Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01505 Биология Пән циклы атауы және коды



бет9/68
Дата08.02.2022
өлшемі104,3 Kb.
#117447
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68
Байланысты:
силлабус Биологияға кіріспе 2021-2022 01-биология
мат сауаттылықтан формула, 369 формула(1), BILETY 1 GRUPPA, BILETY 1 GRUPPA, силлабус Биологияға кіріспе 2021-2022 01-биология, Аралық бақылау парағы-1, Рефераты по русскому языку, Рефераты по русскому языку
9.1.4. Тақырыбы: Тірі ағзалардың химиялық құрамы
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Ағзалардың элементарлық химиялық құрамы
2. Бейорганикалық құрамы, функциялары.
3. Биологиялық маңызды қосылыстардың негізгі типтері.
Тірі ағзаның құрамына кіретін молекула- ларды биомолекула деп атайды, демек олардың құрылымы жəне өзара əрекеттесуі тіршілік негізіне жататын процестерді қамтиды. Тірі ағза жасушасының негізін құрайтын қосылыстар: бело- ктар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, липидтер (май жəне май тəрізді заттар), су, минералды тұздар (2-кесте). Осы органикалық қосылыстардың алуан түрлі құрылымы мен қасиетін білу үшін олардың құрамына кіретін ең қарапайым органикалық заттардың кластарын бір-бірінен ажырата білу қажет.
Барлық тірі ағзалар жасушадан жəне олардың метоболиттік өнімдерінен тұрады. Əрбір жасуша тірі жүйеге тəн барлық қыз- метті атқара алады: зат жəне энергия алмасуы жүреді; өседі, кө- бейеді жəне өзінің қасиеттерін басқа жаңа жасушаларға жеткізе алады. Тірі ағзалар жасушаларының барлығы жалпы құрылысы жəне химиялық құрамы бойынша өзара ұқсас. Жасушалардың барлығы бірдей емес, бірақ барлығында да құрылыстық жалпы белгі бар.
Клетканың құрамына кіретін бейорганикалық заттар - химиялық элементтерді кездесу мөлшеріне қарай үш топқа бөлеміз: макроэлементтер, микроэлементтер, улътрамикроэлементтер. Жасушаның құрамына кіретін маңызды бейорганикалық заттарға - су және минералды тұздар, органикалык заттарға -көмірсулар. майлар. нәруыздар және нуклеин қышқылдары жатады.
Су еріткіш қасиетке ие, суда полюсті және зарядталған заттар ериді, оларды гидрофильді заттар деп атайды, ал зарядталмаған заттар ерімейді, суда ерімейтін заттарды гидрофобты заттар деп атайды.
Су молекулалары арасында сутектік байланыстар түзіледі, осы байланытардың түзілуі немесе ажырауына байланысты ағзадағы температура реттеліп отырады.
Нуклеин қышқылдарын ең алғаш рет 1869 ж. Фридрих Мишер клеткалардың ядросынан ашты. Нуклеин қышқылдары дегеніміз — мономер-нуклеотидтерден түзілген полимерлі мо- лекулалар. Әрбір нуклеотид пурин және пиримидин негіздерінен, пентозадан және фосфор қышқылының қалдығынан тұрады.
ДНҚ-ның басты қызметі - тұқым қуалаушылық ақпаратты сақтап, өндіріп, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.
РНҚ-ның молекулалық қүрылымы ДНҚ-на ұқсас болғанымен, біршама өзгешеліктері де бар. РНҚ-ның молекуласы нуклеотидтерден түзілген дара тізбек. Оның құрамына да төрт түрлі нуклеотид енеді, бірақ ДНҚ-ындағы тиминнің орнында РНҚ-ында урацил болады. Сонымен қатар, РНҚ-ның молекуласының барлык нуклеотидтерінде дезоксирибоза емес, рибоза болады.
Көмірсулар - көміртегі, сутегі және оттегінен құралатын органикалыққосылыстар. Оларды қарапайым моносахаридтер, олигосахаридтер және күрделі - полисахаридтерге бөледі.
Моносахаридтер - көп таомды спирттердің кетонды немесе альдегидті туындылары. Олардың жалпы формуласы Сп(Н20)т. Олар көміртегі атомының саны бойынша триозалар(З), тетрозалар(4), пентозалар(5) және гексозалар(б) болып бөлінеді. Моносахаридтердің ішіндегі кеңінен тараған пентозалар: рибоза, дезоксирибоза. гексозалар: глюкоза, фруктоза, галактоза.
Олигосахаридтер - 2 мен 10 арасында ауытқитын моносахаридтерден. құралатын көмірсулар. Табиғатта көбіне дисахаридтер түрінде кездеседі.
Полисахаридтер - мономерлері өзара гликозидтік байланыстарарқылыбайланысып, бірнеше рет кайталаныпкездесетін полимерлер. Полисахаридтердін мономерлері моносахаридтер болып табылады.
Липидтер - жоғары май қышкылдары мен глицериннің қүрделі эфирлері. Жасушаның 5-15%, ал майұлпалары жасушаларының 90% дейін кұрайды. Липидтер гидрофобтық немесегидрофильді-гидрофобтық қасиетке ие, яғни суда ерімейді немесе оте нашар ериді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет