Биологиядан экологиялыќ жјне ўлттыќ мазмўндаєы есептер


Жауабы: 36 000 000 гүлді тозаңдандырады



бет7/32
Дата28.03.2023
өлшемі341 Kb.
#173134
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
Байланысты:
biologiya-pnnde-oushylardy-funkcionaldy-sauattylyyn-arttyru-bayandama

Жауабы: 36 000 000 гүлді тозаңдандырады.


Есеп № 4
Аң біткеннің патшасы арыстан ауырып жатқанда, мүләйімсіп түлкі келіп, тамырын ұстайды. « Тақсыр, ауруыңыз астан екен, тамақты талғап ішіңіз. Көжек пен құс балапанының жұмсақ еті мың да бір дауа»,- деп бұлаңдайды. Арыстанның : «Көжек пен құс балапанын маған жеткіз»,-деген бұйрығын орындауға келген түлкіге, қаздиған қалпын бұзбаған, қаз былай дейді:- Арыстанға азық етіп беретін артық төліміз жоқ. Егер оған барып шығынып, жағынам десең,
Түлкісің аярлыққа бермейтін дес,
Көрейік қанша сенде ақыл мен ес.
Балапан, көжек санын өзің тапшы,
Аяқтары тоқсан төрт, басы отыз бес,-
дейді де, үңгірге еніп, есігін таспен бекітіп алады. Түлкі: «Қаз осылай есеп айтып еді, мен шеше алмадым»,- деп арыстанның алдына баруға дәті шыдамады. Сонда неше балапан, неше көжек болғанын сендер қалай табар едіңдер?
Жауабы: 23 балапан, 12 көжек.


Есеп № 5
Түйе неге шөлдемейді? «Шөл кемесі» атанған ең төзімді күш көлігі-түйе неге шөлдемейді? Шөлді далада ұзақ сапарға қалай төзеді. Оның тіршілігінде қандай ерекшеліктер бар?
Жауабы :
Түйе-сүтқоректілер класының көңтабандылар отрядына жататын жануар.Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көңмен қапталғандықтан көңтабандылар деп атайды. Құрғақ далалы шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген.Сондықтан «шөл кемесі» деп аталады. Түйенің салмағы 700-800 кг. Денесінде, өркешінде 120 кг май болады. Осы май түйенің ұзақ жолдағы азығы мен суы. Алыс сапардан келгенде өркеші қисайып солып қалады, жантаққа, суға тойғанда қалпына келеді. Жантақтың құрамында да су қоры бар. Майдың 100 гр тотыққанда 105 гр су түзіледі. Түйе өркешіндегі май қоры шөл арқылы өткен кезде аштық пен шөлге төзуге мүмкіндік береді. Адам дем шығарғанда ылғалды ауа шығарады,оның біразы сыртқа шығады, ал біразы мұрын ішінде қалады. Адамның мұрын жолы тік және қысқа, ал түйеде мұрын каналы ұзын және қатпарлы. Сондықтан ауа құрамындағы су булары ұзақ сақталады, сыртқа шықпайды. Бұл үрдіс ұзақ су ішпей жүруге көмектеседі.


Есеп №6.

Қазақстандағы түбітті қоянның қолтұқымдарына татар, ангор үйқояндары жатады.Түгінің 90-92 пайызы түбіт, қылшығы аз. Әр үйқояннан 360-500 г түбіт алынады. Мұндай 110 қояннан қанша түбіт алуға болады?






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет