Білім берудің негізі білім ғана емес, олардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке жетелеу, ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұғымды пайдалану



бет55/92
Дата08.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#118893
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   92
Байланысты:
Ғарыш физикасы

Сабақ қорытындыланады.


Үйге тапсырма беру.


Сабақтың тақырыбы: Төрт құдірет.


Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға бүкіләлемдік тіршіліктің құдіреті – негізгі
Күн – ана, Жер – ана, Су – ана және Ауа екенін және оны
қастерлеу – халық салтын, өмір заңы екенін ұғындыру.
ә) Ұлттың салт – сана, мәдени дағдыларын қалыптастыру.
в) Пәнге қызығушылығын арттыру.


Көрнекіліктер: Таблица, суреттер

І. Ұйымдастыру бөлімі.


ІІ. Жаңа сабақ.

Оқушылар Күн, Жер, Су, Ауа туралы өлеңдерін оқиды.


1 – оқушы: Күн – ана
Әлемге қуатты,
Сәулеме шуақты.
Алып күн беріп тұр,
Жарық күн – көрік нұр.
2 – оқушы: Жер – ана
Аялар анамыз,
Саялар панамыз,
Құлпырған тірлікпен
Жер құтты гүл біткен.
3 – оқушы: Су – ана
Өңірдің өзені –
Өмірдің өзені –
Сусыз жер - өмірсіз
Нусыз, өр, өңір, түз.
4 – оқушы: Ауа – ана
Жер шары – «дәу» әлем,
Қоршаулы ауамен.
Ауасыз кім шыдар?
Ауасыз тұншығар.


Мұғалім: IV. Адамзат баласының жан – жақты рухани үйлесімі дамып қалыптасуына білім мен тәрбие ғана емес, әсем табиғат аясы, жеті қат көк, жер, нұрын төккен Күн мен ай керек екені сөзсіз. Сондықтан да халқымыз жаратылыс әлемін қастерлеп кие санап, пір тұтқан, оған сүйіспеншілік пен қарап, қамқорлық жасап, аялай білген. Осы төрт құдіреттің бірі болмаса, тіршілік тоқтайды.
Күн – ана барлық тірлікке нұр – сәуле шашып тұрған құдіреті күшті – от. Әлемлегі барлық тіршілік күннің күшімен қозғалысқа түсіп, адам өмірін өрнекдетіп тұр. Халқымыз күнге қарап мезгілді анықтап, уақытты мөлшерлеген, келе күннің ауа райын болжаса, Айға, жұлдызға қарап жол жүрген, оған тәу етіп, өз бойына ерекше бір күш алып отырған. Жаңа туған Айға тағызым еткен. Сол себепті жаңа туған Айды көрген – мұрат, жаңа шыққан Күнді көрген – бір мұрат – деп құбылыстарды қастерлей білген.
Жер – ана тіршілікке нәр беріп, адам баласындай асырап жатыр. Оның орман мен тоғай, елге дәулет киелі қазына екендігін халқымыз түсінген. Адам баласы ғасырлар бойы қасиетті жер үшін сан ретқан төгіп, оны бүлдірмеу, аялау үшін талай тер төккені тарихтан аян.


Су – ана Жер жүзіне тіршілік нәрін сіңіріп, тірек болып тұрған, судың өмірге қажетті қымбат, әулие екендігін айтып түсіндірдім. Халық судың шығып жатқан жерін «әулие бұлақ» деп тегін айтпаған.
Ауа – ана барлық тіршілік атаулыға тыныс беруші құдірет иесі. «Ауа - өмір тынысы» деп бекер айтпаған.
Сондықтан табиғат пен адам арасындағы байланыс адамның дамуы, денінің саулығы Күн нұрымен шуағына, Ай сәулесіне, яғни жаратылыс әлемінің өзгерістерімен байланысты екен.
V. Төрт құдіретке байланысты қандай мақалдар, ырымдар мен тыйымдар
білесіңдер?
1. Туған жердің ауасы шипа.
2. Туған жер – алтын бесік.
3. Су анасы – бұлақ.
4. Туған жердің жуасы да тәтті.
5. Су жүрген жер береке,
Ел жүрген жер мереке.

  1. Аспанға тас лақтырма

Аспанға қарап түкірме

  1. Ауаны былғама, Алланың демі.

  2. Ауаны қылышпен кеспе.

  3. Суды улама, суға түкірме.

  4. Жерді теппе, топырақ шашып ойнама.

  5. Ай жарығы – әлемге.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет