Дәріс тақырыбы: Мал сою технологиясы мен гигиенасы Қарастырылатын сұрақтар



бет14/34
Дата07.02.2022
өлшемі291,46 Kb.
#94288
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34
Байланысты:
каз касапхана
влияние пробиотиков, АБ и растения на бактерии рыб, Мухит Нуржан 9 апта

Келесі жұмыс орнында алдыңғы аяқтардың терісі алынып, бақайы кесіледі. Сонан соң ақ сызық арқылы кесілген терінің құрсақ, бауыр, төс терілері біршама ажыратылады да терінің қалғаны механизмдердің күшімен ажыратуға жіберіледі. Ол үшін алдыңғы аяқтар қадаға шынжыр арқылы мықтап бекітіліп, теріні арнаулы механизм күшімен сыпырады.Теріні механикалық жолмен сыпырудың жұмысты жеңілдетумен қатар гигиеналық та маңызы бар. Сонымен қатар әсіресе семіз малдың терісін сыпырғанда ет, май кетуі мүмкін.Сондықтан бұл кезде теріні сыпыру барысын бақылап, қажет кезде пышақтың көмегімен теріні ажыратып тұрады. Теріні сыпыруды жеңілдету үшін кейде малды бауыздағаннан кейін тері астына ауа үрлеу де қолданылады. Жалпы алғанда теріні сыпыруда, оның бүлінбеуі ет, майдың теріге кетпеуі, жыртылмауы үшін еттілік қажет. Сыпырылған тері, тері тұздау бөліміне жіберіледі. Мал денесі конвейермен әрі қарай ұқсатуға түседі. Келесі операция денеден ішек-қарын, өкпе-бауырды алу (нутровка).Ішкі мүшелерді алу мал бауыздалғаннан кейін 45 мин ішінде жүргізілуі тиіс. Ол үшін алдымен төс сүйек араланып өңешті кеңірдектен ажыратады, шатты бөліп, желін немесе ен бөлек алынады. Жұмысты жеңілдету үшін артқы аяқтар керіледі. Сонан соң ақжолмен шаттан бастап төске дейінгі көк ет кесіледі Қарынды жауып тұрған іш майды ішкі мүшелерге жабысып тұрған жерінен пышақтың көмегімен босатып, бөлек жиналады. Ол салқын суға салынып, ыдыс толғаннан кейін (оған 2 сағаттан артық уақыт кетпеу керек) май цехына жіберіледі. Сонан кейін тік ішектің омыртқамен байланысын кесіп шығарады. Енді ішек-қарынды талақпен бірге малдәрігерлік сараптау жүргізу үшін жылжымалы транспортерге түсіреді.

  • Келесі жұмыс орнында алдыңғы аяқтардың терісі алынып, бақайы кесіледі. Сонан соң ақ сызық арқылы кесілген терінің құрсақ, бауыр, төс терілері біршама ажыратылады да терінің қалғаны механизмдердің күшімен ажыратуға жіберіледі. Ол үшін алдыңғы аяқтар қадаға шынжыр арқылы мықтап бекітіліп, теріні арнаулы механизм күшімен сыпырады.Теріні механикалық жолмен сыпырудың жұмысты жеңілдетумен қатар гигиеналық та маңызы бар. Сонымен қатар әсіресе семіз малдың терісін сыпырғанда ет, май кетуі мүмкін.Сондықтан бұл кезде теріні сыпыру барысын бақылап, қажет кезде пышақтың көмегімен теріні ажыратып тұрады. Теріні сыпыруды жеңілдету үшін кейде малды бауыздағаннан кейін тері астына ауа үрлеу де қолданылады. Жалпы алғанда теріні сыпыруда, оның бүлінбеуі ет, майдың теріге кетпеуі, жыртылмауы үшін еттілік қажет. Сыпырылған тері, тері тұздау бөліміне жіберіледі. Мал денесі конвейермен әрі қарай ұқсатуға түседі. Келесі операция денеден ішек-қарын, өкпе-бауырды алу (нутровка).Ішкі мүшелерді алу мал бауыздалғаннан кейін 45 мин ішінде жүргізілуі тиіс. Ол үшін алдымен төс сүйек араланып өңешті кеңірдектен ажыратады, шатты бөліп, желін немесе ен бөлек алынады. Жұмысты жеңілдету үшін артқы аяқтар керіледі. Сонан соң ақжолмен шаттан бастап төске дейінгі көк ет кесіледі Қарынды жауып тұрған іш майды ішкі мүшелерге жабысып тұрған жерінен пышақтың көмегімен босатып, бөлек жиналады. Ол салқын суға салынып, ыдыс толғаннан кейін (оған 2 сағаттан артық уақыт кетпеу керек) май цехына жіберіледі. Сонан кейін тік ішектің омыртқамен байланысын кесіп шығарады. Енді ішек-қарынды талақпен бірге малдәрігерлік сараптау жүргізу үшін жылжымалы транспортерге түсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет