Дәріс тақырыбы: Оқыту әдістері мен тәсілдері srsp орындаған: Абдиуалиева Анар жоспар: жоспар


Кіріспе әңгімелесудің мақсаты: оқушылардың оқып үйрену барысында бұрын алған немесе өздігінен игерген білімін еске түсіру, соның негізінде балаларды жаңа материалды қабылдауға әзірлеу



бет6/7
Дата23.05.2022
өлшемі40,07 Kb.
#144716
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс тақырыбы Оқыту әдістері мен тәсілдері srsp орындаған Абд-melimde.com (1)
КТЖ. 15.05, 2 сынып матем өзіңді тексер

Кіріспе әңгімелесудің мақсаты: оқушылардың оқып үйрену барысында бұрын алған немесе өздігінен игерген білімін еске түсіру, соның негізінде балаларды жаңа материалды қабылдауға әзірлеу.


  • Кіріспе әңгімелесудің мақсаты: оқушылардың оқып үйрену барысында бұрын алған немесе өздігінен игерген білімін еске түсіру, соның негізінде балаларды жаңа материалды қабылдауға әзірлеу.

  • - Қазір жылдың қай мезгілі?

  • - Күз айларын атаңдар.

  • - Күзде қандай өзгешеліктер болады?

  • Құстар - біздің қанатты достарымыз. Олар табиғат сақшылары. Егістіктің, бау бақшаның ағаштардың сенімді серігі. Олар: тоқылдақ, үкі, қарлығаш, қара торғай, бұлбұл, шымшық, сондықтан оларды «табиғат тазалықшысы» деп атайды. Қазақстанда құстардың 480 түрі бар. Осы құстардың көбі күз түскенде қайда кетеді?

  • - Жылы жақ қайда екенін білесіңдер ме?

  • - Ерте кезде құстар суық түссе, жерді тастап, айға кетеді деген ұғым болған. Қазір сақина тағу арқылы құстардың (Қазақстан құстарының) Африкаға, теңіздіңжағалауына ұшып барып қыстайтыны анықталды.

  • (Кіріспе әңгімеден кейін тақырыпты түсіндіру). Кіріспе әңгімелесу тақырыпты немесе тарауды оқып үйренудің алғашқы кезінде өткізіледі.

  • ә) Жаңа білімді хабарлау. Мұғалім оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, белгілі мақсатта ойластырылған сұрақтар жүйесінің жәрдемімен оларды қажетті қортынды жасауға және жинақтауға жетелейді. Табиғаттағы жеке объектілер мен құбылыстар арасындағы байланыс пен заңдылықты анықтауға көмектеседі. Мұндай әңгімелесу барысында ең алдымен мұғалім оқытылатын табиғи объектілер мен құбылыстардағы елеулі белгілерді, заңдылықтарды қарастыруы керек. Бастауыш сынып оқушылары көбірек салыстырып, ұқсастығымен айырмашылығын анықтауда оқылатын мате-риалды жақсы қабылдап, олардың ойлау қызметі белсендірек жұмыс істейтін болады.

5. Дүниетану сабақтарында «Әңгіме».


  • Әңгіме — бұл нақтылы материалды жүйелі баяндау немесе табиғи объектінің не табиғат құбылыстарының біреуін сипаттау. Мұғалімдер көбінесе материал оқушыларға онша таныс болмаған жағдайда әңгімені қолданады. Мұғалімнің әңгімесі оқушылардың материалмен ретті, жүйелі түрде танысуына мүмкіндік береді, оларды дұрыс және логикалық ойлауға үйретеді.

  • Әңгіме ғылыми жағынан дұрыс болу керек. Мұғалім балаларға қандай болмасын бір білім туралы айтқанға дейін оқулықта жазылғандарды талдап және толықтырып, мағлұматтардың дұрыстығын оқулыққа сәйкес келетін анықтама кітабынан алдын ала қарап, тексеріп алады.

  • Әңгіме балалар түсінігіне жеңіл де, қарапайым болуы керек. Мұғалім балалармен сөйлесу арқылы тілдің барынша қарапайым және түсінуге жеңіл болуын қамтамасыз етеді, егер мұғалім материалды нақтылы түсінбесе, онда ол білімді оқушылардың санасына толық жеткізе алмайды.

  • Әңгіме айқын, көркем, сезімге әсер ететіндей болуы керек. Әсерлі әңгімені балалар жақсы түсінеді, есінде ұзақ уақыт сақтайды.

  • Сабаққа дайындалғанда мұғалім қажымай-талмай өз бетінше ұзақ іздену керек, көркем шығармалардан үзінді оқуды қосу керек.

  • Әңгіме міндетті түрде көрнекі құралдарды: суреттер, макеттер, кестелер, компьютерлік технология пайдалану арқылы жүргізіледі.

  • Әңгімені тәжірибемен қатар жүргізуге немесе тәжірибені алдын ала көрсетуге де болады.

  • Әңгіменің ұзақтығы І-ІІ сыныптарда 8-10 минут, ІІІ-ІV сыныптарда 10-15 минут.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет