Дәріс №1. Еңбекті қорғау


Дәріс №18. Қоршаған ортаны қорғау



бет14/14
Дата03.02.2023
өлшемі141,5 Kb.
#167384
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
stud.kz-60069
Документ, ������ �� ����� ����� ��� � �� ����� �������� ����������� ����, пед сро 2, f616416553eca5 (2), stud.kz-68753, ынтымақ тобы
Дәріс №18. Қоршаған ортаны қорғау.
Өнеркәсіпке жаңашыл технологияларды еңгізу, өңдіріс ауқымының кеңейуі, энергетикалық және материалдық ресурстардың жоғарлауы өз кезегінде қоршаған ортаға кері әсерін тигізуде. Кәзіргі таңда қоршаған ортаны қорғау мәселесі ең келелі мәселелердің бірі. Осы мәселенің кешеңді сипаты жүйенің күрделілігімен анықталады, оған табиғат, қоғам мен өңдіріс кіреді, ал осы жүйенің оптималды дамуы, мәселенің әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, техникалық және халықаралық аспектілермен байланысты.
Қоршаған ортаны қорғау ─ кешеңді мәселе: табиғатты қорғау міндетімен қатар, ол әлеуметтік-экономикалық сұрақтарды шешеді ─ адам өмірінің жағдайын жақсарту, денсаулығын сақтау. Қоршаған ортаны қорғау мәселесін шешетін негізгі бағыттар: технологиялық процесстерді жетілдіру және сыртқы ортаға аз мөлшерде қалдықтар мен зияңды қосылыстарды шығаратын жаңа жабдықтарды жасап қолдану; токсикалық қалдықтарды токсикалық еместерге ауыстыру; қайта жаратылмайтын қалдықтарды қайта жаратылатыңдарға ауыстыру.
Қоршаған ортаны қорғау шараларының ең негізгісі ластану көздерінң рационалды орналасуы: өнеркәсіп кәсіпорындарының қаладан тыс орналасуы; кәсіпорындардың топографияға және жел соғу жағдайына байланысты орналасуы; тазалық сақтау зоналарын ұйымдастыру.
Өнеркәсіп кәсіпорындары шығаратын зияңды қалдықтардан қоршаған ортаны қорғау түрінің ең белсендісі , « қалдықсыз технология » ─ осы кешеннің ішіне кіретін шаралар: өнім алу кезінде ең аз мөлшерде қалдық шығаратын процесстерді қолдану; қалдықтарды қайта өңдеу; ағын суды тазарту және т.б.
Барлық өнеркәсіптік қалдықтар агрегаттық күйіне байланысты газ тәрізді, сұйық және қатты болып келеді. Қалдықтардың физика-химиялық қасиетіне және мөлшеріне байланысты әр түрлі заласыздандыру және қайта өңдеу әдістер қолданылады: механикалық, биологиялық, химимялық, сорбциялық (жұтқыш), термиялық және құрамалы(комбинированные).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет