Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Адамның кемшілігін бетіне баспайтын



Pdf көрінісі
бет3/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез
Акылды создер
Адамның кемшілігін бетіне баспайтын 



Аллаһ расулы алдындағы адамды ешқашан айыптап, ұялтпайтын. Кейбір 
қателіктерге кӛз жұма қарап, ұнамсыз әрекет жасаса да оны зәбірлеп, қателігін бетіне 
баспайтын. Ешкімді де жіберген қателігіне (әсіресе біреудің қасында) байланысты 
кемсітпейтін. Адамдармен ӛте жұмсақ және сыпайы сӛйлесетін.
Аллаһ расулы жанында отырған адам толық түсіне алатын тілде, нақты тілмен 
сӛйлейтін. Жаман сӛз айтпайтын, жаман қылық жасамайтын. Кӛшеде айқайламайтын, 
жамандыққа жамандық қайтармайтын, адамдардың мазасын алатындай әрекет жасамайтын.
Сыйлық жасауға мән беретін 
Пайғамбарымыз сыйлық беру мәселесіне үлкен мән беретін. Сыйлық берудің 
сүйіспеншілікті арттыратынына назар аударатын пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи 
уәссәлләм) сыйлықты қабылдайтын және оған да сыйлық беретін. Сыйлық берудің 
адамдарды бір-біріне қалай жақындастыратынын түсіну үшін: «Сыйлық беріңдер, ӛйткені 
сыйлық жүректегі кек пен жек кӛрушілікті жояды» деген. Берілген сыйлықты азсынбауды 
және оны қабылдауды талап еткен.
Пайғамбарымыз сыйлыққа міндетті түрде қайтарым жасауды ұсынған: «Кімде-кім 
бір сыйлық алса оған да сыйлықпен жауап қатсын. Беретін ештеңесі болмаса мақтау айтсын. 
Мақтау айтқан адам алғысын білдірген болып саналады. Мақтау айтуды білмеген адам 
жақсылықты білмеген адам деген сӛз». 
Пайғамбарымыз әсіресе ӛзіне сыйлық берген адамдарға сыйлық қайтаруға үлкен мән 
беретін. Мұндай сыйлықтардың маңызы туралы қайтыс боларының алдында былай деген: 
«Сендерге келетін сыйлықтарға мен секілді сыйлықпен жауап беріңдер». Ӛйткені, ӛзі 
сыйлық арқылы кӛптеген адамның кӛңілін аулап, сыйлықты Исламды уағыздауда маңызды 
құрал ретінде қолданған.
Мұқтаж адамдарға көмектесетін 
Хаз.Біләлді (радиаллаһу анһ) пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) 
азаншысы ретінде жақсы танимыз. Алайда, Хаз.Біләлге (радиаллаһу анһ) пайғамбарымыз 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм) тарапынан берілген тағы бір міндет бар, ол - келген 
адамдарға кӛңіл бӛлу. Хаз.пайғамбар (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) қиын жағдайда қалған 
бір мұсылманды кӛрсе Хаз.Біләлді шақырып, ол адамға тамақ, киім беруді бұйыратын. 
Хаз.Біләл (радиаллаһу анһ) оған беретін ештеңе таппаса, қарыз алып, сол міндетті 
орындайтын. Ол қарыз кейіннен тӛленетін.
Бір жолы бір кӛшпенділер тобы жалаң аяқ, жалаң киіммен пайғамбарымызға 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм) келеді. Аллаһ расулы (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) 



олардың бұл жағдайына кӛріп, қынжылып, Хаз.Біләлден (радиаллаһу анһ) азан оқып, 
жамағатты жинауды сұрап, жамағат жиналған кезде осы адамдарға кӛмектесулерін сұрайды. 
Сахабалар бұған құлақ асып, оларға киім алатын ақшаны тез жинап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет