Құсық және қақырық түсіргіш заттар
Құсу актысын сопақ мыйда орналасқан құстыру орталығы басқарады; ол орталық тыныс және қантамырларын қозғалтатын орталықтармен, сондай-ақ кезеген нервінің орталығымен байланысты болады.
Дәрілік заттардың қолданып, құстыру орталығын тікелей тітіркендіру арқылы да, сондай-ақ қарын мен ащы ішек кілегей қабықтарын тітіркендіру арқылы да құстыруға болады. Сондықтан құсық түсіргіш заттар нерв орталығы арқылы әсер ететін, рефлекс жолымен әсер ететін және осы екі жолмен бірдей әсер ететін (нерв орталығы мен рефлекс жолы арқылы) заттар болып үш топқа бөлінеді.
Құсу актысы – күрделі процеске жатады. Ол қарынның денсі мен ащы ішекке шектес бөлегінің, диафрагманың (құрсақ көк етінің), құрсақ құрайтын еттердің жыйырылуы нәтижесінен келіп туады, сондай-ақ бұл процесс қан қысымының ұлғаюына, және тыныс алу тоқтауына әкеліп соғады.
Құсар алдында мал лоқсыйды; бұл кезде тыныс жолдарында шырыш шығару көбейіп, ауыздан сілекей ағады, қан қысымы төмендеп, тыныс алу жиілейді; мұнымен бірге қарын және ішек шырындарының секрециясы да күшейеді. Аз дозада құсық түсіргіш заттар тек тыныс жолдарының секреторлық функциясын ғана күшейтеді; сонымен бірге олар шырыштарды сұйылтып, желпуіш эпителийдің және бронх еттерінің қозғалысын қоздырады; осы айтылғандардың бәрі бөлінген шырыштардың ауызға түсіп, ақыр аяғында қақырланып тасталуына әкеліп соғады.
Тітіркендіргіш заттар
Тітіркендіргіш заттар әсер етуіне қарай: тек қана қызартатын (rubefacientia) және қолданғаннан кейін қабынуды күшейтетін, кейде күлбірететін және тіпті іріндететін (vesicantia) заттар болып бөлінеді. Бұл дәрілердің терапевтикалық құндылығы мынада: олар тері нервтерінің ұштарын тітіркендіреді де, орталық нерв жүйесінің қабілеттілігің, жүректің қызметін, тыныс алуды рефлекторлы өзгертеді, қанмен қамтамасыз етілуді, оның айналымын жақсартады, сол тітіркенген жердің және иннервацияны тітіркенген жерден, немесе сол тітіркенген жерге қатысы бар жұлынның сегментінен алатын ішкі органдардың қорегін жақсарта түседі.
. Бұл жағдай ішкі органдар ауырғанда, аурудың бетін қайтару үшін арналмаған дәрі ретінде тітіркендіргіш заттарды қолдануға мүмкіндік береді. Егер тітіркендіргіш заттарды ингаляция жолымен (дәріні буға немесе газға айналдырып иіскетсе) ішке жіберсе, онда тыныс жолындағы кілегейлі қабықтың тітіркенүі жүректің қызметін, тыныс алуды және қан кернеу дәрежесін рефлекторлы өзгертеді, онан соң тітіркену бәсең болса, бұл органдардың қызметін күшейтеді; ал тітіркену күшті болса тыныс алуды уақытша рефлекторлы кідіртеді, жүрек бәсеңдейді және қан кернеуі көтеріледі.
Бұл заттарды терінің астына немесе мускулға жіберсе, сол жердің тітіркенуінен басқа, асептикалық іріндеген жердің пайда болатындығы байқалады; оның іріңі сорылып белок ыдырғанда, протеинотерапияға (арналмаған белокты терапияға) ұқсас резорбтивті әсер етеді.
Қышадәні- Semina Sinapis nigrae. Қышадәнінұнтап, ұсақ, сары, дәмікүйдіргішұнтаққаайналдыруарқылыалынады. Оныңқұрамындасинигрипглюкизидіжәнемирозинферментікездеседі; ферментмирозинжылылықжәнеылғылдыңәсеріненглюкозитіажыратады, мұныңнәтижесіндеқышанаңәсерететіннегізгіэфирліқышамайыбөлінеді.
Скипидар (терпентинмайы) –Oleum Terebinthinae- судаерімейтін, тырнағышдәмді, иісіқарағайдыңиісітәріздітүссізнемесесәлсарғышболыпкелгенсұйықзат; ауадатотығыпкетеді (сарғаяды). Олқылқанжапырақтыағаштардыңшайырынайдауарқылыалынады.
Скипидартазартылған –Oleum Terebinthinae rectificatum жәнетазартылмаған – Oleum Terebinthinae crudum скипидарболыпекігебөлінеді.
Тітіркендіргішәсеріменқатар, оныңбактерицидтык, дезодоризациялық (иістібейтараптайтын), құрттадыөлтірерлік, паразиттердіөлтірерлік, қақырықтүсіргішжәненесепайдағышәсерлерібар.
Достарыңызбен бөлісу: |