән циклы атауы және коды Ped 1701 Педагогика



бет14/34
Дата07.02.2022
өлшемі125,63 Kb.
#93374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34
Байланысты:
Педагогика. СИЛЛАБУС
32 (2)
11. Тақырыбы: Сабақ – оқытудың негізгі формасы.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Қазіргі сабақтың теориясы.
2.Сабақ – тұтас жүйе, оның компоненттері мен міндеттері( білімділік, дамытушылық, тәрбиелік).
3. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар. Сабақтың типологиясы және құрылымы.
4.Мұғалімді сабаққа дайындау жүйесі.


Дәріс тезисі* Сабақ логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу – тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс-әрекеттің байланысы. Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі болғанымен, бір жағынан оқытудың психологиялық-педагогикалық заңдылықтарына, екінші жағынан білім беру стандартының қоятын талаптарына негізделген.
Сабақтың негізгі компоненттері:
Ұйымдастырушылық - сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртіп.
Мақсаттылық - оқушылар алдына сабақ мақсаты мен оның жеке кезеңдерінің мақсатын қою.
Ынталандырушылық - оқылатын оқу материалының берілген тақырып бойынша және жалпы курс бойынша да маңыздылғын анықтау.
Коммуникативтілік - мұғалімнің сыныппен қарым – қатынас деңгейі.
Мазмұндық - оқылатын, бекітілетін, қайталанатын, өзіндік жұмыстар және т.с.с. материалдарды таңдау.
Технологиялық - сабақ типіне, берілген тақырыпқа, берілген сыныпқа арнап тиімді оқыту түрін, әдісі мен тәсілдерін таңдау.
Бақылау - бағалаушылық - сабақтағы оқушы іс - әрекетін бағалауда оны белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын дамыту үшін пайдалану, қолдану.
Аналитикалық (талдау) - сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар іс - әрекетін талдау, сабақты ұйымдастыру бойынша өз әрекетінің нәтижесін талдау.
Сабақтың үш міндеті:
Білімділік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.
Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл-күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.
Бекіту сұрақтары:

  1. Оқытудың негізгі формасы?

  2. Сабақ құрылымы мен түрлері?

  3. Сабақтың типологиясы?

4. Мұғалімнің сабаққа дайындығы?
Әдебиет:

  1. Әбенбаев С.,Әбиев Ж. Педагогика. Оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2009. – 336б

  2. Бабаев с.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: оқулық. – Алматы, 2011.-228 с.

  3. Подласый И.П. Педагогика. Учебник для бакалавров. Гриф УМО.Юрайт, 2012.-574с.

  4. Подласый И.П. Педагогика в 2 т.: Учебник для академического бакалавриата - М.: 2015

  5. Коджаспирова Г.М. Педагогика: учебник.- М.КНОРУС. 2010.-744с.

  6. Коркина В.И. Дидактика. В схемах и таблицах. – Караганда, 2004 – 209 с.

  7. Краевский В.В. Методология педагогики: новый этап: Учеб. пособие для студентов высш.учеб.заведений - М. Академия, 2006.

  8. Мынбаева А.К, Садвакасова З.М. Инновационны методы обучения или как интересно преподавать.- Алматы, 2009 – С.341.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет