«Жергілікті жансыздандырғыш, тұтқырлы, адсорбциялық және кілегейлі заттар» тақырыбы бойынша сүрақтар:
Ыстық басқыш түралы түсінік. Малдәргерлік есірткі емес анальгетиктердің манызы.Препараттары.
Есірткі емес анальгетиктердің жалпы сипаттамасы, және жіктелуы.
Бромидтар. Жалпы сипаттамасы. Мал дәрігерлік тәжіридебе колданылу мүмкіндігі.Препараттары
Нейролептиктер. Жалпы сипаттама. Топ препараттарына салыстырмалы баға беру. Колданылуы.Препараттары
Транквилизаторлардың кемшліктері және артықшылығы.Препараттары
Үйге тапсырма:
1. Натрий бромидтың және калий бромидың дозасы 0,5 г ерітінді түрінде 10 күнге итке рецепті жаз. Ішке бір ас қасықпен күніне 3 рет 5 тәулікке бер.
2. Натрий бромидтың және калий бромидың дозаның қатынасы 2:1 ұнтақ түрінде 6 күнге жылқыға рецепті жаз. Ішке бір ұнтақтан күніне 3 рет 5 тәулікке бер.
3. Аминазинның дозасы сиырға тер астына 1 мг бір кг салмаққа (300 кг) ампулды түрінде рецепті жаз. Бір ампулада 2,5 %- 2 мл бір инъекцияға рецепті жаз.
4. Шошқаға мепротанның дозасы 0,5 г, таблетка түрінде рецеті жаз. Бір таблетка 0,25 г мепазин бар. Ішке таблеткаларды 2 мезгіл 5 тәулікке рецепті жаз.
5. Итке мепазинның дозасы бұлшық етке 15 мг бір кг салмаққа (салмағы 20 кг), ампулада 2,5%-1 мл мепазин бар. Бір инъекцияға рецепті жаз.
Ішжүргізгіш заттар
Ішжүргізгіш заттар деп ішектің перистальтикасын күшейтіп және оның қыйдан босануын тездететін заттарды айтады.
Ішжүргізгіш заттар: 1) ішектің перистальтикасы баяулаған әрбір жағдайда; 2) ішек-қарыннан улы және басқа заттарды тез шығарып тастау керек болғанда, 3) ішекті дезинфекцияланғанда және оны дегильминтизацияланғанда және тиісті операция жасаудың алдында ішек-қарынды қыйдан тез босату үшін, 4) көз, мый және басқа органдар ауруға ұшыраған кезде олардан қанды басқа органдарға аударып қабыну процесін бәсеңдету үшін және 5) ісік сары суын бойға сіңіру үшін қолданылады.
Іш жүргізгіш заттар өздерінің әсеріне қарай: 1) нәжіс қый қоюлығы мен оның сыртқа шығу жылдамдығын өзгертпестен ішек жұмысын байрғы қалыпқа келтіретін Aperitiva; 2) нәжіс қоюлығын өзгертіп (сұйық немесе ботқа тәрізді қойыртпаққа айналдырып) және оның сыртқа шығуын жиілететін ішек перистальтикасын күшейтетін Laxantia яғни Purgantia; 3) нәжісті судай сұйылтып және оның сыртқа шығуын жиілетіп шаншу тигендей ішек перистальтикасын төтенше қатты күшейтетін Drastica топтарына бөлінеді. Кейбір ішжүргізгіш заттар қан тамырларын кеңейтіп ішек-қарынды гипермияға ұшыратады, сондықтан бұл жағдайда ол дәрілерді буаз малдарға тағайындағанда әркезде есте ұстау керек. Олар кейде ішек-қарынды түгелдей немесе оның бір бөлегін қабындырады.
Ішжүргізгіш заттар әсер тигізу механизміне қарай: 1) ішектің нерв аппаратын қоздыратын заттарға; 2) өзінің көлемімен әсер ететін тұзды ішжүргізгіш заттарға; 3) а) ішектің кілегей қабығын және б) ішектің тегіс еттерін тітіркендіретін заттарға бөлінеді.
Ашқылтым заттар
Ашқылтым заттардың әсері олардың ауыздағы дәм сезгіш нерв ұштарын тітіркендіруі нәтижесінде рефлекс жолымен қарынның секрециялы бездеріне орталық нерв системасынан импульс келіп түсуінен пайда болады, мұның нәтижесінде ол бездер қозып, шырын шығару ұлғаяды. Бірақ, ашқылтым заттардың мұндай пайдалы әсері оларды жем беру алдында қолданған жағдайда ғана туады. Егерде ашқылтым заттарды көп мөлшерде жеммен бірге қолданса, онда қарын шырынынң секрециясы тіпті азаяды. (И.П.Павлов лабораториясының зерттеуі бойынша).
Ашқылтым заттар асқорыту нашарлағанда, ішек перистальтикасы баяулағанда, іш кепкенде, ішек-қарын катарға ұшырағанда т.б. жағдайларда қолданылады. Олар per se немесе басқа заттарға араластырылып ботқа, болюс, тұнба, қайнатынды, ертінді, микстура, ұнтақ т.б. формаларында беріледі.
Ашқылтым заттар құрамында ащы заттар ғана кездесетін таза ашқылтымдар (amara pura) және ащы заттардан басқа эфирлі майлар кездесетін хош иісті ашқылтымдар (amara aromatica) болып екіге бөлінеді.
Көкгүл тамыры - Radix Gentianae. Құрамында әсер етерлік негізі – ащы зат генцианникрин кездеседі. Көкгүл тамыры ұнтақ, тұнба, сығынды формасында, сондай-ақ басқа дәрілік заттарға қосылып per os қолданылады.
Пия тамыры мен шөбі – Radix et herba Taraxaci. Пия ССРО-ның барлық жеріне тараған. Құрамында әсер етерлік негіз –ащы глюкозид тарансацин кездеседі. Пия тамырларын күздің аяқ кезінде жыйнайды. Егер бұл өсімдіктің жапырақтарын да жыйнау керек болса, онда жйынау гүлдемей тұрған уақытта басталады. Пия тамыры мен шөбін ұнтақ, болюс, пилюля және сығынды формаларында қолданады.
Жусан шөбі – Herba Absinthii. Жусан шөбі – Artemisia өсімдігінен алынады. Құрамында абсинтин және анабсинтин деп аталатын екі ащы глюкозид кездеседі.
Аз дозада эфир майы орталық нерв системасын қоздырып, үлкен дозада – малды улап селкілдетеді. Бұл мал жусанды көп жеген кезде кездеседі. Жусан глюкозидтері сүт бездерімен бөлініп, сүтке ащы дәм береді; жусан қойдың асқазанында асқорыту процесін жақсартатын дәрі болып саналады.
Жусан шөбі дәрі даярлау үшін фармацевтикалық практикада және тамақ өндірісінде (ликер жасау үшін) кеңінен қолданылады.
Қазтабан гүлдері – Flores Chamomillae. Құрамында эфирлі май және ащы – антемис қышқылы кездеседі. Қазтабан ашқылтым ретінде, сондай-ақ булау, суландыру, жуып шаю үшін қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданылады. Ішке несеп бөлінуі тоқтағанда несеп жүргізу үшін, селкілдеткен шаншу тигенде және ішек қабынғанда тұнба және қайнатынды күйінде беріледі.