Дәріс №1 Кіріспе және негізгі түсініктемелерге анықтаулар



бет43/45
Дата28.06.2022
өлшемі365,41 Kb.
#147147
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Д ріс №1 Кіріспе ж не негізгі т сініктемелерге аны таулар
шпоры механика, 13 UkM, Строки в python, Каталогг Июля 2022, 1587446007
Күкіртті ангидридАдам баласы жылу алу үшін көмір мен мазутты жағу кезінде күкірт ангидриді ауаға түседі. Мәселен, 1 млн. тонна көмір жаққан кезде 25 мың тонна күкірт бөлінеді екен. Әрине, күкірт жеке элемент күйінде емес, оның күкірт тотығы ретінде ауаға шығарылады. Осы газ атмосфераға түсіп, оттегімен тотығып әрі су буымен қосылып одан күкірт қышқылы түзіледі. Құрамында қышқыл бар тұмандықтар жауын түрінде биосфераға түсіп қауіпті зиян келтіре бастайды.
Сол сияқты отынды жаққан кезде күкірт қышқылы түзіліп, ауа ағысымен алыс жерлерге жетіп, күтпеген аймақтарда да фауна мен флораға, адам баласына зиян келтіріп отырады.
Азот оксидтері. Азоттың қосылыстары аимосфераға көбінесе ормандардағы өрттерден, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттартөңірегінде жинақталады.Жалпы атмосфераға азот қышқылының 95% көмірді пайдаланғанда бөлінеді. Оның 40% автокөлік, 30% электростанциялар, 20% өндіріс орындарында қазба орындардың үлесіне тиеді. Нәтижесінде, жер шары бойынша жыл сайын атмосфераға 60 млн. тонна азот оксиді шығарылып отырады. Ол одан әрі су буымен реакцияға түсіп, азот қышқылын түзеді. Азот қышқылы табиғатта нитраттарға айналып одан жауын құрамында жер бетіне түседі.Азот қышқылы табиғатта нитраттарға айналып одан жауын құрамында жер бетіне түседі. Нәтижесінде, бүкіл тіршілікке зиянын тигізеді. Адам баласы азот оксидтеріне душар болған жағдайда тыныс жолдарының қабыну, бронхит, ентікпе және өкпе-тыныс жолдарының ауруынан зардап шегеді.
Смог”. Смог ағылшын сөзі, түтін деген мағына білдіреді. Аталған улы түтін өнеркәсіп, басқа да қажеттіктер үшін көмір мен мазутты жаққанда пайда болады. Тұманның 2 типі бар.
Лондандық тұман типі – негізгі көзі көмір мен мазутты пайдаланғанда түзілетін күкіртті газдың атмосферада концетрацияның көбейіп кетуі. Бұл құбылыс Лондан қаласының ауа бассейінде алғаш рет есепке алынған. Мәселен, 1952 жылы ауа бассейінде улы қара тұмандық екі жұма бойы тұрып алған. Нәтижесінде 4000- нан астам адам қаза болған. Осы азапты тарихи оқиғадан Лондон тұрғындары 1873, 1882, 1891, 1948, т.б. жылдары зардап шекті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет