Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1,2 дәріс Тақырып: Психологияға кіріспе. Психологиядағы әдістерді жіктеу



бет28/62
Дата15.02.2023
өлшемі0,91 Mb.
#168810
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ . Психология (электив) (1)

3. Іс-әрекет түрлері.
Іс-әрекеттің үш түрін бөліп көрсетуге болады: ойын, оқу және еңбек.
Мектепке барғанға дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі, түрі - ойын. Оқушы іс- әрекетінің жетекші түрі - оқу, epeceк адамдардікі - еңбек.
Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Пайдасыз болып көрінетін қажетті іс-әрекет. Психология үшін ойын өте қиын әрі маңызды проблема болды. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мысалы, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір- бірімен өзара қарым-қатынас жасайды.
Ойын арқылы бала өз қажетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Кейбір шетел психологтары ойыңды көбінесе санасыз инстинктерге балайды. Мәселен, олардың бірі - жануар төлі мен адам баласының ойынының арасындағы айырмашылықты жоққа шығарса (К.Гросс), екіншілері ойын баланың артық энергиясын сыртқа шығаратын тәсіл дейді (Г.Спенсер), ал үшінші біреулері - ойынды жай рахат табудың бір көзі (К.Бюлер) деп қарайды.
Ойын өзінің табиғатына орай бала тұлғасын қалыптастыратын тарихи қаланған әлеуметтік механизм және әдіс болып табылады.Л.С.Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин және басқада ғалымдардың еңбектерінен ойынның адамның даму барысында маңыздылығын көруге болады. Қазіргі уақытта балалар ойынының теориясы саласында ғылыми тұрғыдан қарастырылатын көптеген зерттеу жұмыстар бар. Авторлардың бірі ойынды адам өмірімен тығыз байланысты құбылыс ретінде қарастырады, Спенсер, Холл, Гросс, басқалары ойынның психологиялық астары мен оның бала дамуындағы маңызына назар аударады.
Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин мектебінің бір қатар зерттеушілері ойынның баланың жалпы психикалық дамуына, жекелеп алғанда, оның ерікті мінез-құлқының мотивациялық-қажеттіліктік, танымдық саласына тигізетін елеулі маңызын көрсетті.
Баланың ойын әрекеті сөйлеуді меңгерумен тығыз байланыста дамиды. Кішкентай бала (1-2 жас) зат болмаса әрекетті көрсете алмайды, бірақ оның сөйлеуінің дамуына байланысты мұндай әрекеттердің болуы мүмкін.
Баланың жасы өсумен қатар, ойнайтын ойынының мазмұны да өзгеріп отыратыны белгілі. Мәселен, бір жастағы бөбектердің ойыны манипуляциялық (сыртынан ұстап көріп, тарсылдату деген мағынада) сипатта болса, балалар бақшасыңдағы балалар сюжеттік ойындармен айналысады. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар, айналасыңдағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың қиялын, ойлауын, сөйлеуін дамьпу үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар.
Осы ойындардың бір жақсы жері сол, балаға секіру, лақтыру, қарғу, өрмелеу сияқты атрибуттарды үйретіп қана қоймай, адалдық, шыншылдық, принциптілік секілді адамгершілік қасиетгерге баулиды. Бастауыш мектеп мұғалімдері бала ойындарына дұрыс жегекшілік көрсету арқылы оның денесін ғана шынықтырып қоймай, онда жақсы психологиялық қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Оқу. Оқу - іс-әрекетінің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде менгеру. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу.
Оқу мыналардан құралады: қоршаған заттар мен құбылыстардың ерекшеліктері туралы ақпаратты меңгеру (білім); іс-әрекеттің негізгі түрлерін құрайтын амалдар мен операциялар (бейімділік); іс-әрекет мақсаттары мен жағдайларына сәйкес амалдар мен операцияларды дұрыс таңдау үшін, көрсетілген ақпаратты пайдалану әдістерін меңгеру (икемділік). Сонымен, оқу жайлы адамның әрекеттерін саналы мақсат басқарған кезде ғана айтуға болады. Саналы мотивтердің болуы - оқудың маңызды алғы шарты.
Психолог П.Я.Гальперин өзінің "Ақыл-ой әрекетінін сатылап қалыптасу" теориясында бала мәселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдық әрекеттерді (затты ұстап көру, тұрқын, көлемін ажырату, шамамен өлшеу, т.б.) пайдаланады, сосын оның бейнесін елестетеді. Содан соң дауыстап және іштен айта алатын болады, сөйтіп сыртқы заттық әрекеті біртіндеп ішкі ой әрекетіне айналады дейді.
Оқу әрекетінің өзіне тән мотивтері (себептері) болады. Тәрбиеші, не оқитын адамның өзіне осы мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін аса қажет. Баланың жасы өскен сайын психикасы да өсетіндіктен, оның оқуға деген қатынасы да (мотивтері) өзгеріп отырады. Мәселен, жоғары сынып оқушыларының оқу мотивтері бастауыш мектептегілерден басқаша болады. Білім игеру үлкен саналылықты, өз бетімен жұмыс істеп үйренуді, өз мінез-құлқын меңгеруді керек етеді. Бала не үшін оқитындығын бар сана сезімімен ұғынғанша, оған оқудағы формализмнен (мәнін түсінбей құрғақ жаттап алу, өмірмен байланыстыра алмау т.б құтылу қиын болады.
Мектепте оқу процесінде оқу мотиві қалыптасып, өзгеріп отырады. Ол төменгі сынып оқушыларындағы қарапайым мотивтен бастап, жоғарғы сынып оқушыларында парыз сезіміне дейін көтеріледі. Алғашқы жылдары балалар үйде ата-аналары ұрыспауы үшін, жақсы баға алу үшін оқиды. Орта мектепте пәндерге саралай карау дамиды. Осыған орай ғылым мәселелерін білуге құмарлық, жеткіншектің танымдық қажетін қанағаттандырарлықтай білім алу мотиві пайда болады. Мінез-құлықтық жоғары сатылы реттеушісі болып табылатын парыз бен арды қалыптастыру, оқу мотивінің сферасына жоғары адамгершіліктік сезімдерді қосады.
Еңбек. Еңбек жалпы психологиялық емес, әлеуметтік категория. Ол өзінің негізгі қоғамдық заңдылықтары бойынша психологияның емес, қоғамдық ғылымдардың пәні. Еңбек іс-әрекетінің психологиялық жағының ерекшелігі: еңбек өзінің объективтік қоғамдық мәні бойынша, қоғамға пайдалы өнімді жасауға бағытталған іс-әрекет болып саналады. Адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын барлық заттарды бір адам ғана өндірмейді, сондықтан адамның іс-әрекетінің мотиві болып оның әрекетінің өнімі емес, басқа адамдар іс-әрекетінің өнімі, қоғамдық іс-әрекеттің өнімі саналады. Еңбекте еңбек техникасы ғана емес, адамның еңбекке қатынасы да маңызды болады.
Еңбек дегеніміз - адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбек өнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам өмір сүріп отырған өндірістік қатынастар жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек әрекетіне көзқарас пен еңбек мотивін қалыптастырады.
Еңбекте адамның қабілеті мен мінез-құлқы жалпы жеке басының қасиеті ашылып, қалыптасады. Өндіріс еңбеккер алдына іске тек творчестволықпен қарағанда ғана шешуге болатын көптеген проблемалық ситуациялар мен міндеттер қояды. Еңбек өнімділігіне әсер ететін жайларды зерттеу - өндіріс процесінде адамға әсер етпейтін факторлардың жоқ екенін көрсетті. Бөлме қабырғаларының түсі, жұмыс орнын ұйымдастыру, жұмыстағы еңбек ету және үзіліс режимі, еңбектес жолдастармен қарым-қатынас т.б. осы сияқты факторлардың бәрі еңбек өңімділігіне тікелей әсер етеді. Осының бәрі жиналып адамнын жұмыстағы көңіл күйін құрайды, оның еңбекте күш жұмсауын жеңілдетеді немесе керісінше қиындатады.
Біздің елімізде қол жеткен техникадық процеске орай мұғалім еңбегінің ерекшеліктері және оның біліміне, икемділігіне, дағдыларына деген талаптар едәуір өзгерді. Бұқаралық коммуникация құралдарының (интеренет, баспасөз, радио, кино, теледидар) кең тарауы оқушылардың мектептен тыс жерде білімнің барлық саласынан мол хабардар болуына жағдай жасады. Мұғалім қазіргі күні кешеге дейін болғанындай, оқушыға бірден-бір хабар таратушы. Мұғалім еңбегіне қоятын талап бұрынғыдан гөрі жоғарьлай түсті. Ғылымның барлық саласы нақтылы материалдармен шапшаң толығып жатқан шақта мұғалім өз білімін үнемі көтеріп отыруға мәжбүр болады. Оқу және тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарау жас ұрпақты табысты оқытудың қажетті шартына айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет