Қан топтары. Жарақаттанып қаны азайған адамға қан құйып, ағып кеткен қанның орнын толтырады. Эритроциттердің желімденуін Прага университетінің профессоры Ян Янский ашты. Ол адам қанында эритроциттің мембранасында 2 түрлі А және В агглютиноген, ал плазмада а және b агглютинин желімдейтін болатынын анықтады. А- агглютиногені бар эритроцитті плазмалық - агглютинин жабыстырса, В агглютиногені бар эритроциттерді - агглютинин жабыстырады. Қан араластырған кезде аттас агглютиноген мен агглютинин бір-бірімен кездес қалса, эритроциттер бір-бірімен желімденіп, үйме-агрегат құрады. Желімделген эритроцит жарылып, оның ішіндегі гемоглобин плазмаға шығып, сөйтіп осыдан эритроцит гемолизге ұшырайды. Осыған сәйкес адамның қанын 4 топқа бөледі.
І топтағы қанын барлық қан топтарына құюға болады, ал IV топқа қай топтың болсын құюға болады. Қаны І топқа жататын адамды әмбебап донор, IV топты әмбебап реципиент деп атайды.
Қан топтарының комбинациясы:
І (0) – ab;
II (A) – Ab;
III (B) – Ba;
IV (AB).
1940 жылы Ландштейнер және Винер макака маймылдың қанынан ерекше белокты табады, оны резус-фактор деп атайды. Белок эритроцитте болады. Оны Rh (резус) әрпімен белгілейді. Адамдардың 85 % -да Rh+, ал 15 % Rh- болады. Резус-фактор тұқым қуалайды және өмір бойына өзгермейді. Қан құйғанда қан топтары сияқты Резус-фактор да қатаң есепке алынады, себебі, бұл кезде Rh — Hr агглютиногендер жүйесінде арнайы антидене түзіледі; организмге антигенді қайталап құйғанда, “антиген — антидене” реакциясы пайда болуы мүмкін, ал бұл организмнің қалыпты қызметін бұзады. Мысалы, қанының Rh оң реципиентке теріс Rh бар қан құйылса, гемотрансфузия реакция (адамның денесі қалтырайды, температурасы көтеріледі, белі ауырады) жүреді. Ал жүктілік жағдайында, ананың Rh-фактор теріс болып, құрсақтағы нәрестенің Rh-факторы оң болса, иммундық өзгеріс болуы мүмкін. Бұл құрсақтағы нәрестенің өліміне әкеліп, әйел түсік тастайды, мұны Rh-конфликт деп атайды. Егер мұндай жағдайда әйел аман-есен босанса да, кейін жаңа туған сәби тұқым қуалайтын қан ауруына шалдығады. Жүкті әйелдерде Rh-конфликт болмау үшін оларға антирезус-гамма-глобулин егіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |