Bulletin «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет262/314
Дата02.09.2022
өлшемі6,57 Mb.
#148644
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   314
Байланысты:
Майлыбаева Вестник

Ключевые слова: 
трехъязычие, дошкольная организация, английский язык, игровые занятия, виды занятий 
S.T. Tleubay
1
 
1
1
st
 year PhD doctorate of the specialty 6D010100- Preschool educationand upbringing 
Abai Kazakh national pedagogical university,
Almaty, Kazakhstan 
 
Abstract 
This article considers trilingualism as a special strategic necessity for our independent government, as well as pedagogical 
conditions for organizing the teaching of a foreign language in a preschool educational organization because of the 
requirements of the state standard of preschool education of the Republic of Kazakhstan. Any foreign language could be taken 
as a component of trilingualism, but at the request of the society that knowledge of the Kazakh language as a state language, 
Russian as a language of interethnic communication and English as a language of international concern is a priority now. 
Knowledge of foreign languages is the necessity of the modern world. Realizing that English - Language international 
communication, more and more parents seek to put into the mouth of her child a foreign language from the very first years of life. 
Keywords: 
trilingual, preschool organization, English language, game classes, types of classes 
Қоғамдағы болып жатқан ҽлеуметтік экономикалық ҿзгерістер мен еліміздің білім беру саласы-
ның ҽлемдік білім кеңістігіне шығуы – білім беруде, соның ішінде мектепке дейінгі тҽрбиелеу мен 
оқытуға заман талабына сай ҿзгерістер енгізіп отыр. Қазіргі уақытта еліміздің негізгі стратегиялық 
міндеттерінің бірі мектепке дейінгі мекемелерде білім беру жҥйесін қайта қҧру жҽне дамыту болып 
табылады. Оның бір дҽлелі 2016 жылғы «Мектепке дейінгі тҽрбие мен оқытудың ҥлгілік бағдарлама-
сының» қабылдануы. Бағдарламада:
-
оқытуды ҧйымдастырудағы тҧлғаға бағдарланған жҽне жҥйелi-ҽрекеттiк тҽсiл арқылы жҥзеге 
асыру;
-
балаларда басты жалпы адамзаттық қҧндылықтардың қалыптасуына кҿмектесу; 
-
кҥнделiктi ҿмiрде қажеттi ақпаратты алуға, iрiктеуге, ҿңдеуге, жеткiзуге жҽне коммуникативтiк 
мiндеттердi шешуде балалардың тiлдiк дағдылардың қолдануы мақсатында сҿйлеу ҽрекетiнiң тҥр-
лерi ретiнде тыңдалым, айтылым, оқылым жҽне жазылымның қалыптасуына жҽне дамуына кҿмек-
тесу; 
-
тілдесуге қатысушы тҧлғаларды жҽне олардың бір-бірімен қарым-қатынасын айқындау қабілет-
терін қалыптастыру; 
-
ағылшын тілін тҥсінуін жҽне ҥлгілік ҽдеп жағдайларында топтық жағдайда, ойын кезінде тілдесе 
білу білігін дамыту мазмҧны кҿзделген [1]. 
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында «Балаларымыздың бола-
шағы ҥшін осындай шешімді бірлесе отырып қабылдауға тиіспіз, баланың орыс, ағылшын тіл-
дерін, интернет тілін жетік меңгеруі – ең бастысы қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» [2] - деп 
атап кҿрсеткен бағыты негізінде мектепке дейінгі ҧйымда ҥш тілді қатар оқыту қолға алынып отыр.
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың негізгі мақсаты жаңа білімді қабылдауға дайын-
дығын қамтамасыз ету. Баланы ҥштілді мҽдениетке баулу арқылы: тілді дҧрыс меңгертуге, ауызекі 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1(57), 2018 
258
сҿйлей білуді ҥйретуге болады. Мамандардың педагогикалық іс-тҽжірибесінде балабақшада ҥш тілді 
ҥйрету жҧмыстарын бастау бірізділік пен арнайы жҥйе бойынша ҧйымдастыруда тҿмендегідей 
бағыттар қамтылған: 
- баланың сҿздік қорын дамыту; 
- жаңа сҿздердің мағыналарын жетік тҥсіну; 
- синонимдер мен антонимдерді қолдана білу; 
- сҿз тіркесі, сҿйлемдерді дҧрыс қолдану; 
- сҿзді байланыстырып сҿйлеуге ҥйрету; 
- диалог тҥрінде сҿйлей білу. 
Мектепке дейінгі мекемелердегі ҥш тілді ҥйрету мақсатындағы жҥйелі жҧмыстар баланың ағыл-
шын тіліндегі мультфильмдердің сюжетіне қарап, ҽуенін ыңылдап қайталауы, қосылып бірге шыр-
қауы ҥлкен жетістік. Ал, кейбір балалардың 1-ден 10-ға дейін ҥштілде санай аламын деп, енді бірі 
ағылшынша тақпақ білемін деп айналасындағы адамдарға балабақшада ҥйренгендерін қайталауы тіл 
тҿңірегіндегі жҧмыстардың нҽтижесі деп білеміз. Бала кҿптілді меңгерген сайын, болашақта алар 
белестері биік болады. Ҿйткені балабақшадан алынған білім оның ҿмірінің жарқын болуына кепілдік 
беретін орда. 
Педагогикалық фактор тілді оқытудың жаңа ҽдіс-тҽсілдері, интерактивті ҽдістер мен жаңа техно-
логияларды, бақылау ҽдістерін, педагогтардың шеберлігін қазіргі заманға сай ҧйымдастыруды талап 
етеді. Тіл, мҽдениетін игеру – ҽр баланың сҽби шағынан басталып, ары қарай бірітіндеп жетіліп 
отыратын ҥрдіс. Тіл, дҥние танудың кілті. Ол мҽдиниет деп аталатын дҥниенің мҽңгілік ажырамас 
бҿлшегі, бҥкіл қоғамды алға жылжытушы, дҥниетанудың негізі, қарым-қатынас қҧралы. Тіл игеру 
арқылы бала айналасындағы дҥниені таниды, басқалармен қарым-қатынасқа тҥсе отырып оның 
танымдық қызметі оянады. Тілді ҥйреткенде, бала сол тілде сҿйлей алса болды дегенді қанағат етпей, 
тілді баланың бҥкіл мҥмкіндігін, қабілетін ашатындай дҽрежеде оқыту керек. Яғни, ҥш тілді меңгеру, 
білу - бҧл жаһандық ҽлемге жолдама деген сҿз. 
Белгілі саясаттанушы Т.Ҽбдуҽли: «Жаһандану 

дегеніміз қарапайым сҿзбен айтқанда дамыған 
елдермен қарым-қатынасымызды нығайту. Соның бірі - тілдік коммуникация. Бҧл ҥшін халықаралық 
қатынас тілі болып жҥрген ағылшын тілін ҥйренуге жастарымызды жатпай-тҧрмай баулуымыз 
керек. Оның қажеттілігін уақыт ҿткен сайын ҿткір сезініп келеміз» [3] деген болатын. Ҽлемдік ғалам-
дандырудың ҿткізгіші, ғаламдандыру тілі болып танылған ағылшын тілін білу - ағылшын тілді ел-
дермен тиімді байланысқа тҥскен ҽлемдік деңгейде ҿз орнын ала бастаған Қазақстан ҥшін аса 
маңызды. Мҽселен, М.Ҽуезовтің «Абай жолы» романы ағылшын тіліне аударылмаса, Абайдай ғажап 
ақынымызбен қалай мақтанар едік?
Шетел тілін білмей, дҥниежҥзілік экономика кеңестігін, білім, ақпарат кҿздерін жете меңгеруге 
қол жеткізе алмаймыз. Сондай-ақ жаңа технологияны жете меңгермей, тілдерді де игеру жедел ҽрі 
тиімді бола қоймайды. Қазіргі жалпы білім беретін мекемелердің кҿпшілігінде сабақ жаңа техно-
логияны іске асыру арқылы, оның механизмдерін тілді менгеруде дҧрыс қолдану арқылы ҿтеді. Бҧл- 
тіл мамандарының ізденісі, дегенмен ҽлі де болса, бҧл бағытты жетілдіру қажет екендігі сҿзсіз. 
Бҥгінде қазақстандық оқыту мен тҽрбиелеу ҽлемдік оқыту мен тҽрбиелеудің талаптарына сай болуы 
аса қажет. Сондықтан балабақшаға келген кҥндерінен бастап балалардың ана тіліне жҽне басқа тіл-
дерге қызығушылықтарын арттырып, ҥштілділік арқылы тҽрбиелеу қажеттігі туындайды. Бірнеше 
тілде еркін сҿйлей де жаза да білетін жастарымыз ҿз елінде де, шетелдерде де бҽсекеге қабілетті тҧл-
ға ретінде танылады. Бҥгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен 
инновациялардың ағынына ілесу деген сҿз. Оған қоса ағылшынша білсең – ҽлемдегі ең ҥздік, жоғары 
оқу орындарында білім алуға мҥмкіндігің мол. 
Мектепке дейінгі тҽрбие мен оқыту мазмҧнын жаңар-
туға сҽйкес мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі қҧзыреттіліктерін дамытуға жҽне терең білім 
беруге, соның ішінде тілді ҥйрету мҥмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады. Білім беру 
саласында ҥш тілде ҥйретуді енгізу қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ҧйымдарда кеңінен қолға алы-
нып отыр.
Ҥштілдік сабақ балалардың ой-ҿрісін, қиялын, сҿздік қорлары мен, тапқырлықты, ізденім-
паздықты, зейінділіктерін дамытады. Ҥштілдік сабақтарда мынадай ойын тҥрлері қолдануға болады: 
ойын-жаттығу, сергіту-ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сҿздік ойындар жҽне де ағыл-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет