Бюджет: отбасыңыз қай түрін таңдайды?



бет3/3
Дата30.01.2023
өлшемі49 Kb.
#166792
1   2   3
Байланысты:
Үнемшіл адам тиыннан теңге құрайды

«5 конверт» әдісі
Бұл әдіс бойынша шығын түрін анықтап, негізгі төлемді конвертке бөліп, салып қоясыз. Конверт саны өзгеруі мүмкін, бірақ басты мақсат қаржыны өзге игілік үшін алмау керек. Сол кезде есеп жүргізу оңайлай түседі.

«Қауіпсіздік» қорабы
Бұл – сізге кез келген жағдайда мүмкіндік сыйлайтын қор. Сол үшін ай сайынғы табыстың 10%-нан 30%-ын депозитке салыңыз. Күтпеген жағдай кезінде (той, науқастанған сәтте, сыйлық алуда) бұл сізге көмектесері анық.

«Жұмсау», «үнемдеу» және «беру»

Жанбота Қалдыбаева, "Қайсар" футбол клубының есепшісі:
− Қазіргі нарықтық кезеңде адами капиталдың дамуы үшін отбасы бюджетін дұрыс жоспарлаудың жауапкершілігі зор. Қандай да бір ұйым алға қарай ілгерілеуі үшін әртүрлі шешімдер қабылдап отырады. Үй шаруашылығын басқару да сол секілді. Дегенмен оның өз ерекшеліктері бар. Әр отбасының қаржылық мүмкіндігі әртүрлі. Отбасы мүшесі саналатын жасөспірім де өз бетімен табыс таппаса, тек ата-анасының берген ақшасын пайдаланса, оның отбасы бюджетіндегі жағдайын пассивті деп айтуға болады. Өмірлік тәжірибемнен қаржыны үнемдей білуге қатысты бірнеше кеңесті ұсынсам. Қалтадағы ақшаңызды үш топқа бөліңіз. Мұны «жұмсау», «үнемдеу» және «беру» деп қарастырсақ болады. Қай бағытта үнемдеп, қай тарапта қанша ақша жинайтыныңызға мән беріңіз. Ақша есебін жүргізе білу үшін өзіңіз жинаған, тапқан және апта ішінде жұмсаған ақшаны есепке алуды үйренген жөн. Содан соң алынған сомаларды кестеге жазған абзал. Бұл міндет өздігінен орындалатын машығыңызға айналып кетуі қажет және қолайсыз жағдай тудырмауы тиіс. Ақшаның қайда кеткенін тұрақты түрде жазып отырған дұрыс. Бұл жаттығуларды бір-екі жыл аралығында әдетке айналдырсақ, отбасылық бюджетті тиімді басқара аламыз.
P.S. Психологтар отбасында қаржыны сауатты жұмсай білуді бала кезден үйренген дұрыс деп есептейді. Жоғарыда айтқанымыздай, отбасы бюджетіне бекем болу үшін шығынды азайту жолын қарастыру керек немесе табыс табудың қосымша жолын қарастырған жөн. Ең бастысы қаржыны бірге ойласып, бірлесе жоспарлаудың ұтымды екенін ұмытпаған жөн. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет