Құралдар мен материалдар: «сиқырлы қоржын», балалардың санына қарай беторамал, ұзындығы 2 м сырық – 1 дана, биіктігі 40 см текше – 2 дана, түйінделген орамал – 1 дана, кегельдер.
Билингвалды компонент: орамал – платок, сиқырлы қоржын – волшебный коржын, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойынға дайындық: сиқырлы қоржынды іздеу сәтін ұйымдастырады.
Негізгі кезең.
Орамалдарды таратып шығады. Ойын түріндегі жаттығу: «Біздің қолымыздан бәрі келеді!» – қолға беторамал ұстап, бір-бірден тізбекте жүру, жүгіру, түзету жаттығуларын орындау – аяқтың ұшымен жүргенде орамалды жоғары көтереді, өкшемен жүргенде орамалды алдына ұстайды (музыканың ырғағымен).
Екі тізбекке тұру.
Жалпы дамытатын жаттығуларды орындау (беторамалдарды саусақтардың ұшымен ұстайды, қолдарын түзетеді)
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды:
8 метр қашықтыққа төрт аяқтап еңбектеу, 40 см биіктікке көтерілген сырықтың астымен еңбектеп өту жаттығуларымен кезектестіріп орындайды. Ойын түріндегі жаттығу «Ең епті». Түсіндіреді: сырыққа басын тигізіп алмас үшін мүмкіндігінше төмен еңкею.
Допты бір-бірінен 1 метр қашықтықта орнатылған бес заттың арасымен домалату.
Жаттығулардың орындалуын көрсету: допты ақырындап төмен-жоғары итеріп, кегельдерді оң жағынан және сол жағынан айналып өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |