Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі n 319 Заңы


-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен



Pdf көрінісі
бет46/61
Дата06.01.2022
өлшемі208,07 Kb.
#110089
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61
Байланысты:
zakon rk ot 27.07.2007 no 319-III kaz
адыс тасыл, Презентация Microsoft PowerPoint (2), мінездеме
      51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен

              жауапкершілігі

      1. Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтік

қызметпен айналысуға жіберіледі.

      2. Педагог қызметкердің:

      1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен

айналысуға;

      2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға

жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;

      3) жеке педагогтік қызметке;

      4) тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары

сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;

      5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;




      6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға;

      7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;

      8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар,

сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық және материалдық көтермеленуге;

      9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;

      10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;

      11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс

алуға;


      12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқығы бар.

      3. Педагог қызметкер:

      1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту

дағдыларын меңгеруге;

      2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін

білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;

      3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет

көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;

      4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін,

шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

      5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы

жетілдіріп отыруға;

      6) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;

      7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;

      8) оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін

құрметтеуге міндетті.

      Міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан

Республикасының 

 көзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

заңдарында

      4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды



қоспағанда, педагог қызметкерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыс

түрлеріне тартуға жол берілмейді.

      5. Білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге педагогтік қызметіне сот үкімімен немесе

медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ 

 белгіленген тәртіппен өтелмеген

заңда


немесе алынбаған соттылығы бар адамдар жіберілмейді.

      6. Педагог қызметкерлердің білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу

мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан

Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу пиғылымен пайдалануына тыйым

салынады.

      


Ескерту. 51-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 

№ 487-ІV


 (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет