Дәріс №1 Кіріспе және негізгі түсініктемелерге анықтаулар



бет44/45
Дата28.06.2022
өлшемі365,41 Kb.
#147147
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Д ріс №1 Кіріспе ж не негізгі т сініктемелерге аны таулар
шпоры механика, 13 UkM, Строки в python, Каталогг Июля 2022, 1587446007
Фотохимиялық тұман. Атмосфера қабатында азот оксидтері, көмірсулар, озон, күннің радиацияның фотохимиялық реакцияға ұшырауы нәтижесінде пайда болатын улы түтін. Оның Лондондық тұманнан айырмашылығы автокөлік моторларынан шығатын газдарды құрап күндізгі жағдайда улы түтін түзуге бейім келеді. Фотохимиялық тұман алғаш рет 1930 жылдары Лос-Анджелес қаласы үстінде есепке алынған. Одан соң бұл құбылыс Нью-Йорк, Токио, Сеул, Афин, т.б. қалаларда байқалғаны тарихқа мәлім.
Жоғарыдағы фактілер қоршаған ортаның химиялық ластануы түрінде сипат алып, бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр.
Дәріс №13
Экологиялық қауіпті заттар және қалдықтар



  1. Улы қалдықтар.

  2. Зиянды және қауіпті қалдықтардың негізгі cипатталары.

Кіріспе.
Үшінші мыңжылдықтың басы ғылым мен технологияның геометриялық прогрессияға негізделіп дамудың жолында. Сонымен бірге адам қызметінің ең ірі саласы ретінде өнеркәсіп саласы да қарқынды алға басып келеді.Әрине мұндай түрдегі тенденция бүкіл әлемге жайылып дамушы елдердің көбінде таралған. Қазақстан Республикасы бүкіл әлем бойынша ең қуатты өнеркәсіп- тік әлеуеті бар мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл байлықтың бір бөлігі Кеңес Одағы ыдырауы нәтижесінде қалды. Бұл бөліктің аса көп емес болғанына қарамастан Қазақстанның өнеркәсіптік саласы тұрақты және алға басып дамып келеді. Бұл саланың, яғни өнеркәсіп саласының, мінсіз емес болуына байланысты бұл этаптағы технологиялық үрдістер кесірінен қоршаған ортаға жағымсыз факторлар әсер етеді. Жыл сайын бүкіл әлемде, сонымен қатар біздің елімізде, биосфераға миллиардтаған тонна сұйық, газтәрізді, пас-та тәрізді қатты және т.б. қалдықтар түсуде. Осы қалдықтар әсерінен тірі және өлі табиғатқа орны толмас залал келуде. Жаһандық ауқымда өнеркәсіп саласының қалдықтары әсерінен су айналымы және атмосферадағы газдардың балансы бұзылды. Тірі ағзалардың көптеген түрі қауіпті қалдықтардың әсерінен көптеген тірі ағзаларға генетикалық деңгейде қауіп төніп тұр. Сол себептен кйбір ағзалардың мүлде жойылып кету қаупі тұр. Өнеркөсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда тұрмыс қалдықтарынан 20 еседен артық келеді. Агрегатты күйіне байланысты топтастыруда сулы ерітінділер мен шламдарға араласқан (органикалық және анорганикалык), бейтарапты, сілтілі және қышқылды сұйық ерітінділер жатса, сусыздарға пайдаланылған шайырлар, мал мен өсімдік майлары, органикалық еріткіштер жатады. Әр өнеркесіп өндірістері өнім өндіруге ғана назарларын аударып қоймай қор айналымын жүзеге асыратын әдістерге кешсе, қоршаған орта ластанудан қорғалынады. Аз немесе қалдықсыз технологиялық кешендер ұйымдастыру қажеттігі айқын, яғни бір жердің шеңберінен аспайтын қалдықсыз өндірістер емес, калдықсыз өндірістік кешендер туралы сөз көтерілгені орынды. Бұл жағдайда бір өндірістің қалдығы басқа өндіріске шикізат ретінде пайдаланылады.
Жұмыстың мақсаты: қоршаған ортаның өндірістік қатты және сұйық қалдықтармен, соның ішінде мышьяк қосылған қалдықтармен ластану себептерін зерттеп, оларды заманауи әдістермен оларды шешудің тиімді жолдарын және қалдықтырды азайтуда тұрғындардың үлесін арттыру шараларын ұсыну.
1.1. Қалдықтар туралы жалпы түсінік.
Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген проблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтарды қайтадан қолдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапқы минералдарды, электр энергияны үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген заттар мен материалдар қалдықтарға жатқызыла береді, шын мәнінде оларды әртүрлі қажеттілікке немесе басқа өндірістерге шикізат ретінде қолдануға болады. Кезінде Д.И. Менделеев “Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады” деп айтқан. Сонымен қатар, ол озат өнім алуға технологияның басты мақсаты пайдасыздан пайдалы өнім алуға бағытталған болу қажет деп те ескерткен.
Сондықтан, ішінара немесе толығымен қайта өңдеу арқылы қажеттілікке жаратылатын өндіріс пен тұтыну қалдықтарын екінші реттік материалдық ресурс ретінде қарауға болады.
Біздің халық шаруашылығындажыл сайын шығатын қалдықтардың көлемі 1 млрд. тоннадай болады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек біздің елде жиналған сұйық өндіріс қалдықтарының көлемі 10 млрд. тонна шамасында. Табиғи ресурстардың қоры шексіз еместігіне байланысты оларды кешенді түрде пайдалануға ерекше көңіл аударып, атап айтқанда аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияларды жасау және халық шаруашылығының әртүрлі салаларында шикізат базасын қалдықтарды кеңінен пайдалану элементтердің 2-3% ғана алынып 97-98% пайдасыз нәрсе ретінде тасталынады.
Қазақстанның тусті жәнс кара металлургия саласындағы көптеген өнеркәсіптерден бөлініп шығатын газдар күкірт қышқылын алуға шикізат ретінде пайдаланылып келеді. Металлургия өнеркәсіптерінің құрамында күкірті бар газдардан алынған қышқылдың өзіндік кұны, сонымсн катар, 1 т өнімге жүмсалған қаржының үлсс салмағы табиғи шикізаттан өндірілген күкірт қышқылына қарағанда 2 еседей төмен.
Қазіргі кезде Қазақстанда 20 миллиард тоннадан астам қалдықтар, соның ішінде 230 миллион тонна радиоактивті қалдықтар бар. Парламентаридің “Қалдықтар” туралы заңында әр адамға жылына 60 тонна қалдықтар түзіледі деп есептелген. [1]
1.2.Қалдықтардың жіктелуі.
Адам баласының кез-келген шаруашылық іс-әрекеті әртүрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортадағы тепе-тендікке кауіп-қатер тудырады. Кен үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, дала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезендегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты оларды өңдеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрге айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып жатыр.
Ерекше назар аударуға және кідіртпей оңдеуге жататын калдықтарға тұрмыстық қалдықтар жатады, себебі осы қалдыктардың мөлшері мен әртүрлі аурулар эпидемиясының арасында тікелей байланыс бар. АҚШ-та тұрмыстық қатты қалдықтардың 41%-і "айрықша қауіпті" болып топтастырылады, ал Венгрияда " 33,5%-і, Францияда — 6%-і, Ресейде — 10%-і, Ұлыбританияда - 3%-і, Италия меи Жапонияда - 0,3%-і. Жылына Москва қаласынан шығатын тұрмыстық қалдықтың мөлщері 16 млн. м3 , Алматыдан — 3 млн. м3 үстінде. Жылына үлкен қалаларда бір адамға шаққанда жалпы 300 кг тұрмыстық қалдық келеді, оның ішінде азық-түлік калдыктарының жылдық мөлшсрі 80-90 кг. 1 т азық-түлік қалдықтарының құнарлығы орта есеппсн 250 кг дәнді жсм-шөптікіне пара-пар келеді. Ресей ғалымдарының мәліметтеріне сүйенсек, осы мөлшерді жем ретінде мал өсіру саласында пайдаланғанда 45 кг-ға дейін шошқа етін алуға болады. Тұрмыстық қалдықтарды пайдаланбай тастайтын болсақ, онда әртүрлі ауруларды қоздыратын ошақтың көзін ашуымен қатар, біраз жер көлемін пайдасыз жерге айналдырамыз.
Екінші реттік энергоресурстарды тиімді пайдаланудың халықшаруашылық маңызы өте зор. Екінші реттік энергоресурстар дегеніміз тікелей тап осы өндірістің өнімдерінің, қалдықтарының, жанама жөне аралык өнімдерінің энергетикалық потенциалдары. Екінші реттік энергоресурстар 3 топқа бөлінеді: 
1)жанғыштар (Н2, СН4, СО, пеш газдары, май, шайыр целлюлоза және
т.б.); 
2)жылу(бөлінген газдардыкі, өнімдердікі, жанама өнімдердікі,суытылатын судыкі, экзотермиялық реакциялардыкі); 
3) технологиялық аппараттардан шығатын газ бен сұйықтықтардың қысымы.

Екінші реттік энергоресурстар химиялық өндірістің азот күкірт, фосфор, хлор қосылыстарын, соданы шығаратын және мұнай-химия салаларыңда пайдаланылады. Жанғыштар қазандыктарда отын ретінде қолданылады. Бөлінген жылу калдықтарды өндейтін кондырғыларда, жылу айырбастағыштарда кейбір заттарды кыздыруға қолданылады, осы жағдайлармен жылуды тұтыну қажеттілігін төмендетуге болады. Қысым утилизациялык турбиналарда компрессорларды, насостарды, желдеткіштерді жүмыс істетуге қолданылады және электроэнергия алуға пайдаланылады.


Қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша жер қойнынан жыл сайын 100 млрд. тоннаға дейін руда, құрылыс материалдары, отын (4 млрд. т мұнай және газ, 2 млрд. т көмір) беткі қабатқа шығарылып отырылады, шамамен 92 млн. т. минералды тыңайтқыштар мен 2 млн. т. улы химикаттар пайдаланылып, олар да жер бетіне таралады. Атмосфераға 200 млн. тоннаның үстінде көміртек оксиді, 53 млн. тоннадай азот оксидтері, 50 млн. т көмірсутектері, 146 млн. т күкірттің диоксиді, 250 млн. т шаң газ тәрізді қалдық ретінде шығарылады. Ал су қоймаларына жыл сайын орта есеппен 32 млрд. м3 тазаланбаған су, әлемдік мұхиттарға - 10 млн. т дейін мұнай тасталынылады. Осы жағдайларға байланысты қоршаған ортада пайда болған қолайсыз өзгерістер қайтымсыз түрге айналып отыр.
Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркөсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Өнеркөсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда тұрмыс қалдықтарынан 20 еседен артық келеді. Агрегатты күйіне байланысты топтастыруда сулы ерітінділер мен шламдарға араласқан (органикалық және анорганикалык), бейтарапты, сілтілі және қышқылды сұйық ерітінділер жатса, сусыздарға пайдаланылған шайырлар, мал мен өсімдік майлары, органикалық еріткіштер жатады. Әр өнеркесіп өндірістері өнім өндіруге ғана назарларын аударып қоймай қор айналымын жүзеге асыратын әдістерге кешсе, қоршаған орта ластанудан қорғалынады. Аз немесе қалдықсыз технологиялық кешендер ұйымдастыру қажеттігі айқын, яғни бір жердің шеңберінен аспайтын қалдықсыз өндірістер емес, калдықсыз өндірістік кешендер туралы сөз көтерілгені орынды.
Бұл жағдайда бір өндірістің қалдығы басқа өндіріске шикізат ретінде пайдаланылады. Қалдықтар өте көп мөлшерде пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда пайда болады. Қазіргі кезде қолданылатын технологияларға байланысты бастапқы алынған шикізат мөлшерінің 10 пайызы қалдыққа айналып отырады. Осыған байланысты бос жыныстан тұратын таулар пайда болады, көп көлемді сулар ағынға жіберіледі.
Төмендегі 1-ші суреттерде қалдықтардың жалпы және өнеркөсіп қалдықтарының табиғатына қарай жіктелуі берілген.(1-ші сурет). [1]
1-ші сурет. Қалдықтардың жалпы жіктелу.
Өнеркәсіптік қалдықтар химия-физикалық, токсикалық, әртүрлі биологиялық қасиеттері бар күрделі поликомпонентті заттардың қоспалары болып келеді. Қалдықтардың технологиялық шығу тегіне байланысты, химиялық табиғатына байланысты әртүрлі классификациясы болады. Біздің елімізде қайта өңдеу және көмудің шығындарына ба йланысты қауіпті заттар келесі 4 классқа бөлінеді:
Өте қауіпті. Құрамында сынап және оның қосылысы бар, мышьяк,, калий цианиті, сүрме қосылыстары бар қалдықтарды жатқызады.
Жоғары қауіпті. Құрамында хлорлы мыс, мыс сульфаты, қорғасын қосылыстары бар қалдықтарды жатқызады.
Орташа қауіпті. Құрамында қорғасын оксидтері(PbO, PbO2, Pb3O4), никель хлориды, т.б. қосылыстары бар қалдықтары жатады.
Аз қауіпті. Құрамында магний сульфаты, фосфаттар, мырыштың қосылыстары бар заттар жатқызылады.
Қалдықтардың классификациясы келесі белгілер бойынша айқындалады:
қалдық түзілу орны (өндіріс саласына байланысты);
өндіріс циклінің кезеңі;
қалдық түрі;
қоршаған ортаға және адамға зиянды әсері;
қолдану бағыты;
қолданыс эффектісі;
залалсыздандыру технологиясының қаншалықты қарастырылып,
Отандық стандарт бойынша «Зиянды заттар классификациясы және ортақ қауіпсіздік талаптары», барлық өндіріс қалдықтары қауіптілігі бойынша 4 классқа жіктеледі: бірінші классқа – аса қауіпті, екінші классқа – жоғары қауіпті, үшінші классқа – орташа қауіпті, ал төртінші классқа –қауіптілігі аз қалдықтар жатады.
Егер де қалдықтарда сынап, калий хлорқышқылы, үшхлорлы сурьма, мышьяк оксиді және басқа да улы заттар болса, олар бірінші классқа жатқызылады.Хлорлы никель, хлорлы медь болатын болса екінші классқа жатады.
Классификациялардың негізінде орталық жинақтау схемалары жасалады, оларды екінші ретті пайдалануға асыру және ол қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмауы қарастырылады. Барлық қатты өндірістік қалдықтарды 2 түрге бөлеміз :
1. улы қалдықтар
2. улы емес қалдықтар
Улы қалдықтар өзі бірнеше топқа жіктеледі, олардың кейбіреулері төменде көрсетілген:
құрамында мышьягы бар органикалық емес қатты қалдықтар және шламдар, сынабы бар қалдықтар, құрамында: қорғасын, цинк, сурьма, висмут,кобальт және т.б. қалдықтар;
құрамында фосфор және фторы бар қалдықтар мен шламдар, қолданысқа жарамайтын және тыйым салынған пестицидтер;
гальваникалық өндіріс қалдықтары;
мұнайхимия және мұнайөңдеудегі қалдықтар;
хромқұрамды қалдықтар,шламдар,темір карбонильдері бар қалдықтар.
Улы қалдықтарды жиюдың, жинақтаудың, зиянсыздандырудың және көмудің тәсілдері мен тәртібі химиялық заттардың қауіптілік класын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс, сонымен бірге жұмысшылардың қауіпсіздігін, қоршаған территорияның ластануын болдырмауды және қамтамасыз етуі керек.
Құрамында улы заттары бар қатты қалдықтарды қоймада ұстауға, сонымен қатар өндіріс алаңдарында шламды жинағыштарды және шлам жиналуын орналастыруға рұқсат етілмейді. [2]
2.1. Мышьяк туралы жалпы түсінік.
Мышьяк(As) – элементтердің периодтық жүйесінің V тобындағы химиялық элемент.
Атомдық нөмірі - 33. As деген таңбамен белгіленеді. Қарапайым зат болып сынғыш металл болып келеді. Оның аты ерте кезде орыс тілінде тышқан өлтіруге қарсы қолданғандықтан оны Мышьяк деп атап кетті. Оны 1789 жылы А. Л. Лавуазье ашқан. Мышьякқа бай орындар ол – Грузия, Орта Азия, сонымен бірге Қазақстанда , АҚШ, Швеция, Норвегия, Жапония, Канада, Ресейде. Мышьяктың қосылыстары және дара түрінде улы болып келеді. Онымен улынған адам басы аурып, іші өтіп, жүйке жүйесі қозады.
Мышьяк табиғатта бүтін күйінде кездесуі мүмкін, бірақ көп жағдайда қосылыс түрінде кездеседі. Металлмен қосылыстардың ішінде ең маңыздысы арсенид болып табылады. Мышьяктың табиғатта тарағаны соншалық, ол тіпті барлық тау-кен өндірісінен табылатын металлдардың құрамында болады. Сонымен бірге мышьякты толығымен залалсыздандыру мүмкін емес. [7]
2.2. Мышьякты залалсыздандыру жолдары.
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттарының бірі болып қолданыстағы мышьяк қосылған қалдықтарды өндіру бойынша кәсіпорындар негізінде барлық кемшіліктерді ескере отырып жаңа аз қалдықты технологияға көшу болып табылады. Бірақ мүлде қалдықсыз технологияға көшу түбегейлі мүмкін емес, себебі тау-кен шикізаттарында мышьяк, талий, сынап сияқты қалдықтар үнемі кездеседі.
Өте улы қалдықтарды, әсіресе құрамында мышьяк бар қалдықтарды зиянсыздандыру мен көмуге ерекше көңіл аударуға жатады. АҚШ-да түсті металлургияның мышьягы бар қалдықтарды цементпен араластырып су өткізбейтін ыдыстарға орналастырып арнайы полигондарда көмеді.
Мышьяк қосылған қалдықтарды залалсыздандыру мәселесі оған сұраныстың аздығына да байланысты. Сондықтан мышьяк қосылған қалдықтардың көп бөлігі полигондарға немесе көму алаңдарына жіберіледі. Сонымен қатар, мышьякқа сұраныстың аз болу себебінен оны басқа өнімге қосып немесе тиімді өңдеу немесе залалсыздандыру бойынша жаңа технологияларды дамыту және енгізу тәсілдеріне деген қызығушылық өте аз болып келеді. Нәтижесінде өнеркәсіп қалдықтарының 76% мышьяк қосылыстарын қамтитын заттар болып табылады.
Мышьякпен жұмыс істеу металлургиялық өндірістен мышьякты аз улы тұтас өнім түрінде бөліп шығарудың технологиясын әзірлеу мен негіздеуге, яғни оны ұзақ уақыт қауіпсіз сақтауға, жұмыс жағдайын жақсартып, экологиялық жағдайға ауыртпалықты азайтуға, өндіріске күрделі шикізатты тартуға мүмкіндік беретін маңызды мәселеге арналған.
Металлургия өндірісінде арсенпирит пен кальций арсенатын пиритпен сульфидтендіру процесінің негізгі заңдылықтарын ашу мен күрделі кен және техногендік мышьякты шикізаттан мышьякты бөліп шығарудың технологиясын әзірлеу процестің негізі болып табылды.
Мышьяк түсті, ауыр және бағалы металдар шикізатында тұрақты қосылыстардың бірі болып табылады. Табиғи жағдайларда мышьяк 100 минералдан астам қалыптастырады. Мышьякты залалсыздандыру, сақтау және өндірістік циклдан алу әдістері үнемі заманауи талаптарға сай келе бермейді. Қазіргі кезде өндірісте мышьяктан толық тазалаудың тиімді және экономикалық арзан әдісі анықталмаған.
Мышьякты залалсыздандыруда плазмохимиялық технология да қолданылады. Бұл процесс кезінде арсенат-кальцийлі пирит қоспасымен сульфиттендіру мышьякты негізінен сульфидті түрінде 84 - 85 % -ға айдауға мүмкіндік береді. Кектегі мышьяктың бастапқы үлесі 10,8 % болғанымен, күйеде оның қалдықты үлесі 1,0 - 1,1 %-дан аспайды. Мышьяк қосылған қалдықтардың ыдырау дәрежесі 91%, ал кейбір жағдайларда 94%-ға дейін жетеді.
Мышьяк қосылған қалдықтарды тасымалдау үшін арнайы металлдан жасалған контейнерлер дайындалады. Олар қалдықтарды қоршаған ортадан толығымен оқшаулайтын және ұзақ уақытқа сақтауға мүмкіндік беретін контейнерлер болып келеді.
Құрамында мышьяк бар материалдарды сульфидтендіріп күйдіруді зерттеу нәтижелерін тәжірибелік-өндірістік тексеруге және енгізуге ұсынылады. [3]
Мышьякты залалсыздандырудың негізгі тәсілдеріне келесі жұмыстар жатқызылады:
1. Ұсақ дисперсті мышьяк қалдықтарын қарапайым күкіртпен қосу.
2. Мышьяксульфидты қалдықтарды аз мышьякты қалдықтарға айналдыру.
3.Мышьяк қалдықтарын шлактармен қосу.
4. Мышьяк қосылған қалдықтарды залалсыздандырудың бір тәсілі ретінде мышьяк қосылған қалдықтарды арсенатқа айналдыру болып табылады.
Технологиялық арсенат-кальцийлі кекті пирит қоспасымен сульфидтендіру мышьякты негізінен сульфидті түрінде 84 - 85 % -ға айдауға мүмкіндік береді. Кектегі мышьяктың бастапқы үлесі 10,8 % болғанымен, күйеде оның қалдықты үлесі 1,0 - 1,1 %-дан аспайды.
Мышьяк тұздарын залалсыздандыру әдістері:
- қайта өңдеу;
- көму. 
Қазір жаңа мыс өндірісінің құрамында мышьяк бар қалдықтарын металлургиялық өңдеуге қайтарып, металдарды тереңірек айыру мақсатымен Зыряновск тау-кен байыту кешенінің байыту фабрикасында ары қарай қайта өңдеу жоспарланып отыр. Бұл қалдықтардың өңдеудің соңғы кезеңі мышьякты қауіптілігі үшінші сыныпқа жататын аз уытты қоспа - скородитке айналдыруды қарастырады.
Мышьяк қосылған қалдықтарды залалсыздандырудың бір тәсілі ретінде мышьяк қосылған қалдықтарды арсенатқа айналдыру болып табылады.
Мышьякты залалсыздандырудың тиімді бірақ күрделі жолдарының бірі жолдарының мышьякты таза күйінде алу болып табылады. Бұл тәсілдің күрделілігі оның экономикалық тұрғыдан тиімсіздігі болып табылады.
Қазақстан аудандарындағы түсті металлургия кәсіпорындарындағы мышьяк қалдықтарының анализі металлургиялық өндіріс сатысында мышьяктың негізгі негізгі бөлігі екінші классты өнімдермен бірге шығатынын көрсетті. Сонымен бірге мышьяктың көп бөлігі(шамамен 25%) қауымдасқан кәсіпорындарға әртүрлі өндірістік өнімдер түрінде беріледі. Соның арқасында зауыттар арасында үздіксіз өнім айналысы жүреді. Бұл кезде зауыттарда технико-экономикалық байланыс тұрақтанады.
Сонымен қатар, мышьякқа сұраныстың аз болу себебінен оны басқа өнімге қосып немесе тиімді өңдеу немесе залалсыздандыру бойынша жаңа технологияларды дамыту және енгізу тәсілдеріне деген қызығушылық өте аз болып келеді. Нәтижесінде өнеркәсіп қалдықтарының 76% мышьяк қосылыстарын қамтитын заттар болып табылады.
Бірақ ұсынылып отырған тәсілдерді аяғына дейін жеткізу үшін жартылай өндірістік сынақтарды және нығайтылған лабораториялық зерттеулерді жүргізу керек.
Металлургиялық үрдісте мышьяк қосылған қалдықтарды қайта өндіруді іс жүзінде енгізу Қазақстанда өзекті мәселе болып табылатын жоғарғы токсикалық қалдықтардың шығарылымын төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар, өндіруші кәсіпорындар өнімдерінің ассортиментінің кеңеюіне, қосымша табыс табуға, ал тұтынушыға сапалы және қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін тауар алуға жол ашады.[3]
2.3. “Қазмырыш” ЖШС мышьякты залалсыздандыру және көму бойынша шаралар.
«Қазмырыш» ЖШС ҚР үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына кіретін «Жаңа металлургия» жобасы шеңберінде мыс зауытын салып, іске қосты, ол дайын өнім түрінде катодты мыс алуға мүмкіндік береді. Мыс зауыты іске қосылғанға дейін металлургиялық өңдеу кезінде түзілетін, құрамында мышьяк бар қалдықтар өңделмей, қауіптілігі екінші сыныпты қалдықтар ретінде Өскемен металлургия кешенінде арнайы құрылған полигонда сақталып келді», - делінген мониторинг тобының түсініктемесінде, ҚазТАГ-қа жолданған хатқа топтың төрағасы Е. Сәлімов қол қойған.
Ал қазір жаңа мыс өндірісінің құрамында мышьяк бар қалдықтарын металлургиялық өңдеуге қайтарып, металдарды тереңірек айыру мақсатымен Зыряновск тау-кен байыту кешенінің байыту фабрикасында ары қарай қайта өңдеу жоспарланып отыр. Бұл қалдықтардың өңдеудің соңғы кезеңі мышьякты қауіптілігі үшінші сыныпқа жататын аз уытты қоспа - скородитке айналдыруды қарастырады.
Осыған байланысты «Қазмырыш» скородитті көму үшін полигон орналастырып, құрудың әдісін тапты. Алдын ал схемаға сәйкес, компания Зыряновск кен байыту комбинатының қауіптілігі бірінші сыныпты полигонын пайдалануды жоспарлаған болатын.
«Скородитті жұмыс істеп тұрған байыту фабрикасының қалдықтар қоймасында орналастыру жолының тиімді экономикалық нұсқасы бойынша бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ғылыми мекемелері оң қорытынды берген. 2011 жылдың 15 мамырындағы қоғамдық тыңдаулардың хаттамасына «Құрамында мышьяк бар қалдықтарды көмудің қоршаған ортаға әсері рұқсат етілген шамада деп бағаланды. Қоршаған ортаға әсерін бағалаумен жоба әзірлеу жалғатырып жатыр», - делінген ұсынылған материалда.
Металлургиялық үрдісте мышьяк қосылған қалдықтарды қайта өндіруді іс жұзінде енгізу Қазақстанда өзекті мәселе болып табылатын жоғарғы токсикалық қалдықтардың шығарылымын төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар, өндіруші кәсіпорындар өнімдерінің ассортиментінің кеңеюіне, қосымша табыс табуға, ал тұтынушыға сапалы және қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін тауар алуға жол ашады.
Бұдан басқа, скородитті қоймалаудың (пайдаланудың) басқа жолдары іздестірілді, ал үстіміздегі жылдың маусым айынан бастап үш жолы назарға алынды: скородитті Малевский кенішінің қуыстарын толтыру қоспасына пайдалану (бетон-құю кешені арқылы; бұл кеніш Зыряновск қаласынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан); скородитті Малевский кенішінің өнеркәсіп алаңындағы арнайы қоймаларға орналастыру, скородитті Греховский кенішінің өңделген тау жыныстарына орналастыру.
«Біздің және «Қазмырыш» ЖШС-інің пікірінше, жоғарыда аталған үш жолдың бәрі экологиялық тұрғыдан жақсы болып табылады. Барлығына технико-экономикалық жобалар жасалған соң біреуі немесе бірнешеуінің үйлесімі таңдалады. Бірақ байыту фабрикасының қалдықтар қоймасында сақтау жолына оралмаймыз деп нық сеніммен айтуға болады», - делінген ҚМТ хатында.
Бұрын хабарланғандай, «Қазмырыштың» Зыряновск қоқыс қоймасына құрамында мышьяк бар қалдықтарды көму бойынша жобасының жүзеге асырылуына қоғамдық мониторинг тобының мүшелері ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстандағы департаментіне аталған жобаны жүзеге асыруға жол бермеуге шақырып, үндеу жолдады. “Қоршаған орта Мониторингінің” тобының пікірінше, «Қазмырыш» жүзеге асыратын жоба «Зыряновск ауданы үшін де, Бұқтырма өзені мен Бұқтырма су қоймасынан төмен орналасқан аумақтарға да қауіпті, демек Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне де қауіп төндіреді».
Мұның алдында Зыряновск тұрғындары президент Нұрсұлтан Назарбаевтың және премьер-министр Кәрім Мәсімовтың атына үндеу жолдап, оның астына 7 мыңнан аса адам қол қойған. Азаматтар ел басшылығынан қаланың аумағына «Қазмырыштың» құрамында мышьяк бар 14 мың тонна қалдықтарын көмуге жол бермеуді өтінген. Сондай-ақ, зыряндықтар жергілікті халықтың арасында ауруға шалдығу мен өлім-жітім көрсеткіші жоғары екенін, бұған экологияның нашарлығы себеп екенін жеткізген. [4]
2.4. Құрамында мышьяк бар өндірістік қалдықтарды көму.
Қоғамдық мониторинг тобының айтуынша “Казцинк” ЖШС Зырян қаласындағы қоймаларында мышьяк қосылған қалдықтарды көму қоршаған ортаға зиянды әсері шектеулі деп бағаланады.
Қазіргі кезде Зырян тау-кен байыту кешенінің байту фабрикасында металлдарды қайта қалпына келтіру мақсатымен мышьяк қосылған қалдықтарды метталлургиялық айналымға қайта жіберу көзделіп отыр.
Осыған орай, «Қазмырыш» мышьяк қосылған қалдықтарды орналастыру нұсқасын және көмуге арналған полигонды құруды әзірледі. Ұсынылып отырған қоймаландыру нұсқасы бойынша Зырян тау-кен байыту кешенінің байту фабрикасындағы бірінші класты қалдықтарды көму полигонында мышьяк қосылған калдықтарды көму көзделіп отыр.
Өскемен қаласында мыс зауыты іске қосылғаннан бастап мышьяк қосылған қалдықтардың көлемі өсе бастады. Жүктемелі концентраттардың үштен екісі Зырян қаласынан шығады. Бұл тәсілдің күрделілігі оның экономикалық тұрғыдан тиімсіздігі болып табылады.
Бұл концентраттардың құрамында 30% мышьяк бар. Сондықтан Зырянның тау-кен байту кешенінде құрамында мышьяк қалдықтарын 2-ші қауіптілік класстан 4-ші қауіптілік класына дейін төмендету жоспары алға қойылып тұр.
Зырян тау-кен байыту кешенінің директоры Владимир Фильшиннің айтуынша: - 2015 жылдың сәуір айына дейін Зырян қаласының маңындағы тазалау құрылыстарының картасында сақталған мышьяк қалдықтарын қаладан шығарып қайта өңдеуге жіберу керек. Мышьяк қосылған қалдықтарды қайта өңдеудің мәні олардың шайылуын азайтуды қамтамасыз ету. – Шайылу қаупін іс жүзінде нөлге дейін төмендету үшін осы аймақта қалдықтарды цементпен 1:10 қатынасымен (10% цемент 90%қалдықтар) араластырып Семей ядролық полигонының маңында көмеді. [5]
Өндірілген мышьяктың шамамен 98% таза күйінде қолданылмайды. Ал оның қосылыстары әртүрлі өндіріс салаларында кеңінен қолданыста болады. Бұл қосылыстарды кабельдерды және қорғасын аккумуляторларының беріктігін арттыру үшін қолданылады.
Полигондарды орналастыру үшін тұрғын үй, құрылыс нысандарынан аулақ, жақсы желденіп, су баспайтын жерде болу керек. Полигон айналасында 3000м-ден кем емес жерде санитарлы-қорғаныс зонасы ұйымдастырылу қажет.
Полигон кем дегенде 200м ауылшаруашылық нысандарынан, транзиттік магистральдарынан, орман массивтерінен 50м алшақ орналастырылады.
2.5. Құрамында мышьягы бар қалдықтарды көму бойынша полигондарды орналастыру.
Көму орындары бас транспорт магистралінен алшақ болмай және сол магистральмен жолдар жақсы байланыстырылуы қажет.
Алаңдардың жетіспеушілігіне байланысты үлкен қалалардың маңайында қайта жүктеу станцияларын ұйымдастыру арқылы азайтуға мүмкіндік бар. Ол жерде қалдықтар іріктеледі, бөлшектенеді және түрлері бойынша жинақталады. Бұл әдіс қалдықтардың көлемін азайтады және алшақ полигондарға тасымалдап көмуге мүмкіндік береді.
Полигондардың учаскесі нашар фильтрленетін грунттармен орналастырылады (сары топырақ, сланцы,сугликок және т.б.), олардың фильтрация коэффициенті 0,00001 см/с аспауы шарт. Грунттық сулар деңгейі олардың жоғары көтерілуі мөлшері көмілген қалдықтардан кем дегенде 2м-ден төмен болу керек.(Ережеге сәйкес, 7-15м)
Полигондарды орналастыруға рұқсат етілмейтін жағдайлар:
пайдалы қазбалар қорына жақын аумақта,құзырлы органдардың рұқсатынсыз;
активті карст зоналарында;
қар, лай көшкіні қауіптілігі бар және сель ағымдары бар жерлерде;
ауыз су қоры бар зона;
санитарлы демалу курорттарының маңайында;
көгалданған жасыл қала зоналарында;
ормандар, демалу орындарында;
органикалық және радиоактивті қалдықтармен ластанған аумақтарда .
Полигондардың қуаттылығы бір жыл ішінде қабылданған улы қалдықтар мөлшерімен (мың.т.) айқындалады. Қалдықтардың мөлшері олардың көмілетін контейнерлердің массасымен қоса алынады.
Өнеркәсіптік мышьяк қалдықтарды көмуге арналған полигондарды ұйымдастырғанда мынаған назар аудару керек:
дұрыс таңдалған алаң:
керекті инженерлік ғимараттарды қарастыру;
қалдықтарды толтыру реттілігі;
қоршаған орта мониторингі:
биогаздың түзілуін, жинақталуын, тасымалдауын қадағалануы;
фильтраттың түзілуін, жинақталуын және жоюлуын бақылау.
Мышьяк қосылған өнеркәсіптік қалдықтарын көму учаскелерінің территориясы арнайы жабдықталған картамен белгіленеді, онда улы өнеркәсіптік қалдықтар класс бойнша жіктеледі және қосымша ғимарттар мен үймереттер қарастырылады.
Қазіргі жаңа заман талабына сәйкес, өндіріс қалдықтарын көму келесі жеке инженерлік ғимарттармен жабдықталуы керек, олар:
тығыз минералды қабаттар мен жасанда материалдар қосындысы(комбинация);
жол айрықтар(проезды);
ағып өтетін судың жинақталу және тазалану ғимарттары;
сілтіленетін газды утильдеу және жинау ғимараттары;
рекультивация көмегімен ландшафтарды қорғау ғимараттары.
Өнеркәсіптік мышьяк қалдықтарды көму учаскесінің негізгі конструкциялық элементі болып:
- герметик қаптама;
- қорғаныс қабат қаптамасы;
- полимерді пленкалы материалдар(полиэтилен);
- асфальтбетон жабындылары;
- топырақты бентонитпен күшейту жатады. [6]
3. Мышьякпен улануды емдеу және алдын алу.
Құрамында мышьяк бар шаң тәрізді қосылыстармен жұмыс істеген кезде респираторларды, қорғаныс көзілдіріктерін, резеңкелі қолғаптар қолдану керек, сонымен бірге жұмыс атқарып біткен соң жуынып, арнайы киімді және жеке бас қорғау құралдарын тазалау керек. Мышьяк қосылыстарының улылығы оның химиялық, физикалық түрлеріне байланысты. Сіңірілген мышьяк мөлшері адамдардың шашында байқалуы мүмкін. Ауыз судағы 0,2 мглмышьяктың шоғырлануы терінің қауіпті ісігі дамуына 5 % әсер етеді. Мышьяк суда мышьяктың немесе мышьякты қышқылдардың тұздары түрінде кездеседі. Мышьякпен уланудың алдын алу үшін ерекше көңіл мышьякпен және мышьяк қосылыстарымен жұмыс істейтін жұмысшыларды мезгіл сайын диспансерлік қаралудан өткізу керек.
Медициналық қаралымды жылына 2 рет невропатологтың қатысуымен өткізу керек.
Ауырған адамды интоксикациядан мышьяк препараттарымен емдеу шараларының нәтижесі мыналарды қамтиды: шокты жою, өкпе қабынуын болдырмау, қан ағымын, аритмияны тоқтату және т.б. нәтижелерді қамтиды.
Ас қорыту жолдарынан мышьякты жоюдың оптимальды тәсілдерінің бірі болып ішекті шаю болып табылады.Сонымен бірге мышьяк тіс емдеу саласында да кеңінен қолданылады. Оны кариесі бар адамға уақытша залалсыздандырғыш ретінде қолданылады.
Мышьяк дәрігерлермен медицинада бұрыннан және табысты лейкемияны емдеуге қолданылады. Бірақ мышьякты ұзақ уақыт пайдалану рак ауруларының басқа да формаларын қоздырушы болады. Сонымен бірге жұмыс атқарып біткен соң жуынып, арнайы киімді және жеке бас қорғау құралдарын тазалау керек. Мышьяктың механизмін одан ары зерттеу оның рак ауруларын емдеудің жаңа тәсілдерін ашуға жол береді. [8]
Қорытынды.
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық прогресспен қатар өнеркәсіп саласы да қарқынды дамып келеді. Соның ішінде тау-кен металлургия саласы өнеркәсіп саласында алғашқы қатарда көрінеді. Жыл сайын бүкіл әлемде металлургия саласында жаңалықтар, инновациялар ашылып жатыр. Сонымен қатар металлургия саласының дамуы салдарынан қоршаған ортаға орны толмас залал келуде. Әлемдік ғалымдар бұл мәселені шешу үшін жаңа тәсілдерді қолданғанмен қоршаған ортаны толығымен қорғау мүмкін емес.
Елімізде металлургия саласының даму деңгейі жоғары болып тұр. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысы ерекше орын алады. Бұл облыс Қазақстан өнеркәсібінің “жүрегі” деуге де болады. Осында қорғасын, мырыш, күміс, алтын, мыс, титан, тантал, магний, кадмий, теллур және т.б. металлдарды өндіру және өңдеу Өскемен, Риддер, Зырян, Шемонайха, Глубокий, Белоусовка және т.б. өнеркәсіп орталықтарымен тау-кен өндіру және қайта өңдеу түсті металлургиясының дамуына мүмкіндігін берді. Сондай-ақ, облыста ірі машинажасау зауыттар, жеңіл, орман, қайта өңдеу, ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі иен құрылыс индустриясының кәсіпорындары жинақталған.
Шығыс Қазақстанда кәсіпорындар көп шоғырланғандықтан олардан шығатын қалдықтар да көп мөлшерде болады. Зауыттардан шығатын қалдықтар қоршаған ортаға және адамға қауіпті болып келеді. Қауіпті заттардың ішінде 2-ші класс қалдықтарына жататын мышьяк және оның қосындылары қауіп төндіреді.
Аталған жобаның негізгі міндеті мышьяк қосылған қалдықтарды залалсыздандыру және көму шараларын ұйымдастыру болып табылады. Бұл жобада мышьякты залалсыздандыру үшін тиімді шаралар ұсынылып отыр.
Жоба негізіне “Қазмырыш” ЖШС және оның Риддер, Зырян қалаларындағы филиалдары алынған. Жобада осы кәсіпорындардың атқарушы тұлғаларымен болған сұхбаттасу да енгізілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет