Дәріс №1 Кіріспе және негізгі түсініктемелерге анықтаулар


Көміртегі оксиді және монооксид



бет42/45
Дата28.06.2022
өлшемі365,41 Kb.
#147147
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Д ріс №1 Кіріспе ж не негізгі т сініктемелерге аны таулар
шпоры механика, 13 UkM, Строки в python, Каталогг Июля 2022, 1587446007
Көміртегі оксиді және монооксид. Жалпы отын жаққан кезде көміртегінің екі газы түзіледі. Екеуі де ластағыш газдар. Оның бірі көміртегі диоксиді- улы емес, ал монооксид улы болып келеді. Ол адамның қанындағы гемоглабинмен өте тез қосылып зиянды қоспа түзіп, ауру туғызады.
Соңғы жылдары атмосферадағы көміртегі оксидтері тез көбейіп өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесін жылдамдатуда. Нәтижесінде, көміртегі оксиді әрбір 10 жыл сайын 2%-ке өсіп, атмосферада жылу эффектісін туғызады. Ал, жылу эффектісі өз кезегінде жер шары климатының орташа температурасын көтеріп, түрлі экологиялық апаттардың тууына себеп болып отыр. Аталған газдармен қатаң метан, азот оксиді, озон, т.б. газдар күн сәулесін жер бетіне кедергісіз жібергенімен, ал жер бетінен космос кеңістігіне кететін ұзын толқынды жылу сәулелерін өткізбей, көмір қышқылы газдарының қызып, жалпы атмосфера шегінде жылу процесін тездетуде. Мәселен, ХІХ ғасырдың 20- жылдары көмір қышқылы газының атмосферадағы мөлшері 0,029 % болса, ал 90- жылдары -0,035%- ке жетіп, 20%- ке көбейіп отыр. Бұл көрсеткіш БҰҰ-ның зерттеулері бойынша 2000 жылдары 30%-ке жетпек. Ол жағдайда жер шарының орта температурасы 0,1° С-қа, ал 2005 жылдары екі есеге өсе түсетінін дәлелдеген. Осы мәліметтерді компьтерлік жүйе арқылы есептеген жер шарының орташа температурасының өсуі жақын жылдары 1,5-4,5°С-қа жетуі әбден ықтимал.
Жер шарының осылайша жылып кетуі дүниежүзілік мұхиттардың деңгейін 1,5 метрге көтеріп, планетамызда “топан су” қауіпін туғызары сөзсіз.
Мұхиттардың деңгейінің көтерілуі адамзат үшін қауіпті проблема. Міне, осының бәрі жылу эффектісінің әрекет болғандықтан оның жүру механизмін бәріміздің де білгеніміз жөн.
Озондардың жұқаруы”.ХІХ ғасырдың 80- жылдарында атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерде жұқару байқалған. Мәселен, 1987 жылы Антарктида тұсында байқалып озонның мөлшері күрт азайып ол 7 млн. км.² аумақты қамтыған. Ал осы жағдай 1992 жылы Оңтүстік Америка тұсында байқалған.
Осыған байланысты БҰҰ жанынан ғылыми кеңес құрылып “озонның жұқару” себебін зерттеу басталды. Нәтижесінде, оның негізгі көзі-хлорфторкөміртектік қосылыстар екендігі анықталды. Осы химиялық қосылыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға ұшырап, хлор тотығын түзеді.Ол өз кезегінднгі озон молекуласын ыдыратып жойып отырады. Нәтижесінде озонның жұқару процесі басталып, Космостан келетін зиянды ультракүлгін сәулелердің еркін өтуіне жол беріліп, бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төндіреді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша атмосферадағы озонның 1%-ке азаюы қауіпті ісік ауруларын көбейтіп жіберетіні анықталған. Сол сияқты УК сәуленің жерге көбірек өтуі адам баласының иммундық қорғаныс қабілетін кемітіп жұқпалы аурулардың меңдеп кетуіне жол ашатыны дәлелденіп отыр. Осыған орай 1985 жылы озон проблемасын шешу үшін халықаралық Конвенция қабылданды. Оның мақсаты- озон қабатын бүлдіретін заттарды шығаруды тежеу немесе тоқтау. Осы бағытта Ресей мен ТМД елдерінің біріккен ғалымдар ұжымы еңбек етуде.
Қышқыл жауындар – атмосфераға байланысты қазіргі кезеңдегі үлкен проблема. Оның негізгі көздері күкіртті ангидрид пен азот тотығы және азот тетраоксиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет