Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01505 Биология Пән циклы атауы және коды



бет5/68
Дата08.02.2022
өлшемі104,3 Kb.
#117447
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
силлабус Биологияға кіріспе 2021-2022 01-биология
мат сауаттылықтан формула, 369 формула(1), BILETY 1 GRUPPA, BILETY 1 GRUPPA, силлабус Биологияға кіріспе 2021-2022 01-биология, Аралық бақылау парағы-1, Рефераты по русскому языку, Рефераты по русскому языку
9.1.2. Тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы, дамуы
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Тіршіліктің өз бетінше пайда болуы
2. Тіршіліктің даму кезеңдері.
Тірі табиғаттың дамуы жайлы алғашқы идеялар Үндістанның, Қытайдың, Месопотамияның, Египеттің, Грецияның ертедегі материалистерінің еңбектерінде байқалады. Олардың ұғымы бойынша табиғаттағы бар зат қозғалыста, өзгерісте болады, сондай-ақ, ол қарапайымдардан күрделі формалар қалыптасады делінген.
Тіршілік деген не? Бұл ұғымға нақты анықтама беру өте қиын. Тіршілікті сипаттаудың ең дұрыс жолы – тірі ағзаға тән негізгі қасиеттерді атап көрсету болып табылады.
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы жөніндегі мәселе – биологиядағы ең бір күрделі мәселе. Ерте заманнан бастап күні бүгінге дейін тіршіліктің пайда болуы туралы шексіз көп жорамалдар, пікірлер айтылып келеді. Бұл жорамалдар бір-біріне қарама-қайшы келетін бірқатар теориялардың шығуына себеп болды.
Ол теориялардың ішіндегі негізгілері мыналар:
1. Жер бетіндегі тіршілікті аса құдіретті ерекше күш жаратты деп түсіндіретін креационизм теориясы. Бұл теорияны қолдаушылар биологияға идеалистік ұғымның енуіне жол ашты.
2. Тіршілік өлі денелерден өздігінен пайда болады деген пікірді қуаттайтын теория. Мұндай пікірді ертедегі греция философы Аристотель, көрнекті голландия ғалымы Ван Гельмонт, ағылшын философы Ф. Бэкон тағы басқалары қолдады. Алайда тіршіліктің өздігінен пайда болуы жайлы пікірге қарсы шыққан Ф.Реди. Л.Сполланцани және Л.Постер өте мұқият жасалған тәжірибелерінің нәтижесінде кез- келген ағза тек өзіндей тірі ағзалардан ғана пайда болады деп дәлелдеді.
3. Тіршілік мәңгі бар деп есептейтін тұрақты жағдай теориясы. Бұл теория бойынша жер еш уақытта да жаңадан пайда болған жоқ, ол әуел бастан мәңгі, олай болса, жер бетіндегі тіршілік те мәңгі - өзгермейді деп түсіндірді.
4. Тіршілік жер бетіне басқа жақтан (ғарыштан) келіп түсті деген болжау ұсынған панспермия теориясы. Мұны жақтаушылар жер мен басқа ғаламшардың арасында үнемі материя алмасу болып тұрады. Сондықтан басқа ғаламшардан жерге өсімдіктің тозаңы, споралары, тіпті ұсақ ағзалар да келіп түседі деген ойда болды.
5. Тіршілік жер бетінде химиялық және физикалық заңдылықтарға сай жүретін әрекеттер нәтижесінде қалыптасты деп тұжырымдайтын биохимиялық эволюция теориясы.
Тіршіліктің пайда болу жолындағы аса бір ірі қадам – ағзалардың бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзуге көшуі. Сөйтіп алдымен хемосинтездеуші, бертін келе фотосинтездеуші ағзалар пайда болды. Олардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде атмосфераға оттегі бөлініп шығып, ағзалардың тыныс алуына жұмсалып, табиғаттағы органикалық қалдықтарды тотықтыра бастады. Міне осылай, энергия босатудың жаңа, өте тиімді әдісі – оттекті ажырау жүрді. Жасыл өсімдіктердің қарқынды дамуына байланысты атмосфера оттегіне бай түсті. Ол оттегінің біразы ағза тіршілігі үшін зиянды ультракүлгін және иондаушы сәулені сіңіріп ұстап қалатын озонға айналды. Озон экранының түзілуі тіршіліктің судан құрлыққа шығып, бүкіл жер бетіне таралуына жол ашты. А.И.Опариннің теориясы қарапайым органикалық қосылыстардан тірі ағзалардың пайда болуы – тіршілік ортасына бейімделудің өте ұзаққа созылған әрекеті болып табылады. Пайда болған ағзалар арасында табиғи сұрыпталу, өзін-өзі ұдайы өсіп-өнуге қабілеттілік сияқты бірнеше миллиондаған жылдарды қамтитын әрекеттер жүруі тиіс. Сондай-ақ қай жерде болса да түзілген органикалық заттарды гетеротрофты ағзалар бірден қорек ретінде пайдаланар еді. Олай болса, ең алғаш абиогендік жолмен пайда болған тірі ағзалар енді одан әрі өздеріне ұқсас ағзалардан тек биогендік жолмен дамыды деген қорытынды туады.
Тірі және өлі табиғаттың барлық обьектілері құрылысы жағынан оларға кіретін элементтердің, яғни, құрылыстың құрылымдық деңгейлерінің иеархиялық байлыныстағы жүйелері болып табылады. Олардың ішінде ең қарапайымдары физиканы танып білу саласына жатады, бұлар – электрондар.протондар, басқа қарапайым бөлшектер. Одан әрі атомдық деңгейлер кетеді, оларды зерттеумен физика да, химия да айналысады. Молекулярлық деңгейден соң субмолекудярлық деңгей келеді – бұл молеулалардың жұмысын бірыңғай бүтін ретінде зерттеу деңгейі; осылайша әрі қарай, ағзалар мен олардың қауымдастықтарының деңгейіне дейін жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет