толтырады, ал нағыз адам адамшылық үшін, қоғам игілігі үшін еңбек етуі
қажет» деген озық ойлы пікірін айтады.
Абайды қазақ халқының әлем
ӛркениетінде ӛз орнын табу мәселесі қатты толғандырды. Сол себепті ол ӛз
заманындағы қазақ қоғамының кемшіліктерін қатаң сынға алды.
Мол мұралы
Шәкәрім Құдайбердиевте
қазақ қоғамының рухани ӛсуіне,
жастардың ғылым-білімге, ӛнерге деген құштарлығын оятуда айтулы еңбек
сіңірді. Орыстың солақай саясатына елітіп, қазақтар
арасында іріткі салып
жүрген пысықтарға байланысты
«ар түзейтін ғылым»
керектігін айтты,
тобырға тоқтау салды. Нағыз философиялық еңбек деп танылғын «Үш анық»
бағасы жоқ теңдесіз шежіре, онда: «адам ақиқатты бас кӛзімен кӛрмейді, ақыл
кӛзімен кӛреді ... Ӛлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі ӛмірге керекті іс –
ұждан. Ұждан дегеніміз – ынсап, әділет, мейірім» - деген адамдықтың алтын
ережесі жазылған. Шәкәрімнің ӛлеңдерінде, поэмаларында, тарихи-
философиялық трактаттарында Шығыс пен Батыс елдері ойшылдарының,
ғалымдарының, ақын-жазушыларының еңбектері
мен шығармаларының аты
аталып ғана қоймай, сонымен бірге мазмұн-мәні ашылып, кейде бірсыпыра ой-
пікір жарыстырылып отырды. Осы тұста адамгершілік принципі мен моралдық
биіктік кӛрсеткен Мәшһүр Жүсіптің
(иман, ғақыл, сабыр, шүкір, әдеп)
бес
қымбаты мен Шәкәрімнің үш анығын этика қазығына балауға болады.
Ӛркениеттік бағдарды ұстанушылар қатарында қазақтың тағы бір озық
ойлы ұлы, тұңғыш қазақ зерттеушісі, ғалым
Ш. Уәлиханов
бар. Шоқан географ,
этнограф ретінде қазақ халқының ӛнеркәсібі, ауылшаруашылығы, сауда
қатынастары, діни сенімдері, асыл мұрағаттары жайлы зерттеулер жүргізді,
ғылыми еңбектер жазды. Ш. Уәлиханов алғашқылардың бірі ретінде
мемлекеттік сауда саясатына кӛңіл аударып, оның
тиімді де тиімсіз тұстарын
ғылыми түрде дәлелдеген. Бірақ, сол кездегі қазақ халқының жалғыз тіршілік
ету кӛзі мал бағу еді. Шоқан осы мәселеге аса ден қойып, жайылымды кӛшпелі
мал шаруашылығының жағдайын талдап, «мал шаруашылығы – халық
байлығы» деген қанатты сӛз қалдырды. Қазақтар малды тек ӛнім ретінде ғана
емес, ӛндіріс құралдары ретінде де пайдаланған. Мәселен малдың жүнінен киіз
басып, үй жабдықтарын жасаса, терісін илеп ыдыс-аяқтар, жүнін түтіп, иіру
арқылы киімдер тіккен, малдың сүйектерінен сабын жасаған.
Жалпы алғанда, қазақтар
шаруашылықпен айналысқан, шикізат ӛңдеген,
ӛнімдер ӛндірген, ең бастысы мал арқылы сауда қатынастарын дамытып,
айырбас немесе қазіргі ғылыми тілдегі «бартер» жасау жолдарын жүзеге
асырған. Шаруашылық дамытудың тағы бір ерекшелігі малдардың жаз
айларында солтүстіктің салқын аймақтарында, керісінше қыстың ызғарлы
күндерінде оңтүстіктің жылы аймақтарында бағылуы. Мұндай тәжірибе қазақ
халқының георгафиялық және экологиялық ілім-білімдерінің табиғи түрде
дамығандығын, дала ӛркениетін меңгергендігін байқатады.
Орталық Азия
елдерінде кӛшпелі шаруашылықтың басқалармен салыстырғанда Қазақстанда
мейлінше дамығандығы анық. Бертін келе, мал шаруашылығының ӛрісі
тарылып, одан әрі дами алмайтындығына кӛзі жеткен қазақтар тіршілік күйінің
басқа арнаға ӛзгеру керектігін дӛп басып, отырықшылыққа ауыса бастады. Бұл