№7 тақырып. Бірінші сынып оқушыларын мектепте оқуға бейімдеу процесінде отбасының рөлі Жоспар: Отбасы мен педагогтердің өзара әрекеттестігі
Отбасының мектептен тыс мекемелермен байланысы
Баланы мектепке дайындау
1. Отбасы мен педагогтердің өзара әрекеттестігі
Мектеп пен отбасы бүгінгі күні баланы тәрбиелеу процесінде тиімділігі келісілген іс-қимылдарға байланысты негізделген әлеуметтік институттар. Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көрегендікпен ой түйген. Бала өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетасы ата-ана арқылы отбасында қаланып, мектептегі тәрбиемен жалғасады. Әбу Насыр ӘлФараби, Жүсіп Баласағұни, Абай Құнанбаев сияқты ойшылдар, Ш.А.Амонашвили, В.А.Караковский, А.В.Мудрик және т.б. педагогтар бала бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеудің маңызын көрсетіп, отбасы мен мектептің өзара әрекеттесу мәселесіне арналған жұмыстарды талдау барысында ата-аналар ынтымақтастығын жүзеге асырудағы қарымқатынасты қалыптастыру үдерісіндегі басты қағидаттарды бөлді [24].
Бірінші қағидат – ата-аналардың эмоциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ата-аналар мен мектептің өзара іс-қимылының ерекшеліктері, ата-аналардың балаларының қауіптілігі, алаңдаушылығы және кінә сезімімен байланыстылығы. Ата-аналар үшін білім беру ортасы жайлы, оларға зиян келтіре алмайтынын түсіну маңызды.
Іске асыру жолдары:
тыныш, мейірімді диалогтық атмосфера құру;
педагог пен ата-аналар арасындағы қарымқатынастағы өзара сенім;
пікір алмасу, ауысу, қадам басу мүмкіндігі;
бала тәрбиесінде ата-ананың жеке мәселелері, қиындықтарын ескеру;
ата-аналар тарапынан өтініштер мен ұсыныстарға назар аудару;
психологиялық қолдау.
Екінші қағидат – әлеуметтік әріптестік:
ата-аналар мен педагогтердің іс-қимылдарының үйлесімділігін қамтамасыз ететін баланың жалпы тәрбие алаңын қалыптастыру;
отбасы мен педагогтердің бала тәрбиесі туралы өзара келісімі;
оқушылармен, жекелеген оқушылардың отбасыларымен болып жатқан оқиғаларға эмоционалды жауап беру;
балаға қойылатын талаптар мен стильдердің бірлігі;
бала өміріндегі маңызды оқиғалар туралы хабарлау;
отбасы тарапынан педагогтердің өтініштерін, ата-аналар мен педагогтердің атынан өтініштерін орындау, өзара қызмет көрсету;
педагог, балалар мен атааналардың бірлескен қызметі.
Үшінші қағидат – полилог. Отбасы мен мектептің өзара іс-қимылының бірі субъект-субъект, полилогиялық, серіктестік қарым-қатынас. Бұл қағидат өзара сенім мен құрметтеуді, қолдау мен көмекті, бір-біріне қатысты жауапкершілікті, ата-аналарды өз мүдделері, қажеттіліктері, өзінің ұстанымымен субъектілер ретінде қабылдауды көздейді.