Бұршақ өсімдігіндегі дигибридті шағылыстыру



бет2/2
Дата20.10.2022
өлшемі19,52 Kb.
#154159
1   2
Байланысты:
дигибридті будандастыру
перевод фтиз, Зебра, Нөлдік билет Физика 2 шешуімен, матан, iq doda, ergojin-polimerlerdin (4), топанат, Реферат1 Талғат Халифа ом 110 Б, егеукуйрык, СӨЖ №4 МКТ 2022-23
Комплементарлы деп - екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін-бірі толықтырып жаңа белгіні жарыққа шығаруын айтады. Мысалы, көгілдір қауырсынды тотықұсты сары қауырсынды тотықұспен будандастырса, бірінші ұрпақтың (F1-дің) будандары біркелкі жасыл қауырсынды болып шығады. Оларды өзара будандастырғанда екінші ұрпақта - F2-де төрт түрлі фенотип көрініс береді. Атап айтқанда, 9 жасыл түсті, 3 көгілдір, 3 сары және 1 ақ қауырсынды ұрпақтар алынады. 117-суреттегі екінші ұрпақ дарақтарының генотипіне назар аударсақ, бұл будандастыруға екі жұп аллельді емес гендердің қатысатындығын байқауға болады. А гені - қауырсынның көгілдір түсін, ал В гені сары түсті болуын анықтаса, олардың рецессивті а және b аллельдері қауырсынның ақ түсті болуын анықтайды.
Полимерия. Қандай да болсын бір белгінің қалыптасуына бірігіп әсер ететін гендерді полимерлі гендер деп атайды. Ал бір белгінің дамуын қуаттайтын бірнеше аллельді емес гендердің бірігіп қызмет атқару құбылысын полимерия дейді. Бұл жағдайда аллельді емес гендердің бақылауында болатын екі немесе бірнеше фермент бір ғана белгінің дамуына әсер етеді.
Полимерия құбылысын 1909 жылы швед генетигі әрі селекционері Н.Г.Нильсон-Эле ашты. Полимерия жолымен өсімдіктің ұзындығы, вегетациялық кезеңнің ұзақтығы, дәндегі белок мөлшері, биохимиялық реакциялардың жүру жылдамдығы сияқты және т.б. шаруашылық жағынан тиімді белгі қасиеттер тұқым қуалайды.
Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы. XIX ғасырдың соңында жасушаның құрылысы, ядросы және оның құрамындағы хромосомалардың тұқым қуалаудағы рөлі терең зерттеле бастады. 1883 жылы бельгиялық эмбриолог Э. Бенеден мейоз процесіндегі редукциялық бөліну аталық және аналық хромосомалардың ажырауына байланысты деп жорамалдады.
Америкалық генетик Т. Морган жеміс шыбыны – дрозофилаға тәжірибе жасау арқылы “Тіркес тұқым қуалау заңын” ашты. Мейоздық бөлінуде ұқсас жұп хромосомалардың арасында кроссинговер, яғни айқас жүреді. Осы айқасу кезінде хромосомалар бір-бірімен бөлім алмастырады. Бұл алмасудың нәтижесінде сапа жағынан мүлде жаңа хромосомалар түзіледі. Т. Морган тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын қалыптастырды.
Дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздері. Мендель өзінің заңдарын ашқанда, жасушаның мейоздық бөлінуі, ДНҚ-ның редупликациялануы, тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы және т.б. белгісіз болатын.
Г. Мендель моногибридті және дигибридті будандастыруға тәжірибе жасап, тұқым қуалаушылықтың сырын ашты. Бір-бірінен үш немесе одан да көп белгілерінде айырмашылығы бар дараларды будандастыруды полигибридті будандастыру деп атайды.
Цитоплазмалық тұқым қуалау. Жасуша ядросында болатын хромосомалардан тыс, оның цитоплазмасында орналасқан органоидтердің құрамындағы гендер арқылы жүретін тұқым қуалауды цитоплазмалық тұқым қуалау деп атайды. Цитоплазмалық тұқым қалауды зерттеудің негізін неміс ғалымдары К. Корренс пен Э. Баур салған.
Генетиклық карталар деп хромосомада болатын тіркес гендердің орналасу сызбанұсқасын айтады. Генетикалық тұрғыдан зерттелген дрозофиланың, жүгері, қызан өсімдіктерінің және генетикалық карталары жасалды. Генетикалық карталар ұқсас хромосомалардың әр жұбы бойынша жеке-жеке жасалды. Осындай хромосомалардың жұптарын тіркестік топтар деп атайды. Тіркестік топтардың саны организм хромосомаларының гаплоидті жиынтығына сәйкес келеді.
Микроорганизмдердің хромосомалары сақина тәрізді жалғыз болатындықтан олардың генетикалық картасы да сондай пішінде болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет