Білім беру ҧйымдарында


-сыныпта «Математика» оқу пәнінің базалық мазмҧнына шамалы ӛзгерістер енгізілген



бет113/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

6-сыныпта «Математика» оқу пәнінің базалық мазмҧнына шамалы ӛзгерістер енгізілген. Атап айтқанда, қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша 6-сыныпта қарастырылатын «функция» ұғымына қатысты тарау 7сыныпқа кӛшірілген. Осы тараудың орынан 6-сыныпта «Шамалар арасындағы тәуелділіктер» тарауы қарастырылады және келесі тақырыптардан тұрады: «Шамалар арасындағы тәуелділіктерді беру тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл», «Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу», «Тура пропорционалдық және оның графигі». Осыған байланысты «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен олардың жүйелері» бӛліміне ӛзгерістер енгізілген. Яғни осы тарауда екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі, екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері, екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу, есептерді сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару материалдары ғана қарастырылады.
5-6-сыныптарда «Математикалық моделдеу және анализ» бӛліміне баса назар аударылған. Әр бӛлімді игерген кезде мәтінді есептерді шығару ұсынылады. Статистикалық мәліметтерді ұсынуға арналған тапсырмаларды орындауға кӛңіл бӛлінген. Бұл практикаға бағытталған есептерді қарастыруға байланысты.

  1. 7-сынып, «Алгебра» оқу пәні.

Оқу пәнінің базалық мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда елеулі ӛзгерістер жоқ. Егер, қолданыстағы оқу бағдарламасында 5 тарау оқытылатын болса, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында 6 тарау оқытылады. Бұл, «функция» ұғымына қатысты материалдар жеке «Функция. Функцияның графигі» тарауы етіп берілген және бұл тарауға 6сыныптан «Функция ҧғымы», «Функцияның графигі», «Сызықтық функция және оның графигі», «Сызықтық функциялардың графиктерінің ӛзара орналасуы», «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жҥйесін графиктік тәсілмен шешу» тақырыптары кӛшірілген. Бұл тақырыптар 6-сынып білім алушыларының игеруіне қиындық туғызады деп есептеп, практикмұғалімдердің ұсыныстары бойынша ауыстырылған.
Практикаға бағытталған, зерттеушілік және шығармашылық тапсырмаларды шешу қажеттілігіне баса назар аудару керек.

  1. 8-сынып, «Алгебра» оқу пәні.

Оқу пәнінің базалық мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда елеулі ӛзгерістер жоқ. Курстың базалық мазмұнына «Статистика элементтері» тарауы (Жиілік. Жиіліктер кестесі. Интервалдық кесте. Гистограмма. Жинақталған жиілік. Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу. Алқап.) қосылған. Бұл тараудың кейбір материалдары қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша 9-сыныпта қарастырылған болатын.

  1. 9-сынып, «Алгебра» оқу пәні.

9-сыныпта қолданыстағы оқу бағдарламасындағы тәрізді «Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жҥйелері», «Тізбектер», «Тригонометрия» бӛлімдері қарастырылады. Оқу бағдарламасының мазмұны комбинаторика мен ықтималдықтар теориясы бойынша материалдармен толықтырылған. Атап айтқанда «Комбинаторика элементтері» бӛлімінде келесі тақырыптар берілген: Комбинаториканың негізгі ҧғымдары мен ережелері (қосу және кӛбейту ережелері). Санның факториалы. Қайталанбайтын «орналастыру», «алмастыру» және «теру» ҧғымдары. Комбинаториканың негізгі формулалары. Комбинаторика формулаларын қолдану арқылы есептер шығару. Ньютон биномы және қасиеттері, ал «Ықтималдықтар теориясының элементтері» бӛліміне Оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мҥмкін емес оқиға. Элементар оқиғалар. Қолайлы нәтижелер. Тең мҥмкіндікті және қарама-қарсы оқиғалар.
Ықтималдықтың классикалық анықтамасы. Статистикалық ықтималдық тақырыптары енгізілген. Қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша бұл бӛлім
10-сыныпта қарастырылған болатын 6. «Геометрия» оқу пәні, 7-сынып.
7-сыныпта білім алушылар «Геометрия» оқу пәнін оқуға енді ғана кіріседі, сондықтан қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында ӛзгерістер жоқ.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет